340
341
шығармашылық ізденісті ынталандыру, жүйелі зерттеуге, талдауға,
жаңа, белгілі бір мəселені шешудің өзіндік жолдарын іздеуге ұм-
тылыс жасау. Дұрыс құрастырылған мақсаттар мен міндеттер,
шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Зерттеу əдістерін қолдану: проблеманы жəне одан туындайтын
зерттеу міндеттерін анықтау, міндеттерді шешудің болжамын ұсы-
ну, зерттеу əдістерін талқылау, соңғы нəтижелерді безендіру, алынған
мəліметтерді талдау, қорытынды жасау, түзету, тұжырымдар жасау
(бірлескен зерттеу барысында «миға шабуыл», «дөңгелек үстел»
əдістерін, статистикалық əдістерді, шығармашылық есептерді
қолдану).
Орындалған жобалардың нəтижелері материалдық түрде, яғни
белгілі үлгіде безендірілуі қажет (бейнефильм, альбом, «саяхат»
боржурналы, компьютерлік газет, альманах). Жобалық проблеманы
шешу барысында білімгерлер білімнің əртүрлі саласындағы
білімдер мен біліктерді қолдануына тура келеді. Жобалық оқыту
технологиясы білімнің кез келген пəндік саласын оқытуда жүзеге
асырылуы мүмкін.
Ұйымдастырылған оқу үдерісі біршама дəрежеде өзіндік оқыту
үдерісіне айналып барады: білімгер өзі бөлшекті құрастырылған
жəне шебер ұйымдастырылған оқу ортасында білім алу
траекториясын таңдай алады. Курстық жобаны құру бойынша
мини-бригаданың құрамында жұмыс істей отырып, білімгер
əріптестердің шығармашылық ұжымындағы əлеуметтік өзара
əрекет тəжірибесін меңгеріп қоймайды, сонымен бірге, алынған
білімді интериоризациялай (игеріп) отырып, өзінің іс-əрекетінде
қолданады, өзін таным субъектісі ретінде қалыптасуын белгілеп,
нақты іс-əрекеттегі өзіндік тұлғалық «Меннің» барлық қырларының
жиынтығын дамытады.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай формасы оқытудың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ол əрекеттік кері байланыс
жүйесін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде тұлғаны дамытуға,
білімгерлердің өзін-өзі жүзеге асыруына, курстық жобаны
құрастыруға қатысатын педагогтардың өзін-өзі жүзеге асыруына
ықпал етеді.
Н.Г. Чернилова жобалық оқытуды «базалық теориялық білімді
меңгеруге арналған ақпараттық үзілістермен кешенді оқу жобаларын
бірізді орындауға» негізделетін дамыта оқыту ретінде қарастырады.
Бұл анықтама жобалық оқытуға дамыта оқыту типі ретінде қатысты
болады.
Атап өтетін бір жайт, білім беру үдерісін жобалық оқытуға
толыққанды алмастыру дұрыс емес болар еді.
Жобалық оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:
– зейін орталығында – студент, оның шығармашылық қабілетте-
рін дамытуға ықпал ету;
– білім беру үдерісі оқу пəнінің логикасында құрылмайды, ол
студент үшін тұлғалық мəні бар, оқуға мотивациясын арттыратын
іс-əрекет логикасында құрылады;
– жобамен жұмыстың жеке жылдамдығы, əрбір студенттің да-
мудың өзіндік деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді;
– оқу жобаларын құрастырудағы кешенді тұғыр, студенттің негіз-
гі физиологиялық жəне психикалық функцияларын теңдестірілген
тұрғыда дамытуға ықпал етеді;
– базалық білімді терең, саналы ұғынылған түрде меңгеру, олар-
ды əртүрлі жағдайларда əмбебап қолдану есебінен қамтамасыз
етіледі.
Осылайша, жобалық оқытудың мəні оқу жобасымен жұмыс
үдерісінде, шынайы үдерістерге, объектілерге қол жеткізуде
анықталады.
Білім беру жүйесінде жобалар əдісі бізге не үшін қажет?
Ең алдымен:
• білімгерлерді өзбетінділік, сыни ойлауға, ақпаратпен жұмыс
істеу білігін үйретуге;
• деректерді білуге, ғылымның заңдылықтарына сүйеніп ойлау,
негізделген тұжырымдар жасауға;
• өзбетінділік дəйекті шешімдерді қабылдауға;
• əртүрлі əлеуметтік рөлдерді орындап, командада жұмыс істеуге
үйрету.
Көріп отырғанымыздай, жоғарыда аталған интеллектуалды жə-
не əлеуметтік маңызды біліктер, құзырлылық топтарына, адамның
іс-əрекетіне жəне адам мен əлеуметтік саланың əлеуметтік өзара
əрекеттестігіне жатады.
Жобалаушы іс-əрекет əдісінің шығармашылық іс-əрекеттен
айырмашылығын көрсету қалды. Кез келген зерттеуші, ин-
теллектуалды іс-əрекет шығармашылық ойлауға сүйенеді. Ол
шығармашылық ойлаусыз мүмкін емес. Шығармашылық іс-əрекет
|