246
247
Ұғымдар мен категорияларды дұрыс операциялауға, оларды
арнайы құрастыруға негізделетін ойлау мəдениетін тарту, тұл-
ғаның проблематизациядағы барынша интеллектуалды қуатын
қамтамасыз етеді. Тұлғаның шектеулі өзін-өзі анықтау құралы
ретінде, құндылықтар жүйесін өзінде қалыптастыру, оларды
дұрыс қолдану шеберлігі, тұлғаның педагогикалық болмысты
проблематизациялаудағы нəтижені қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі өзгерту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастырудың жет-
кіліксіздігін ұғыну, тұрақты өзіндік білім алудың қажеттілігіне,
біліктілікті арттыруға жəне жаңашылдыққа деген қажеттілікке
əкеледі. Өзін-өзі өзгерту рефлексиясы кездейсоқ құбылыс болудан
қалады. Егер педагог осы рефлексияны модельдейтін жағдайға
түссе, ол ұмтылыс үлгілерін модельдерге ауыстырады, олардың
аясында өзін-өзі өзгертудің түйінді факторларын ұғыну жəне өзгерту
шоғырланады.
Педагогтің іс-əрекетінде, кəсіби міндеттер мен мəселелерді
шешудің жаңа деңгейіне жетуге қарапайым тəсілдердің,
процедуралардың əрдайым мүмкіндік бермейтін сəті болуы мүмкін.
Бұл жағдайда ол жаңа тəсілдер мен тұғырларға жүгінеді, ықтимал
салдарды талдау, болжау, өзіндік бағалау жəне т.б. механизмдерін
қосады. Талдау мен өзіндік бағалаудың объективтілігі, мəліметтерді
қолданудағы құзыреттілік деңгейімен, білімгерлердің алдындағы
жауапкершілікпен қамтамасыз етіледі.
Нəтижеге жетудің табысты болуы, көп жағдайда тұлғалық
сапалармен анықталады: ұйымшылдықпен, жұмыс істеу қабілеті-
мен, мүмкін болар мазасыздануды шектеу білігімен, белгілі жағдайда
келісімге келу шеберлігімен, тікелей тұжырымдарды ұсынудағы
сақтықпен, кикілжіңнен қашу шеберлігімен, инновациялық
үдерістің басқа қатысушыларымен белгілі сəйкестікпен. Бұл жəне
басқа сапалар жағдайдың дұрыс рефлексияланған жағдайда ғана
пайдалы болуы мүмкін.
Акмеологиялық талдау адамның өмір сүру əрекетінің жағ-
дайында жүзеге асырылады, бұл акмеге келуді негіздейтін, барлық
өзгеше факторлардың рөлін ашумен тығыз байланысты, шынайы
педагогтардың шыңға жетуінің құбылыстарын біртұтас ашуға
мүмкіндік береді. Бұл əсіресе, инновациялық іс-əрекетті талдауда
айқын көрінеді, онда дара шығармашылық өзін-өзі көрсету,
əлеуметтік-мəдени ортаның өлшемдеріне енгізілген жəне бағынған.
Акмеология ғылымының практикалық-маңызды интеграциялық
сипаты, көптеген технологиялар мен зерттеу əдістемелерінің пайда
болуын ынталандырады.
Осылайша, инновациялық іс-əрекеттің мəнін талдаудағы
акмеологиялық тұғыр, педагогтің өркендеу кезеңінде тұлғасының
даму заңдылықтарын ұғынуға, дара жəне шығармашылық бастауды
салыстыруға, əрекетті рефлексивті орындауды ынталандыруға
мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы өмір əрбір адамнан, оның кəсіби іс-əрекетінің
саласынан тыс барынша жеке қайтарымды талап етеді.
Біртұтас қоғамға жəне оны құрайтын субъектілерге ұсынылатын
талаптардың артуы, жетістік мəселесін барлығы үшін өзекті етеді.
Ғылымда адамның өмір сүрудің барлық саласында жетістікке ықпал
ету мəселесіне деген қызығушылық күшейіп келеді, бірінші кезекте
адамның кəсіби мансаптағы жетістігіне ықпал етуге қызығушылығы
артып келеді.
Қазіргі заманның өзекті мəселелерінің бірі ретінде, мамандар-
дың кəсіби білімдерін жəне біліктерін үнемі жаңартудағы, креативті-
шығармашылық өзін-өзі дамытудағы, кəсібиліктің шыңдарына
жетуге бағыттылықта қабілеттері мен қажеттіліктерін қалыптастыру
алынады. Аталған міндеттерді мақсатты бағытталған жəне кешенді
шешуге мүмкіндік беретін аса тиімді қазіргі заманғы тұғырлардың
бірі ретінде акмеологиялық тұғыр алынады.
Акмеологиялық тұғыр өзінің міндеті ретінде іс-əрекет субъекті-
сін оның алуан түрлі саласында, атап айтсақ, таңдалған мамандық
саласында табысты өзіндік жүзеге асырудың мүмкіндіктерін
қамтамасыз ететін білімдер жəне технологиялармен қаруландыруды
алады. Акмеологияның пəні ретінде, адамның шығармашылық
əлеуеті, іс-əрекет субъектісінің креативті-шығармашылық əлеуетті
ашудың алуан түрлі деңгейлеріне жетудің заңдылықтары мен
механизмдері, өзін-өзі жүзеге асырудың шыңдары алынады.
Қазіргі ұғымдардың тұрғысында, акмеологиялық тұғыр тұлғаны
туындайтын жəне қойылған міндеттерді шешу, жетістікпен өзіндік
жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, белсенді іздеуге қабілетті, іс-
əрекет субъектісі ретінде зерттеуді қамтиды. Көптеген зерттеулер
көрсеткендей, алуан түрлі кəсіптегі мамандардың кəсібилігін
дамыту, «акмеологиялық инварианттар» деп аталатын ұқсас
заңдылықтар бойынша жүзеге асырылады. Оларға жататындар:
|