Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет148/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   205
Акмеология

288
289
бөлімі; 2) процессуалды-сипаттаушы: үдерістің сипаттамасы (алго-
ритмі), оқытудың жоспарланатын нəтижелеріне жетудің мақсаттары, 
мазмұны, əдістері мен құралдарының жиынтығы; 3) процессуалды-
əрекеттік: технологиялық (педагогикалық) үдерісті жүзеге асыру, 
барлық тұлғалық, инструменталды, əдіснамалық, педагогикалық 
құралдардың қызметі. 
Осылайша, автордың пікірі бойынша, педагогикалық технология 
оқытудың аса рационалды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, 
оқытуда қолданылатын тəсілдер, принциптер мен реттеушілер 
жүйесі, шынайы үдеріс ретінде қызмет атқарады.
В.А. Сластенин педагогикалық технологияны басқаша қарас-
тырады: «педагогикалық технология – бұл педагогикалық іс-əрекет-
тің операционалды құрамын технологиялық деңгейге, «əдістеме» 
ұғымы арқылы көрінетін дəстүрлі деңгеймен салыстырғанда, 
тиімділіктің, оңтайлылықтың сапалы жаңа деңгейіне өтуді қамтитын 
дидактика, тəрбие теориясы мен əдістеме арасындағы аралық 
буынды алатын педагогика ғылымының саласы». 
В.П. Беспалько педагогикалық технология деп оқу-тəрбие үде-
рісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасын атайды. Автордың 
пікірі бойынша, педагогикалық технологиялардың мəні мынада: 
біріншіден, педагогикалық технология арқылы, педагогтар 
практикалық оқытуды педагогикалық экспромттарды барынша 
азайтуға жəне алдын ала оқу-тəрбие үдерісін жобалауға, жобаны 
қайта жаңғыртуға тырысады. Мұны жоғарыда көрсетілген контексте 
табысты орындалуы мүмкін, яғни «дидактикалық міндет» жəне 
«оқыту технологиялары» ұғымдарына қатысты сəтті болуы мүмкін. 
Екіншіден, педагогикалық технология білімгерлердің оқу-танымдық 
іс-əрекетінің құрылымын жəне мазмұнын анықтайтын оқу-
тəрбие үдерісінің жобасын қамтиды. Үшіншіден, педагогикалық 
технологияның маңызды белгісі – екі аспектіде қарастырылатын 
мақсат құру үдерісі: 1) білімгерлердің оқу материалын меңгерудің 
сапасын объективті бақылауы жəне диагностикалық мақсат құруы; 
2) тұлғаның біртұтас дамуы. Төртіншіден, белгілі педагогикалық 
жүйенің жобасы ретінде, педагогикалық технологияның пəні 
туралы ұғымдардың нəтижесінде, педагогикалық технологияны 
құрастырудың маңызды принципін құруға болады, ол – оқу-тəрбие 
үдерісінің құрылымдық жəне мазмұндық тұтастығы принципі.
Тұтастық принципі бойынша, білім берудің кез келген түрінің 
болашақ педагогикалық жүйесінің жобасын құрастыруда, осы 
жүйенің барлық элементтерінің үйлесімді өзара əрекеттестігіне 
оқытудың бір кезеңінің аясында (тоқсан, семестр немесе оқу 
жылы), оқытудың барлық кезеңінде жетудің қажеттілігін білдіреді. 
Мұнда педагогикалық жүйенің бір элементіне өзгеріс енгізуге 
болмайды. Берілген анықтаманың мəліметтерінен технологияның 
оқу үдерісімен – оқытушы мен студенттің іс-əрекетімен, оның 
құрылымымен, құралдарымен, əдістері мен формаларымен барынша 
байланысты болатынын көруге болады. 
Осылайша, қазіргі заманғы педагогикада технологияның алатын 
орны туралы мəселе біржақты шешілген деп айтуға болмайды. 
Технологияның орны туралы түсінік, осы аталған ұғымға қандай 
мəн берілетініне байланысты. Г.К. Селевко, В.Д. Сластенин, Г.Е. Му-
равьеваның пікірлері бойынша, технологияны оқыту, тəрбие жəне 
білім берудің тəсілдерін зерттейтін ғылымның бір бөлігі ретінде 
қарастыратын болса, онда технологияның орнын келесі үлгіде 
көрсетуге болады: педагогикалық теория – педагогикалық техноло-
гия – педагогикалық практика. Яғни, педагогикалық технология 
теория мен практиканың арасындағы байланыстырушы буын 
болып табылады. Əрі қарай Г.Е. Муравьева теориялық қағидаларды 
практикада қолдану үшін оларды технологияландырудың, əрекеттік 
процедуралар түрінде сипаттаудың қажеттілігін атап көрсетеді. 
Г.К. Селевко бойынша, егер технологияны білім беру мекемесінің 
деңгейінде қарастыратын болса, ол мақсат қоюдан нəтижені 
диагностикалауға дейінгі біртұтас үдерісті қамтиды. 
Басқаша айтқанда, технология жоғары мектеп (білім беру 
мекемесі) жүйесінің бөлігі, жалпы немесе кəсіби білім берудің 
педагогикалық міндеттерін шешудің тəсілдерінің жиынтығы болып 
саналады. 
Егер технологияны жеке оқытушының іс-əрекеті деңгейінде 
қарастыратын болса, онда технология жоғары нəтиже беретін осы 
іс-əрекеттің тəсілі ретінде болады. Педагогикалық технологияға 
берілген осындай анықтама аса кең тараған. Педагогикалық 
технологиялардың мəні мен мазмұнын түсіндірудегі алуан түрлі 
тұғырлар, кəсіби міндеттерді шешуге арналған оңтайлы жағдайларды 
құруға бағытталған. 
«Оқыту технологиясы» ұғымын қарастырып, ЮНЕСКО-
ның құжаттарында технология ұғымы, міндетті білім берудің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет