242
243
барысында, өзін басқа педагогтармен салыстыруда жүзеге асады.
Əрбір педагог бір-біріне ұқсамайды, олар оқытудың тəсілдерінің
таңдауымен жəне жиынтығымен, білімгерлерге деген қатынасымен,
қозғалыстың динамикасы мен траекториясымен, қалаулар деңгейі-
мен, қателіктер мен қиындықтың сипатымен айрықшаланады.
Тұрақты сипатқа ие болып, дара айырмашылықтар кəсіби іс-
əрекеттің дара стилін қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін.
Дара стиль деп адамның табиғи ерекшеліктерімен негізделген
іс-əрекеттің тəсілдері мен тактикасының тұрақты жүйесі ретінде
түсіндіру қабылданған, ол аталған іс-əрекетті аса үздік жүзеге
асыруға ұмтылатын адамда қалыптасады. Кəсіби іс-əрекеттің дара
стилі, адамның табиғи, туа біткен ерекшеліктерімен (ағзаның, жүйке
жүйесінің, жоғары жүйке əрекетінің күйі), сонымен бірге адамның
заттық жəне əлеуметтік ортамен өзара əрекетінің барысында
туындайтын, тұлғаның өмірлік қалыптасқан сапаларымен анық-
талады. Кəсіби іс-əрекеттің дара стилінің қалыптасуының
механизмдері ретінде алынатындар: адаптация, компенсация,
коррекция (Е.А. Климов). Адаптация адамның іс-əрекетте жетістікке
ықпал ететін, табиғи, қолайлы сапаларды қолдануынан (саналы
немесе бейсаналы) құралады. Компенсация педагогтің жағымсыз
сапаларының көрінуіне жол бермейтін, еңбек жағдайларын таңдау-
дан құралады. Іс-əрекетті оңтайлы шекарада орындау қамтамасыз
етілген жағдайда коррекция механизмі айқындалады.
Жоғарыда сипатталған үдерістерде (адаптация, компенсация,
коррекция), адамның мінез-құлқы кəсіби іс-əрекетінің логикасымен
жəне психикалық дамуымен анықталады. Алайда, кəсібиліктің
жеткілікті жоғары деңгейінде, педагог кəсіптің нормативті
талаптарынан шығуы мүмкін, сонда ол кəсіптің талаптарынан
озып, кəсіби іс-əрекетті қайта құрастыруды жүзеге асырады, кəсіпке
шығармашылық үлес қосады, өзінің мүмкіндіктерінің шекарасынан
шығады. Мұнда маманды дамыту үдерісінің адаптация, компенсация
жəне коррекция механизмдерімен шектелмейтінін жəне іс-əрекеттің
креативті-шығармашылық стилінің пайда болуына əкелетін, жаңа,
əлі аз зерттелген механизмдерді қамтитынын болжауға болады.
Қазақстандық ғалымдар Бeйceнбaeвa A. A., Нaғымжaнoвa Қ.М,
Ocпaнoвa Б. A., Жұматаева Е. Ө. пікірінше креативтілік ұғымы
бірнеше элементтердің жиынтығынан тұрады, оның ішіндегі
негізгісі идеяларды жобалау жəне тудыру мүмкіндігі, мəселелерді
қою жəне оларды өзінше шешу қабілеті.
Педагогикалық іс-əрекетті орындаудың белгілі сатысында,
педагогтің кəсіби іс-əрекеттегі даралығы қалыптасады. Бұл ең кеш
білім беру болып табылады. Даралықтың бірнеше белгілері ажы-
ратылады: тұтастық, қайталанбастық, салыстырмалы жабықтық
жəне автономиялық, сыртқы орта үшін жабықтық, өзіндік жəне
өзіндік бейне, белсенділік, шығармашылық. Соған байланысты,
«шығармашылық даралық» термині пайда болады. Даралық адам
өмірінің жағдайларының бірегей, дара, қайталанбас үйлесімі
нəтижесінде қалыптасады, онда адам өзінің мүмкіндіктерін жəне
қабілеттерін жүзеге асырады жəне дамытады.
Даралықтың қалыптасуы, дара өзін-өзі дамытуға қабілетті
өзіндік анықтауды, басқалар үшін өзінің қабілеттерін өзіндік беруді
білдіреді. Адам өзінің даралығын тікелей өзі үшін құрады, сонымен
бірге басқалар үшін де құрады. Ол өзіне тұйықталу үшін емес, өзінің
қоғамдағы алатын орнын нығайту үшін дараланады. Кəсіпқойдың
даралығы, тұтастығы, олардың жоғары руханилықпен, гуманистік
бағыттылықпен үйлескен жағдайда аса айқын байқалады.
Шығармашылық даралық кəсіби шығармашылықтың жоғары
сипаттамасы ретінде көрініс береді. Ол келесі компоненттерді
қамтитын тұлғалық категория болып табылады:
• интеллектуалды-шығармашылық бастама;
• интеллектуалды қабілеттер, білімнің кеңдігі жəне тереңдігі;
• қарама-қайшылықтарға сезімталдық, шығармашылық күмəнға
бейімділік, ішкі қайта құрушы күресті сынау қабілеті;
• ақпараттық аштық, проблемаға кəсібилікте жаңашылдық сезімі,
танымға ұмтылыс;
Шығармашылық даралықты жүзеге асырудың негізгі функция-
ларын келесі үлгіде анықтауға болады:
• қоғамдық маңыздылық өлшеммен анықталатын мəдениетті
байыту;
• педагогикалық үдерісті жəне тұлғаны қайта құру;
• тиімділік жəне маңыздылық өлшемдері бойынша анықталатын
жаңа технологияларды табу;
• тұлғаның өзін-өзі анықтау, өзін-өзі көрсету негізінде өзін-өзі
дамытуы;
• тұлғаның өзі туралы креативті түсініктері мен ұғымдарының
жиынтығы;
• тұтастық жəне үйлесімділік, дара креативті ерекшеліктердің
ішкі бірлігі;
|