Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет150/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   205
Акмеология

292
293
– бұл əрбір студенттің тұрақты жетістік мотивациясы негізінде, 
оларды оқыту, дамыту жəне тəрбиелеудегі жетістіктерге жəне 
жоғары нəтижелерге (дара) жету технологиясы; 
– бұл сана мен іс-əрекет бірлігі принципінің (С.Л. Рубинштейн) 
психологиялық заңдылықтары негізінде, студенттің танымдық іс-
əрекеттің субъектісі ретінде өзіндік дамытудың сатылы үдерісін 
ұйымдастыру технологиясы; 
– бұл əрбір студенттің «жақын даму аймағында» (Л.С. Выгот-
ский) озық оқытуға сүйеніп, оларды оқыту мен өзіндік дамытудың 
жетістігін арттыру тактикасы; 
– бұл оқытудың алуан түрлі технологияларының əдістері мен
тəсілдерін біріктіретін, өскелең жас адамды студент, тұлға, даралық 
ретінде біртұтас дамытуда жетістікке жетуге бағыттайтын оқытудың 
кешенді технологиялары; 
– бұл өзіндік құрылымдық компоненттері болатын техноло-
гиялар: студенттің өзіндік дамыту сатылары жəне параллельді 
педагогикалық əсердің блоктары – «шығармашылықпен дамыту», 
«рефлексия», «еңбекке қабілеттілікті сақтау», «қарым-қатынас жəне 
ынтымақтастық»; 
– бұл оқытушыдан оқытудың негізгі жəне түзетуші бағдарлама-
сын жобалауды талап ететін технологиялар: əртүрлі студенттік топ-
тарды оқытудың жалпы жəне жеке стратегиясы; ақпарат ағындарын, 
білімгерлердің топтары бойынша деңгейлерін саралау; студенттің 
өзіндік дамуының əрбір сатысында əрбір блоктың функционалды 
рөлін қолдану; параллельді педагогикалық əсерді дамудың əрбір 
блоктары бойынша «параллельді режимде» бір мезгілде жұмыс 
істеуін жүзеге асыру шеберлігі. 
В.Н. Тарасова акмебағдарланған технологиялардың белгілеріне 
келесілерді атап көрсетеді: креативтілікті дамытуға бағыттылық
кешенділік; функционалды жүйелердің жоғары жетістіктерге 
өзіндік дамуын ынталандыратын факторлардың жүйелі əсерін 
қамтамасыз ету; тұлғаның өзіндік дамыту үдерісін жəне кəсіби іс-
əрекетін оңтайландыру; адамның өзімен жəне қоршаған əлеммен 
қатынастарын құру. Креативтіліктің дамуы тұлғаның сипаттамасына, 
сонымен бірге білім беру, педагогикалық жəне ұйымдастырушылық 
жүйелердің тиімді модельдеріне қатысты, онда шығармашылық 
ізденіс пен ынтымақтастық ахуалы құрылады. Мұндай рухани 
ахуал мамандардың аса күрделі, кешенді біліктерін, интеграциялық 
білімді қалыптастыруға мүмкіндік беретін, ақпаратты талдау 
жəне біріктірудің ұтымды тəсілдерін, кəсіби міндеттерді шешуде 
ойлаудың жеке тəсілдерін өзара байытуды қамтитын үдерістердің 
коммуникативті жағын күшейту есебінен туындайды. 
Л. Е. Варфоломеева акмебағдарланған технологиялардың келесі 
ерекшеліктерін құрастырды: 
– инвариантты (білім беру маршрутында қолданылады); 
– комбинаторлы (басқа əдістемелердің элементтерімен бірік-
тіріледі); 
– көпфункционалды (білім беру үдерісінің субъектілерінің 
əртүрлі рөлдік функцияларын орындауда қолданылады); 
– адаптивті (оларды қолданудың нақты жағдайларына бейімде-
луі мүмкін); 
– прогностикалық (соңғы нəтижеге жетудегі ізденістің бағытын 
көрсетеді). 
Акмебағдарланған технологиялар білім беру үдерісінің барлық 
қатысушыларының əрекетінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін 
белгілер мен көрсеткіштерді қамтиды (оқытушы мен студенттің 
өзара əрекеті, педагогикалық практика кезінде дербес шешім 
қабылдауды үйреніп, өзара əрекет ететін мұғалім мен студенттің 
үйлесімі); сонымен бірге, іс-əрекеттің бастапқы, ағымдық жəне 
соңғы нəтижелері туралы алуан түрлі түсініктері бар, тиімділіктің 
əртүрлі деңгейлеріне қол жеткізетін, білімгерлермен, жекеленген 
студенттер жəне ата-аналармен өзара қатынастарды құрудың əртүр-
лі стратегияларын қолданатын белгілер мен көрсеткіштерді қамтиды. 
Акмебағдарланған технологиялар педагогикалық жəне бі-
лім беру технологиялары арқылы ынталандырылады жəне қам-
тамасыз етіледі. Аталған ынталандыру студенттердің əртүрлі 
категорияларымен, педагогикалық үдерісті модельдеу бойынша 
тренингтерде технологияларды өңдеуде, жетістіктер үлгісі, 
алгоритмдер арқылы, сонымен бірге имитациялық, іскерлік ойындар 
арқылы өзіндік қозғалысты өңдеуде жүзеге асырылады. 
Осылайша, акмебағдарланған технологиялар – бұл білім беру 
міндеттерінің сапасына бағдарланатын, білімгерлердің шеберлігінің 
алғышарттарының негізін қалайтын, сапалы нəтижені болжауға, 
стратегияларды таңдауға мүмкіндік беретін, студенттермен өзара 
əрекеттестіктің мақсатты бағытталған, логикалық құрылған жүйесі. 
Акмебағдарланған технологиялар бір жағынан, өзара əрекеттестік-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет