Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет100/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   205
Акмеология

194
195
Ұйымдастырушылық-басқарушы 
компонент 
үшін 
келесі 
заңдылықтар 
негізделген: 
кəсіпқойдың 
деңгейінің 
жəне 
қарқындылығының өзара тəуелділігі; ортаның толықтыруы
тұлғаның тұтастығын қолдайтын субъектілі жəне объектілі мазмұн-
ды қатынастағы таңдамалы қабілет. 
Когнитивті-креативті компонент үшін, кəсіпқойдың интеллект-
уалды əлеуеті мен интеллектуалды капиталының көпдеңгейлі 
байланысының, шығармашылық ойлау мен интерналдықтың 
деңгейлерінің корреляциялық-интегралды көрсеткіштерінің кері 
байланысының, кəсіпқойдың өзіндік ұйымдасуының ресурсы 
ретінде креативтілікті көрсетудің (тұлғалық жəне орта ресурстарын 
қолдану, мінез-құлықтың орта ақпаратындағы басымдылығы жəне 
т.б.) заңдылықтары көрсетіледі. 
Интеллектуалды белсенділіктің негізгі көрсеткіштері болып 
саналатындар: а) креативті ойлаудың белгілі типіне сəйкес келетін 
өзінің қабілеттерін дербес жүзеге асыру; б) өзінің қабілеттерін көрсе-
ту қажеттілігі; в) индивидтің қызығушылықтарын белсендіретін 
жəне интеллектуалды белсенділіктің мотивтерін қалыптастыратын, 
еңбек мотивациясының фирмаішілік механизмін қабылдау. 
Қазіргі кезде əрбір адам өзінің интеллектуалды жəне 
шығармашылық өсуіне ықпал ететін жағдайларды объективті талап 
етеді. Мұндай жағдайлар ақпараттық жəне телекоммуникациялық 
технологияларды кең қолдану есебінен, дараландырудың барынша 
дəрежесін қамтамасыз ететін, креативті білім беру ортасында 
құрылуы мүмкін. Аталған орта əрбір білімгерге жеке білім 
алу траекториясын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер ұсынады 
(модератор, серіктес рөлінде болатын педагогпен өзара əрекетте 
немесе өз бетімен). Білімгердің білім беру ортасындағы білімінің 
мазмұны, қарым-қатынас тəсілдері, нақты адамның ерекшеліктеріне 
барынша сəйкес құрылуы керек, онда тұлғаның интеллектуалды 
дамуының шынайы психологиялық механизмдері, əрбір білімгердің 
ментальды тəжірибесі жəне когнитивті стилі есепке алынады. 
Ортаны акмеологияландырудың жетістігі, оның оқытушыға 
бағыттылығымен, оқытушы мен студенттің ортаны ұйымдастыруды 
қабылдаудың бірдейлігімен анықталады. Рефлексияның өзіндік 
зерттеумен арақатынасы (А. А. Деркач), қайта құрушы түрдегі 
акмеологиялық ортада рефлексивті жəне əлеуметтік-перцептивті 
компоненттің барынша түйісуін анықтады, онда кеңістік шартты 
түрде «жабық» деп сипатталады, ортамен өзара əрекеттің құнды-
лығын саналы ұғыну жүзеге асады. Сабақтың барысында ортамен 
белсенді өзара əрекеттің көрсеткішінің динамикасы, оқытушының 
ортаны қайта құрудағы жетекші рөлі туралы тактикалық-
стратегиялық заңдылықты көрсетті. 
Өзіндік акмеологиялық заңдылықтар шартты түрде айқындалған 
(тұлғалық-кəсіби дамумен байланысты), себебі талдау өрісі 
жағдайлар мен факторлардың күрделі жиынтығының əрекетін жəне 
локальды əрекеттерді біріктіреді. Нəтижелі ашықтық заңдылығы, 
кəсіпқойдың жəне акмеологиялық ортаның өзара əрекетінің 
кумулятивті əсерін қамтиды. 
Жоғары мектеп жағдайында акмеологиялық тұғырды табысты 
жүзеге асыру үшін, білім беру үдерісінің қатысушыларынан барлық
үдерістерді өзара байланыста қарастыру қабілеті; мəселені көру 
жəне оны шешудің жолдарын табу, əрекеттің нəтижелерін талдау 
қабілеті; қол жеткізілген нəтижеде тұрып қалмау, үнемі өзіндік 
жетілдіру қабілеті талап етіледі. 
Ортаға бағдарланған тұғыр оқытушының іс-əрекетіндегі тіректі, 
білімгердің тұлғасына белсенді педагогикалық əсер етуден, «білім 
беру ортасын» қалыптастыру саласына алмастыруға мүмкіндік 
береді, онда білімгердің өзіндік оқытуы мен өзіндік дамуы жүзеге 
асады. Білім беруді осылай ұйымдастыруда, білімгердің ортамен 
өзара əрекетіндегі ішкі белсенділік механизмдері қосылады. 
Тұлға ортаның мүмкіндіктерін көбірек жəне толыққанды 
қолданатын болса, оның еркін жəне белсенді өзіндік дамуы аса 
сəтті өтеді: адам бір мезгілде өз ортасының өнімі жəне құрушысы 
болады, орта адамға өмір сүру үшін физикалық негіз болады, 
оның интеллектуалды, моральды, қоғамдық жəне рухани дамуына 
мүмкіндік береді. 
Тұлғаның өзіндік дамуының қозғаушы күштері ретінде, 
ішкі қарама-қайшылықтар алынады, сондықтан білім беру 
ортасы белгісіздіктің біршама дəрежесі бар, білімгерге өзіндік 
детерминация, өзіндік даму механизмдерін «қосуға» мүмкіндік 
беретін, амбивалентті бағалаудан тұратын білім беру жағдаятымен 
«толықтырылуы» қажет. 
Тұлғаның өзіндік дамуы, көп жағдайда білім беру ортасын 
дараландыру дəрежесіне байланысты болады. Кез келген адам 
өзіндік ментальды тəжірибесімен «толықтырылған», ол тұлғаның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет