216
217
Қазіргі заманауи өмір субъект жəне субъектілік феномендерін
зерттеу үшін аса қолайлы. Бір жағынан, еркіндік, өзін-өзі жүзеге
асыру, креативтілік, жауапкершілік сияқты ұғымдар, жеке жəне
əлеуметтік құндылық ретінде танылды.
С.Л. Рубинштейн бойынша, субъект – бұл адамның өзінің
əлемдегі адамзаттық мəнін жүзеге асыру тəсілі. Сөз жоқ, мұндай
анықтама өте ауқымды. Субъектінің тар мағынасы – іс-əрекет
субъектісі, қарым-қатынас субъектісі, өзін-өзі дамыту субъектісі,
ұжымдық субъект.
А.В. Петровский жəне В.А. Петровскийлердің теориясы бойын-
ша, персонализация өзіндік детерминациялайтын үдеріс ретінде
қарастырылады, себебі тұлғаның экзистенциалды қажеттілігіне
сəйкес, ол тұлғаның, субъектінің, əлеуметтік байланыстардың
таңбасын алатын ресурс ретінде қолданылады.
Бұл өзіндік белсенділіктің детерминациялаушы бастау рөлін
атқаруға мүмкіндік беретін, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудың
сапалы деңгейі ретінде, кемелденуінің белгілі деңгейінде пайда
болатын шынайы субъектілік туралы акмеологиядағы ұғымдармен
сəйкес келеді.
Кемелденген тұлға іс-əрекет субъектісі ретінде, қайта құрушы іс-
əрекетке арналған құралдарды құру, таңдау немесе қолдану қабілеті
арқылы көрінеді.
Акмеологиядағы іс-əрекеттің субъектілі-тұлғалық маңызды
сипаттамаларының қатарында «кəсібилік» (А.А. Бодалев, В.Г. За-
зыкин, А.К. Маркова жəне т.б.), «шеберлік» жəне «құзыреттілік»
ұғымдары болады. Аталған үш ұғым іс-əрекетті жетілдірудің
бағытын, өлшемдерін, оны жүзеге асырудың жоғары сапасы мен
деңгейін білдіреді, яғни тікелей акмеологияның пəніне жауап бере-
ді.
Көпшілік қазіргі заманғы зерттеушілер, кəсібилікті іс-əрекет
субъектісінің ерекше сипаттамасы ретінде қарастыруға бейім
болады. Н.В.Кузьмина бұл сипаттаманы субъектінің кəсіби
міндеттерді шешудің қазіргі заманғы мазмұнын жəне құралдарын
меңгеру шамасымен, сонымен бірге оны жүзеге асырудың нəтиже-
лі тəсілдерімен анықтайды. Сондықтан акмеологиядағы кəсібилік,
құзыреттілік жəне шеберлік субъектінің міндетті атрибуттары болып
саналады.
Н.В. Кузьмина, А.А. Деркач жəне басқа ғалым-акмеологтар
өздерінің еңбектерінде, тұлғаның кəсібилігінің тұлғаның өзіндік
кəсіби іс-əрекет субъектісі ретінде қалыптастырумен, өзін-өзі да-
мыту, өзін-өзі жүзеге асыру қабілеттерімен тікелей байланысты
екендігі туралы тұжырым жасайды. Осы акмеологиялық
тұжырымдаманың аясында, субъект өзекті қарама-қайшылықты
шешуді талап ететін, өзіндік белсенділікті өзін-өзі анықтау жүйесі-
нің, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік детерминациялаудың белгілі
деңгейі ретінде түсіндіріледі.
Субъектілік тұлғалық жəне психикалық мүмкіндіктерді өзіндік
ұйымдастыруда, ішкі белсенділікті теңдестіруде, іс-əрекетті объек-
тивті ұйымдастыруда көрініс береді. Бұл тұлғаның ішкі жəне сыртқы
ресурстарды қолданудағы, қойылған мақсаттарды жүзеге асырудағы
белсенділік шамасы болып саналады.
Субъектілік – бұл ресурстарды қолданудың тиімділігін
арттыруды іздеуде қайта қарастыруға мүмкіндік беретін инструмент.
Соған байланысты, акмеологияда субъектіліктің құрылымдарын
қарастыруда, үш негізгі өлшем ұсынылады: белсенділік, өзіндік
сана, өзіндік дамыту. Осы үш өлшемді анықтау келесі идеяларды
талдауға жəне біріктіруге негізделеді:
• адамның өзіндік тұжырымдауға ұмтылысын, өзіндік белсен-
ділігін детерминациялауды, онтогенезде адамның субъект рөлін
атқару қабілетін дамытуды көрсететін субъектогенез идеясы;
• бастамашылдық жəне жауапкершілік, ынталандырудың ба-
сым типтері, тұлғаның негізгі бағдарлары, қалаулар, қанағаттану
жəне өзіндік реттеу сияқты ұғымдар арқылы жүзеге асуы мүмкін,
белсенділік субъектісі ретінде тұлғаның біртұтас психологиялық си-
паттамасы туралы субъектогенетикалық теорияның қағидалары;
• К.А. Абульханованың субъектіліктің көрінуі жəне оны диагнос-
тикалау мəселелері бойынша еңбектері.
Осылайша, айқындалған өлшемдер шынайы субъектіліктің
келесі жалпы сипаттамасын анықтауға мүмкіндік береді:
• адамның қажеттіліктерінің əрекеттік жəне өмір жағдайлары
ұсынған мүмкіндіктермен, тұлғалық мəн негізінде оңтайлы
арақатынас тұрғысындағы оқшауланбаған белсенділік (Э. Фромм);
• бірінші сипаттамамен өзара байланысты, барлық тұлғалық
болмыстық кеңістіктердің оңтайлы тепе-теңдігі;
• өзін субъект ретінде қабылдау жəне белгілі позиция ұстану,
субъектілі позиция ұстануға деген ішкі қажеттілік.
|