Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет9/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   205
Акмеология

16
17
ретінде, əмбебап феномен ретінде қарастырылады (А. А. Бодалев, 
А. А. Деркач, В. Т. Ганжин). Ересек адамның дамуы туралы ғылым 
ретінде пайда болып, акмеология (Б. Г. Ананьев) таным əдістері 
мен пəннің саралануы бар ғылымдар жүйесіне айналды: білім беру 
акмеологиясы (Н. В. Кузьмина, А. М. Зимичев жəне т.б.), кəсіби даму 
акмеологиясы (Н. В. Кузьмина, А. А. Деркач, А. А. Реан, С. Ф. Эхов 
жəне т.б.), спорт акмеологиясы (И. П. Волков), мектеп акмеологиясы
(В. Н. Максимова, Н. Е. Кузнецов, Н. М. Полетаева жəне т.б.), 
синергетикалық (В. П. Бранский, С. Д. Пожарский жəне т.б.). 
Акмеология 
саласында 1990-жылдардағы 
зерттеулердің 
жандануы, жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына əкелді: 
жалпы жəне басқарушы акмеология (О.С. Анисимов, А.А. Деркач, 
В.П. Ситников жəне т.б.), олар адамның іс-əрекетіндегі шыңға 
жету жетістіктерінің жалпы заңдылықтарын жəне олардың басқару 
қызметі мен мəнсапқа енуін зерттейді, педагогикалық акмеология 
(Н.В. Кузьмина, А.А.Реан, Ю.А. Гагин, Н.Ф. Вишнякова жəне т.б.), 
ол ересек адамның кəсіби іс-əрекетіндегі шыңның (акме) көріністері 
ретінде кəсібиліктің жəне креативтіліктің объективті жəне 
субъективті факторларын жəне осы факторлар қалыптасатын өнімді 
педагогикалық жүйелерді модельдеудің шарттарын айқындайды. 
Oтандық ғалымдар Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, С.Т. Кар-
гин, А.Қ. Рысбаева, Қ.К. Жампейісова болашақ мамандарды 
дайындаудағы біртұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен 
практикасы мəселесінің əртүрлі аспектілерін зерттеу нысанына 
алған.
Oсы аталған ұстанымдар жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
жағдайында рухани-адамгершіліктік жəне интеллектуалдық дамуын 
интеграциялауда басты назарға алынуы тиіс. A.А. Бейсенбаеваның 
еңбектеріндегі негізгі түйінді ойлар жоғары оқу орны мен одан 
кейінгі білім беруде болашақ маманның тұлғалық сапаларын 
қалыптастыру мəселесін ізгіліктілің идеясына бағындыру жəне 
гуманистік қасиеттерді білім мазмұны арқылы оқу құралдарының 
тəрбиелік компоненті арқылы жүзеге асыру болып табылады. 
Болашақ маманды кəсіби еңбекке дайындау олардың тұлғалық, 
зияткерлік жəне кəсіби маңызды қасиеттерін, шығармашылық 
қабілеттері мен құзырлылықтарын дамытумен анықталынады.
Жоғарыда аталған зерттеушілер оқу үрдісіндегі əртүрлі 
педагогикалық жағдайлардағы бірнеше өкілдердің креативтілігін 
дамыту мəселелерін (мұғалім, оқытушы, оқушы, бала жəне т.б.) 
қарастырды.
– оқу үрдісіне қатысушылардың екіжақты сипаты əсері негізінде 
оқытушы мен білімгердің бірлескен іс-əрекеті арқылы (Т. Сабыров, 
Н. Хмель, Б.А. Оспанова); 
– креативтілік іс-əрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік 
жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы 
(А.А. Əбілхасымова, А. Мустояпова);
– іс-əрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама 
білімдерді енгізу арқылы (Ш.Т. Таубаева);
Педагогикалық акмеология білім беру акмеологиясы болып қайта 
құрылды, оның міндеті ретінде білім беру үдерісінің субъектілерін іс-
əрекеттің алуан түрлі саласында адамның шығармашылық əлеуетін 
жетістікпен жүзеге асырудың теориясы мен технологиясымен 
қаруландыру алынады.
Акме феноменінің əмбебаптығын тану немесе мойындау, білім 
беру акмеологиясының мəнін үздіксіз білім берудің əрбір сатысында 
жəне жас кезеңінде адамның, ересек адамның жəне өскелең ұрпақтың 
біртұтас дамуындағы шыңдарға жетудің заңдылықтары туралы 
ғылым ретінде түсіндіруді негіздейді. Білім берудегі акмеологиялық 
тұғыр, білім беру ортасында адамның өзін-өзі жетілдіруіне, оның 
дамуына, ересек адамның жəне өскелең ұрпақтың бір шыңнан 
екінші шыңға жетуіне деген қозғалысына, оның кемелденуінің, 
шығармашылығы мен денсаулығының алуан түрлі деңгейіндегі 
акмеге жетуіне бағытталған. Акмеологиялық тұғыр білім беруді 
ізгіліктендіру идеясын нақтылайды жəне тəрбиенің қазіргі заманғы 
идеологиясының негізін құрайды. 
Акмеология білім беру жүйесі жағдайында ересек адамның 
жəне өскелең ұрпақтың біртұтас дамуындағы жоғары жетістіктерге 
бағдарлайтын теориялық-əдіснамалық тұғыр ретінде болады. 
Акмеологиялық тұғыр қамтиды: 
1) білім беру ортасында өскелең ұрпақты жəне ересек адамды 
индивид, тұлға, даралық жəне өмір сүру субъектісі ретінде біртұтас 
зерттеу; 
2) жетістік мотивациясы үшін педагогикалық шарттарды құру
білім беру үдерісінің субъектілерінің жетістіктерге деген қажеттілі-
гін өзектілеу, олардың жоғары нəтижелерге, шығармашылыққа деген 
ұмтылысы; 
3) шығармашылық қайта құрушы іс-əрекетті вариативті білім 
беру кеңістігі ретінде ұйымдастыру, əрбір даралықтың интеллекту-
алды жəне шығармашылық əлеуетін ұйымдастыру; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет