10
11
1-модуль. Акмеология ғылым ретінде
1.1 Акмеологияның ғылым ретіндегі пəні жəне міндеттері.
Пайда болуы, қалыптасуы жəне дамуы. Акмеологияның адам
жəне қоғам туралы ғылымдармен байланысы
Тақырыптың негізгі ұғымдары: акмеология, пəн, акме,
педагогикалық акмеология, акмеологиялық тұғыр.
Ғылым – оның пəнін, заңдылықтарын, зерттелетін заңдылықтар-
ға ену үдерісін қамтамасыз ететін, ғылымдағы ұғымдар мен əдістер
жүйесін сипаттайтын жүйені анықтаудан басталады. Акмеология
ғылымы пəнінің қоғам сияқты ұзақ тарихы бар. Адамзат мəдениеті –
кемелденген адамдардың шығармашылық нəтижесі.
Акмеологияның пəні ретінде, кең мағынасында, адамның өз
дамуында жетістіктерге жетуінің, өзін-өзі жүзеге асырудың оңтайлы
жолдарына жетелейтін, адамды индивид, даралық, еңбек субъектісі,
кəсіптегі, қарым-қатынастағы тұлға ретінде жетілдіру үдерістері,
оның заңдылықтары мен механизмдері алынады. Бұл ең алдымен,
кемелденген тұлғаның үдемелі, ілгері дамуына ықпал ететін,
жоғары тұлғалық-кəсіби жетістіктерге əсер ететін заңдылықтар,
механизмдер, жағдайлар мен факторлар болып саналады. Тар
мағынасында, акмеологияның пəні ретінде, өзіндік ұйымдасу мен
өзін-өзі түзету, өзіндік білім алудың алуан түрлі аясында өзін-өзі
жүзеге асырудың, кемелденген тұлғаның өзін-өзі дамытуының жəне
өзін-өзі жетілдірудің заңдылықтарын іздеу алынады.
Акмеологияның мақсаты – адамды жетілдіру, оған дене, рухани-
адамгершілік жəне кəсіби дамуда шыңға жетуге көмек беру, аталған
дамуды ізгіліктендіру.
Акмеологияның нысаны – өзінің дамуында жоғары жетістіктерге
жететін жəне кəсіби іс-əрекетте өзін-өзі жүзеге асыра алатын, ілгері
дамушы кемелденген тұлға.
Кезінде Б. Г. Ананьев белгілеп көрсеткен қазіргі кездегі акмео-
логия пəні аса ауқымды болды, бұл үрдіс қазір де жалғасып келеді.
Акмеологияның нысандық өрісін кеңейтуге ұмтылыстар жасалуда.
Бұл өз кезегінде, жүргізілген акмеологиялық зерттеулер мен
акмеологиялық тəжірибенің, қазіргі заманғы акмеологияның
тек онтопсихологиялық аспектіге тірелмейтінін көрнекі түрде
дəлелдейді. Сондықтан ғылымның пəнін жəне нысанын анықтау
мəліметтері, аталған уақыттық кезеңде оның қалыптасуының
белгілі дəрежесін көрсетеді. Мазмұнды қатынаста акмеологияны
кемелденген тұлғаның ілгері дамуы туралы ғылымның мəніне
сүйенетін болса, олар аса тар ауқымда болады. Акмеологиялық
білімнің жинақталу шамасына, нысандық өрісінің кеңеюіне, алынған
эмпирикалық деректерді жалпылауға, акмеологияның теориялық-
əдіснамалық негіздерін дамытуға байланысты, акмеологияның
пəні мен нысанының ғылыми мазмұны нақтыланатын болады.
Акмеологияның пəндік аясының дамуы оның аспектілерін
күшейтуді есепке алып, жүзеге асырылатын болады: онтологиялық,
гносеологиялық, əлеуметтанушы, мəдениеттану, аксиологиялық,
этикалық, діни, тұрмыстық жəне т.б. Оған акмеологтардың
теориялық зерттеулері бағытталатын болады.
Акмеологияның пəні мен нысанының өзгешелігі, оның ғылым
ретінде дамуының қазіргі сатысындағы өзекті, басты міндеттерде
көрініс тапты. Оларды атап өтейік.
Міндеттердің бірінші тобы, АКМЕ феноменологиясын ғылыми
тұрғыда қарастырумен, акмеологияның теориялық-əдіснамалық
негіздерін əрі қарай құрастырумен, оның мəртебесін, ғылымдар
жүйесіндегі орнын сипаттаумен, АКМЕ сандық жəне сапалық
анықтамаларын айқындаумен байланысты. Соңғысы АКМЕ-ге жету
үдерісін мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Міндеттердің екінші тобы, АКМЕ жетістіктерінің жалпы
жəне жеке заңдылықтарын зерттеуге, индивид, іс-əрекет субъектісі,
тұлға ретінде аса жоғары жетістіктерге жеткен адамдардың жалпы
белгілерін зерттеуге бағытталған. Сонымен бірге, жалпыны
айқындау, міндетті түрде кəсіби іс-əрекеттің нақты түріне тəн
ерекшені талдаумен, жеке индивидке тəн бірегейлі талдаумен
қамтамасыз етіледі.
Міндеттердің үшінші тобы, АКМЕ-ге қозғалысқа жəне даму-
дағы шыңға жетуге ықпал ететін немесе кедергі келтіретін жағдай-
лар мен факторларды (кең мағынасында) анықтауға бағытталған.
Мұнда субъективті факторларды іздеуге жəне жүйелеуге, отбасы
тəрбиесінің рөлін талдауға, тұлғалық жəне кəсіби стандарттар мен
эталондарға, кəсіпқойлар мен кəсібилікке ерекше назар аудару қажет.
Міндеттердің төртінші тобы, тұлғаның дамуымен жəне
өзіндік акмеологиялық зерттеу əдістерін құрастырумен байланысты.
|