196
197
нақты жағдайлардағы белсенділік сипатын анықтайды. Бұл
тəжірибенің құрамы жəне құрылымы, əрбір адам үшін алуан түрлі,
сондықтан адамдар өздерінің танымдық мүмкіндіктері бойынша
айрықшаланады. Бұдан басқа, адамдар темпераменті, когнитивті
стильдері, басым болатын биоритмдері, психо-əлеуметтік типтері
бойынша айрықшаланады.
Ақпарат күрделі субстанция болып табылады, оны əрбір адам
жеке қабілеттеріне, психологиялық ерекшеліктеріне, ойлаудың
даму деңгейіне жəне т.б. байланысты қабылдайды. Қазіргі жағдайда
адамның білімі бірыңғай арнайы тезаурусқа сүйенбеуі керек, ол
алуан түрлі пікірлер, тұғырлар, идеяларға сүйенуі керек, ең алдымен,
тұлғалық, когнитивті жəне əдіснамалық дағдыларға, сыни бағалау
қабілеті, алынған ақпараттың алуан түрлерін салыстыру қабілетіне
сүйенуі керек.
Сондықтан білім беру ортасының əрбір білімгер үшін ақпарат-
тық тұрғыда толыққанды болуы үшін, көпдеңгейлі, ауқымды, шексіз
болуы керек.
Осылайша, білімгердің тұлғасын дамытудың өзара байланысқан
екі аспектісі болады:
1. білімгердің интеллектуалды іс-əрекетінің тиімділігін себепті-
салдарлы байланыстарды талдау, салыстыру, жалпылау қабілетін
қалыптастыру, аталған байланыстарды есепке алу, өз білімін зерттеу,
жүйелеу, өзіндік көзқарасын негіздеу, жаңа идеяларды туындату
қабілеті есебінен арттыру;
2. əрбір білімгердің жеке өзіндік бейнесінің дара танымдық
бейімділіктерді, биоритмдерді, психо-əлеуметтік типтерді, ког-
нитивті стильдерді, оқу материалын іріктеудегі таңдамалылықты
есепке алу негізінде өсуі.
Оқытудың белгілі формалары мен əдістерінің тиімділігінің
өлшемі ретінде, білім, білік жəне дағдыларды меңгерудің дəрежесін
есепке алатын көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге білімгерлердің
шығармашылық
қабілеттерін,
руханилығын,
интеллектісін
дамытудың əртүрлі қырларын сипаттайтын белгілі тұлғалық
сапалардың қалыптасу көрсеткіштері болуы қажет. Соған сəйкес
бағалау біршамалы үдерістен, тұлғаны дамытудың ерекшеліктерін
аса толыққанды ескеретін күрделі, көпшамалы, көпқырлы үдеріске
айналады.
Кемелденген тұлғада келесі базалық құрамдастар айқындалады:
1. құндылық; бұл адам үшін өміріндегі басты нəрсе тұрғысынан
сипаттайтын тұлғаның орталық базалық негізі; құндылықты
тұлғаның белгілі сыртқы бағыттылығы мен адамның өзі туралы
ұғымдарының (өзіндік бағалау) бірлігімен сипатталады; креативті
білім беру ортасы тұлғаның іс-əрекетті, тұлғалық қатынастарды
жəне танымды барынша өзін-өзі жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
құндылықтың базалық үш типін дамытуға ықпал етуі керек;
2. жауапкершілік (бақылаудың ішкі жəне сыртқы локусы); жоға-
ры жауапкершілік білім беру жауапкершілігі мүмкін болмайтын,
білім беру ортасының еркіндік жəне автономиялық дəрежесін
білдіреді;
3.өзін-өзі дамыту; бұл мəні бойынша «адамды құрудың»
психологиялық механизмі; бұл таным жəне даму кеңістігінде өзін-өзі
анықтау, өзіндік қозғалыс, өзіндік бақылау, өзін-өзі жүзеге асыруға
ұмтылыс, мəдениетті байытудың қайнар көзі жəне оның өнімі;
адамның əлеуетті шексіздігі өзін-өзі дамытудың үздіксіз сипатын
анықтайды, ал өзін-өзі дамытуға деген қабілет тұлғаны біртұтас
дамытудың дəрежесін анықтайды;
4. өзін жəне басқаларды қабылдауға диспозициялық төзімділік,
мейірімді қатынас, конструктивті диалогқа, өзара түсіністікке
даярлық; аталған құрамдастарға байланыс, жауапкершілік, бірге
қатысу дəрежесі, бірге толғану жəне «бірге қуану» шеберлігі, өзін
басқа адамдармен теңдестіру қабілеті жатуы мүмкін;
5. ішкі бірлік, тұтастық; аталған базалық құрамдас адамның тұл-
ға құқығына ие болатын «белгілердің өзгеше жиынтығы», даралық,
сапалы өзіндік бейнесін қамтамасыз ететін интегралды немесе жүйе
құраушы құрамдас болып табылады.
Білім беру ортасының тиімділігін бағалаудың өлшемдерінің
алуан түрлі болуы, тəжірибеде бағалаушы функцияны жүзеге
асырудағы қиындықтарды туындатуы мүмкін. Сондықтан тұлғаның
тереңдігіне, көп компоненттілігіне жəне шексіздігіне қарамастан,
тиімділіктің бір интегралды өлшемін шығару жатады, ол білім беру
ортасының жеке бағдарлануының деңгейі ретінде, тұлғаның өзін-өзі
жүзеге асыру мен өзін-өзі дамыту үшін жағдайлармен қамтамасыз
ету дəрежесі ретінде көрінуі мүмкін.
Инновациялық технологиялар негізінде білім беру ортасында,
білімгерлердің креативтілігін дамытуға ерекше назар аударылуы
керек. Мұнда креативтілік тұлғаның бірегей жəне пайдалы ой-
|