334
335
туралы ақпаратты жинауға, жобаның қатысушыларын осы ақ-
паратпен танысуға, кең аудиторияға арналған деректерді талдауға
жəне жалпылауға бағытталған. Мұндай жобалар зерттеуші жобала-
ры сияқты, жақсы ойластырылған құрылымды, жобамен жұмыстың
барысында жүйелі түзету мүмкіндігін талап етеді. Мұндай жоба-
лар көп жағдайда зерттеуші жобалармен интеграцияланады жəне
олардың үйлесімді бөлігі, модулі болады.
• Практикалық-бағдарланған жобалар, жобаға қатысушылардың
іс-əрекетінің ең басындағы нақты белгіленген нəтижесі айрық-
шалайды. Мұндай жоба жақсы ойластырылған құрылымды, жобаға
қатысушылардың əрқайсысының функцияларын анықтаумен, іс-
əрекетінің сценарийін, соңғы нəтижені безендірудегі нақты тұ-
жырымдар мен əрбір қатысушының қатысуын талап етеді. Мұнда
сатылы талқылауда, бірлескен жəне жекеленген күш-қуатты
түзетуде, алынған нəтижелерді презентациялауды ұйымдастыруда
жəне оларды тəжірибеге ендірудің тəсілдерінде, жобаны сырттай
жүйелі бағалауды ұйымдастыруда, координациялық жұмысты жақсы
ұйымдастыру ерекше маңызды болып саналады.
• Əлеуметтік-маңызды – басынан адамдардың белгілі бір топ-
тарының қызығушылықтарына бағдарланған іс-əрекеттің нəтижесі
дəл айқындалады; қатысушылардың рөлдерін таратуды, əрекеттің
жоспарын, сырттай сараптауды талап етеді.
Əлеуметтік-маңызды оқу жобаларының арасында телеком-
муникациялық жобалар ерекше орын алады. Олар өткен ғасырдың
80-жылдарының басында əртүрлі елдердегі білімгерлердің бір-
бірімен жəне оқытушымен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік
беретін телекоммуникациялық желілердің пайда болуымен мүмкін
болды.
Жоба топтық жəне дербес (персоналды) болуы мүмкін. Олардың
əрқайсысының өзіндік жетістіктері болады.
Кешенділігі бойынша жобалар моножобалар жəне пəнаралық
жобалар болуы мүмкін.
Моножобалар бір оқу пəнінің немесе білімнің бір саласының ая-
сында жүзеге асырылады.
Пəнаралық жобалар білімнің əртүрлі саласындағы мамандар-
дың басшылығымен, сабақтан тыс уақытта орындалады.
Жобалық технология бірнеше сатыларда жүзеге асырыла-
ды жəне олардың циклдік түрі болады. Жобалау іс-əрекеті бірізді
айқындалған сатыларды есепке алынып жүзеге асырылады:
• құндылықты-бағдарлы;
• конструктивті;
• бағалаушы-рефлексивті;
• презентативті.
Жобалаушы циклдің бірінші сатысы – құндылықты-бағ-
дарлы, ол білімгерлердің іс-əрекетінің келесі алгоритмдерін
қамтиды: іс-əрекеттің мотивін жəне мақсатын саналы ұғыну,
басым құндылықтарды айқындау, олардың негізінде жоба жүзеге
асырылады, жобаның түпкі ойын анықтау. Аталған сатыда іс-əрекетті
жобаны ұжымдық талқылау бойынша ұйымдастыру маңызды болып
саналады.
Екінші саты – конструктивті, ол өзіндік жобалауды қамтиды.
Берілген сатыда білімгерлер уақытша топтарға бірігіп немесе жеке
болып, жобалау іс-əрекетін жүзеге асырады: жоспар құрастырады,
жоба бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады, жобаны жүзеге
асырудың формасын таңдайды (ғылыми есепті, баяндаманы
құрастыру, графикалық модельді, күнделіктерді құру жəне т.б.).
Үшінші саты – бағалаушы-рефлексивті. Оның негізін білім-
герлердің іс-əрекетін өзіндік бағалау құрайды. Рефлексия жобалау
технологиясының əрбір сатысын қамтамасыз етеді. Алайда, дербес
бағалаушы-рефлексивті сатыны айқындау, мақсатты бағытталған
өзіндік талдауға жəне өзіндік бағалауға ықпал етеді. Аталған сатыда
жоба безендіріледі, жинақталады жəне презентацияға дайындалады.
Бағалаушы-рефлексивті саты жобаға қатысушының бүкіл топтың
қабылдаған ақпаратын «өзінен өткізетінімен» маңызды болады,
себебі кез келген жағдайда ол жобаның нəтижелерін презентация-
лауға қатысатын болады. Рефлексия негізінде жобаны түзету
жүргізілетін болады (оқытушының, топтағы қатарластардың сын-
ескертпелерін есепке алу). Білімгерлер жұмысты қалай жақсартуға
болатынын, əрбір қатысушының топқа қосқан үлесін ойластырады.
Төртінші саты – презентативті, онда жобаны қорғау жүзеге асы-
рылады. Презентация – əртүрлі топтардың жəне жеке іс-əрекеттің
жұмыс нəтижесі, жалпы жəне жеке жұмыстың қорытындысы.
Жобаны қорғау ойын формасында жүргізіледі (дөңгелек үстел,
баспасөз конференциясы, қоғамдық сараптама жəне т.б.), сонымен
бірге ойын емес формада жүргізіледі. Білімгерлер нəтижелер мен
|