208
209
3-модуль. Кəсіби акмеологияда креативтілікті
дамытудың психологиялық негіздері
3.1 Кəсіби шығармашылықты қалыптастырудың акмео-
логиялық мəселелері
Тақырыптың негізгі ұғымдары: акмеология, акмеологиялық
білім, кəсіби акмеология, креативтілік,
шығармашылық, кəсіби
шығармашылық, субъектілік, акмеологиялық даярлық, өзін-өзі
жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту.
Үздіксіз кəсіби білім берудің
интегративті ашық дамушы
жүйесі, қазіргі жағдайда білім беру саласында ғана емес, сонымен
бірге қоғам өмірінің көптеген басқа салаларында сұранысқа ие
болатын, арнайы бейінді, психологиялық-педагогикалық,
жалпы
ғылыми, жалпы мəдени пəндер саласында іргелі білімді меңгерген
мамандарды даярлаудың бірегей феномені болып табылады.
Университет студентінің меңгеретін жүйелі психологиялық-
педагогикалық білімінің пəндік жəне қайта құрушы күші болады,
ол белгілі жағдайда оны меңгерген адамның «даралыққа жетуінің»
ішкі механизмдерін, тұлғалық жəне кəсіби өзін-өзі жүзеге асырудың
əлеуетін ашуды «қосады».
Алайда, тəжірибе көрсеткендей, бұл жоғары кəсіби білім беру
жүйесінің
басымдылығы, қазіргі кезде əрдайым жəне толыққанды
дəрежеде қолданыла бермейді.
Білім беру саласындағы мамандардың сапасы, оның кəсіби-
педагогикалық іс-əрекеттің функцияларын тиімді орындау қабілетін
сипаттап қоймайды (білімгерлерді оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту-
мен байланысты типтік жəне стандартты емес мəселелер мен
міндеттерді шешу), сонымен бірге іс-əрекеттің алуан түрлерінде
кəсібиліктің шыңдарына жетудің маңызды
факторы ретінде өзінің
даралығын белсенді «құруды» сипаттайды.
Акмеология зерттеудің пəнаралық саласы ретінде, ересек адам-
ның балалық шақ пен жастық шақпен салыстырғанда, оның басты
ерекшелігін – кəсібилікте кемелдікке жетуді (ақыл-ой, азаматтық,
еңбек) жəне кəсіби іс-əрекеттің алуан түрлерінде шығармашылық
қабілеттерінің өркендеуін зерттейді.
Психологиядағы жəне акмеологиядағы кəсіби шығармашылық
мəселесі дəстүрлі түрде тұлғаның шығармашылығымен жəне
креативтілігімен байланысты қарастырылады.
Шығармашылық
жəне креативтілік мəселесі акмеологиялық зерттеулерде кəсіби
іс-əрекеттің жəне тұлғаның өмір сүруінің үдерістерін жəне ме-
ханизмдерін жетілдіруді зерттеу контексінде қарастырылады (Б.Г.
Ананьев, О.С. Анисимов, Н.Ф. Вишнякова, А.А. Деркач, Е.А. Кли-
мов, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, И.Н. Семенов, С.Ю. Степанов).
Креативтілікті дамыту үдерісін оңтайландырудың акмеологиялық
шарттары мен факторларын зерттеуде, креативтілікті дамытудағы
басты рөлді акмеологиялық ортаның арнайы ұйымдастырған өзін-
өзі дамыту үдерістері атқарады.
Білім
беру
ортасы
тұлғалық-кəсіби
ілгері
дамушы
мүмкіндіктерден тыс қарастырыла алмайды. Жоғары кəсіби
білім
беру жүйесінен өтіп, адам ғылымды жəне болашақ кəсіби іс-
əрекеттің бірқатар тəжірибесін қарапайым қабылдамауы керек, ол
өзінің əлемді қабылдаудағы жəне əлемге қатынасында көпдеңгейлі
жəне көпқырлы бағыттылықты меңгеруі, санада келесі деңгейлерде
көрініс беретін өзіндік болмысының мəні мен құндылықтары туралы
сенімділігін қабылдауы қажет: жалпы деңгей (адамзатқа қатынас),
ерекше деңгей (өзіндік отанына қатынас); бірегей деңгей (нəтижелі
түрде өзін-өзі жүзеге асыру), яғни мұндай адамның санасындағы
əлемнің бейнесі түйіскен, айқындалған мəндер арқылы көрсетілген.
Білім беру мекемесінің шекарасынан шығып,
мұндай адам жеке
өндірістік салада жоғары білікті маман болу мақсатын ғана
қоймайды, сонымен бірге өз Отанын қайта жаңғырту үшін пайдалы
болуды мақсат етіп қояды.
Жоғары оқу орынының қызметі болашақ педагогты кəсіби
əрекетке мақсатты даярлаумен қоса педагогикалық шығармашылық
қызметке əзір болуға дайындаумен тікелей астасып жатуы тиіс.
Ол болашақ мұғалімнің жалпы мəдени, əдіснамалық, əдістемелік
пəндерді меңгеру арқылы қамтамасыз етіледі. Мамандықты меңгеру
барысында олардың ішкі ашылмаған мүмкіндіктері іске қосылып,
жаңашыл педагог болуға қажетті таланттары, қабілеттері жетіледі.
Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер қатарына болашақ педагогтардың
кəсіби дарындылығын дамыту мəселесіне арналған.
Л.М. Нəрікбаева, болашақ маманның біліктілігін, шығармашылық
əлеуетін дамытуды қарастырған Б.А. Тұрғынбаева еңбектерді
жатқызамыз.
Соңғысының пікірінше, педагогика маманы АКМЕ