210
211
жағдайға бірден жоғарылай қоймайды. Ол алдымен шеберлік,
кəсібилік, құзырлылық сияқты сатылардан өтуі тиіс. Бұл ойлар
біздің зерттеуіміздің пропедевтикалық бағыттылығын айқындайды.
Aкмеологиялық тұрғыдағы кəсіби əрекетке дайын маман бойында
болуға тиісті тұлғалық қасиеттердің міндетті минимумына мына
төмендегілер жатқызылады: өзге адамды оң қабылдау; серіктесті
белсенді эмпатиялық тұрғысынан қабылдау; өз сезімдері мен эмо-
цияларын шынайы білдіру; ар-ұят; шыншылдық; толеранттылық;
шығармашылық белсенділік; азаматтылық деген болар едік. Тек
осындай ізгілік қасиеттері бар педагогтар басқаны төмендетпей, өз
биігіне көтеріле алады, биікте тұрып басқаларға шарапатын шаша-
ды.
Бұл ойларымызды жоғарғы оқу орнында болашақ мамандарды
рухани-адамгершілікке тəрбиелеу мəселесін қарастырған Г.А. Ома-
рова, Р.А. Mукажанова еңбектерінен де көруге болады. Олар білім
беруді ізгілендіру тұрғысынан бес ұстанымды ұсынады:
– жалпы адамзаттық құндылықтар ұстанымы;
– ғылыми-зерттеу іс-əрекеті барысында тұлғаның өзін-өзі дамы-
туы ұстанымы;
– бірыңғайлық ұстанымы;
– əлеуметтік өзара-əрекеттесу немесе қоғамға қызмет ету ұс-
танымы;
– мəдени тұрпаттылығы ұстанымы.
Нəтижесінде, жоғары кəсіби білім беру ортасы адамның өз
өмірін адамгершілік тəжірибемен толықтыруды үйлестіре оты-
рып, болмысының қосымша өлшемдерін саналы ұғынуының
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Дəл осын-
да оның психологиялық-акмеологиялық мəні (білім беру жүйесі)
құралады.
Өзін-өзі дамыту саласында тұлғалық сапа жəне шығармашылық
ретінде креативтілікті дамыту, адамға өмірлік жолдағы даму
үдерісінде өзін-өзі жүзеге асыру алгоритмін құруға мүмкіндік береді:
• өзін-өзі дамыту саласындағы мақсаттың болуын саналы ұғыну;
• іс-əрекет жəне өзара əрекет жағдайында, акме-бағдарланған
өзіндік өзгерістер үшін мүмкіндіктерді саналы ұғыну жəне осы
мүмкіндіктерді өзін-өзі жүзеге асырудың өзіндік жобасымен
арақатынаста ұстау, яғни жағдайларды акме-оқиғалар ретінде
қабылдау;
• өзіндік ресурстарды, сонымен бірге объективті жəне субъек-
тивті кедергілерді аса нақты саналы ұғыну;
• өзін-өзі дамытудың оңтайлы жоспарларын жəне бағдарла-
маларын құрастыру;
• іс-əрекеттің жəне өзін-өзі дамытудың нəтижелерінің ықти-
малдығын жəне маңыздылығын дəл бағалау;
• энергетикалық жəне уақытша шығындардың оңтайлы шама-
сында өзін-өзі жүзеге асырудың жоғары деңгейіне жету.
Осылайша, шығармашылықтың адамның өзін-өзі дамытудың
механизмін көрсетудің нақты формаларының бірі болады деп
санауға болады. Шығармашылықтың нəтижесі ретінде, материалды
шығармашылық өнімдер ғана емес, сонымен бірге тұлғаның өзінде
болатын өзгерістер: қабілеттерді ашу, шығармашылық біліктер мен
дағдыларды жетілдіру алынады.
Мамандардың кəсіби-шығармашылық іс-əрекеті тұлғаның
кəсібилігі жəне шеберлігі арқылы қарастырылады. Акмеологияда
тұлғаның кəсібилігі, кəсіби маңызды жəне тұлғалық-іскерлік
сапалардың жоғары деңгейін, кəсібиліктің акмеологиялық ин-
варианттарын, креативтіліктің жоғары деңгейін, қалаулардың
адекватты деңгейін, маманның ілгері дамуына бағытталған
мотивациялық саланы жəне құндылық бағдарларды көрсететін
еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы ретінде түсіндіріледі
(А.А. Деркач).
Өкінішке орай, акмеологиялық тұғырлар жоғары мектептің бі-
лім беру тəжірибесіне жеткілікті кең ауқымда енгізілмей келеді. Бұл
акмеологияның ғылым ретінде қалыптасу үдерісімен, оның пəнін
табиғи нақтылаумен, сонымен бірге жоғары мектептің жекеленген
оқытушыларының акмеологиялық білімнің өзгешелігін жеткіліксіз
түсінбеуімен байланысты болады.
Жоғары кəсіби білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарты-
на сəйкес, кəсіби-педагогикалық іс-əрекеттің негіздері дəстүрлі түр-
де психология жəне педагогика пəндерінде, негізінен 1-3 курстарда
қарастырылады. Оқытудың аталған кезеңінің мəселелерінің бірі
ретінде, студенттердің педагогикалық іс-əрекетпен əрі қарай
айналысуға деген мотивацияның қалыптасуының біржақты бол-
мауы, кəсіби өзін-өзі анықтаудың күрделілігі мен қарама-қайшы-
лығы алынады. «Кəсібилік», «педагогикалық шеберлік», «нəтижелі
педагогикалық іс-əрекет» ұғымдары төменгі курстарда студенттер
|