Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет179/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   205
Акмеология

350
351
ның бірі ретінде қазіргі кезде өзіндік өркендеу кезеңін бастан 
кешіруде. Қазіргі кезде ойынға деген қызығушылықтың артуы немен 
байланысты? Бір жағынан, ол педагогикалық теория мен тəжірибенің 
дамуымен, проблемалық оқытудың таралуымен туындайды, ал 
екінші жағынан, жан-жақты белсенді тұлғаның əлеуметтік жəне 
экономикалық қажеттіліктерін қалыптастыруна негізделеді. Ойын 
технологиялары қазіргі білім беру жүйесінде «инновациялық» 
болып қалады. 
Оқытудың ойын технологиялары, мəліметтерді бекіту үшін, 
оқытылатын материалды шығармашылықпен ұғыну үшін, алынған 
білімді шынайы өмірлік контексте қолдану үшін, құндылық 
бағдарларды қалыптастыру үшін тиімді болып табылады. Нəтижеге 
қол жеткізу, ашуға баулу, құрастыру үшін оқытудың ерекше 
формалары қажет. Олардың арасында имитациялық ойын жетекші 
орын алады. 
Адам үшін ойын өзін тұлға ретінде жүзеге асыру саласы ретінде 
маңызды болып саналады. Дəл осы тұрғыда, адамға ойынның 
нəтижесі, бəсекелестігі немесе белгілі бір мақсатқа жету маңызды 
емес, мұнда ойын үдерісінің өзі маңызды. Ойын үдерісі – бұл өзін-өзі 
жүзеге асыру кеңістігі. Адамзат тəжірибесі адамда болатын немесе 
мүмкін болар қиындықтарды ашу үшін үнемі ойын жағдаятына 
енгізіледі.
С.А. Шмаков көптеген ойындарға тəн келесі белгілерді ажыратып 
көрсетеді: 
– адамның өзінің қалауы бойынша, іс-əрекет үдерісінен қа-
нағаттануы үшін қабылданатын еркін дамытушы іс-əрекеті 
(«процедуралық қанағаттану»);
– шығармашылық, біршама дəрежеде осы іс-əрекеттің им-
провизациялық, белсенді сипаты («шығармашылық өрісі»);
– іс-əрекеттің эмоционалды көтеріңкілігі, бақталастық, жары-
сушылық, бəсекелестік («эмоционалды қысым»);
ойынның мазмұнын, оның дамуының логикалық жəне уақыт 
бойынша бірізділігін көрсететін тікелей немесе жанама ережелердің 
болуы. 
Ойынды зерттеушілердің көпшілігі (С.Л. Рубинштейн, Д.Э. Эль-
конин, Л.С. Выготский жəне т.б.) амбиваленттілік сияқты, ойынның 
басты қасиетін ажыратып көрсетеді, яғни ойын бір мезгілде шынайы 
жəне шартты мінез-құлықты жүзеге асыруды қамтиды, мұнда 
«ойнаушы адам» өзін ойша қиялдағы жағдайларға қояды, ал оның 
осы қиялдағы жағдайда басынан өткеретін сезімдері – бұл шынайы 
сезімдер болып саналады. Ойын қатынастарының шарттастығы 
тұлғаның мүмкіндіктерін жұмылдырады жəне белсендіреді
адамның өзінің шығармашылық əлеуетін жүзеге асыруға ықпал 
етеді, оның ойын мəселелерін (өмірлік) шешудің жаңа, əлі игермеген 
тəсілдерін іздеуге ынталандырады, ойын рөліндегі мінез-құлық пен 
қатынастардың ережелері мен нормаларын меңгеруге ықпал етеді. 
Л.С. Выготский ойынды баланың «ішкі əлеуметтенуінің» кеңістігі 
жəне əлеуметтік бағдарларды меңгеру құралы ретінде қарастырды. 
Д.Н. Узнадзенің пікірі бойынша, ойын психогендік мінез-
құлықтың формасы болып табылады, яғни бұл форма имманентті 
тұлғаға іштей тəн болады. 
Бұл ұғымды А.Н. Леонтьев аса қызықты етіп сипаттады, 
атап айтсақ, тұлғаның қиялдағы еркіндігі, «жүзеге асырылмаған 
қызығушылықтарды иллюзиялық жүзеге асыру» ретінде қарастырды. 
В.С. Кукушкин аса толық анықтама берді. Автордың ойынша
ойын – бұл мінез-құлықты өзіндік басқару қалыптасатын жəне 
жетілдірілетін, қоғамдық тəжірибені қайта құруға жəне меңгеруге 
бағытталған жағдаяттар барысындағы іс-əрекет түрі. 
«Ойын технологиялары» ұғымы əртүрлі педагогикалық ойындар 
формасында, кəсіби үдерісті ұйымдастырудың тəсілдерінің ауқымды 
топтарын қамтиды. Ойындармен салыстырғанда, педагогикалық 
ойынның маңызды белгісі болады – оқытудың дəл қойылған 
мақсаты жəне соған сəйкес педагогикалық нəтиженің болуы 
олар өз кезегінде айқын түрде негізделеді жəне оқу-танымдық 
бағыттылығымен сипатталады. Сабақтардың ойын формасы оқу іс-
əрекетіне ынталандыру құралы ретінде сабақтарда ойын тəсілдері 
мен жағдаяттарының көмегі арқылы құрылады. Білімгерлердің 
іс-əрекеті оқу-тəрбие үдерісінде ойынды жəне ойын əрекетін 
шығармашылықпен қолдануға құрылуы керек. 
Білімгердің жоғары ойын жетістігі шартты саладан шынайы 
əрекет саласында өтуі қажет. Білімгерлердің ішкі əлеуеті, қабілеттері, 
күнделікті іс-əрекетке жетістікпен өтуі үшін дамудың деңгейіне 
жетуі қажет. Нəтижесінде, ойын шартты жəне ойдан құрастырылған 
ойын ретінде болмауы керек, ойын практикалық іс-əрекетке 
жалғасуы керек. Дəл осында имитациялық оқытудың қызметі мен 
мəні құралады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет