356
357
Операциялық ойындардың сценарийі болады, онда қабыл-
данатын шешімнің «дұрыстығы» немесе «дұрыс еместігі» қатаң
алгоритмі қаланады, яғни білім беруші өзінің шешімдерінің бола-
шақ оқиғаларға əсерін көре біледі.
Операциялық ойындар мамандарды оқытудың құралы ретінде
жəне олардың тұлғалық, іскерлік сапаларын қалыптастырудың, кəсі-
би құзыреттіліктерін қалыптастыру құралы ретінде қолданылады.
Тұлғаны жетілдіру үшін рөлдік ойындар үлкен қызығушылық
тудырады. Индивидтің рөлдік ойын жағдайында оның шынайы
іс-əрекетіне тəн релевантты жағдайлармен кезігеді жəне оның
алдына бағдарларын өзгерту қажеттілігін қояды. Мұнда жаңа, аса
тиімді, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру үшін жағдайлар
құрылады.
Сензитивті тренинг. Осы əдістің ерекшелігі ретінде қаты-
сушылардың барынша өзбетінділігіне ұмтылыс алынады. Топтық
өзара əрекеттестікті ынталандырудың негізгі құралы ретінде
құрылымның болмауы феномені алынады. Тренингті сипаттаудың
қиындығы əдістің интеллектіге емес, сезімдер мен эмоцияларды
өзектілеуге негізделетінінен құралады.
Сензитивтілік тренинг тобының нақты мақсаты болмайды.
Сензитивті тренинг барысында, қатысушылар өздері үшін
жаңа, əлеуметтік тəжірибенің саласына енеді, олар топтың
басқа мүшелерінің өздерін қалай қабылдайтынын біледі, осы
перцепцияларды өзіндік қабылдаумен салыстыру мүмкіндігіне ие
болады.
Осылайша, топтық жұмыс – бұл белсенді оқыту технологиясы.
Жұмыстың топтық формаларына деген қызығушылық ХХ ға-
сырдың 70-80-жылдарында АҚШ-та орындалған Э. Коен, Д. Джон-
сон, Р. Джонсон, С. Каганның жəне т.б. зерттеушілердің басылымдар
сериясынан кейін пайда болды. Шағын топтардағы кооперация мен
бəсекелестік теориясы бойынша іргелі жұмыстардың нəтижелерін
қолданып, сонымен бірге психологияның басқа салаларындағы
материалдарды қолданып, көптеген эксперименттер жүргізіп,
зерттеушілер жəне олардың əріптестері топтық жұмыстың қазіргі
заманғы педагогикалық техникасының негіздерін құрастырды.
Қазіргі кезде бұл техниканы əлемнің барлық елдерінде педагогтардың
көпшілігі табысты қолданып келеді.
Аталған техниканың негізінде (өзара толықтырушы техни-
калардың жиынтығы) білімгерлердің топтық жұмысын төмендегі
көзқарастар бойынша қарастыратын психологиялық теориялар
болады:
• əлеуметтік-психологиялық (топ мүшелерінің өзара тəуелділігі
туралы ұғымдар);
• когнитивті психологиялық теория (адамның танымдық функ-
цияларын дамыту туралы ұғымдар);
• үйретудің бихевиористік теориясы (топтың нəтижелі жұмысын
жағымды бекіту туралы ұғымдар).
Əлемдік мектептерде оқытудың үш ұйымдастырушылық форма-
сы қолданылады: жеке, топтық жəне фронтальды. Əртүрлі тарихи
сатыларда олардың біреуіне басымдылық берілді.
Сонымен, топтық жұмыстың басымдылығы білімгердің өзіндік
пікірін айтуға жəне қорғауға үйренетінінде, басқалардың пікірін
тыңдауында, өзінің көзқарасын басқалардың көзқарасымен салысты-
ру қабілетінде байқалады. Басқалардың əрекеттерін бақылау жəне
өзіндік бақылау дағдылары қалыптасады, сыни ойлау қалытасады.
Топтық талқылау, пікірталас білімгерлердің оқу-танымдық жəне
ізденістік белсенділігін жандандырады.
Оқытудың ойын əдістері оқытуды белсендіру əдістерінің бөлігі,
олардың жалғасы жəне дамуы болып саналады, нəтижесінде оларды
оқытудың белсенді əдістерінің жалпы жүйесінде қарастыруға жəне
жіктеуге болады. Олардың айрықша белгілерін ажыратуға болады.
Студенттерді оқытудың ойын əдістері келесі əрекеттерді
қамтамасыз етеді:
• ойлау мен мінез-құлықты белсендіру;
• мотивацияның жоғары дəрежесі;
• пікірталастағы мəжбүрлі белсенділік;
• ұсыныстарды өңдеуде жəне шешімдер қабылдауда жеке өзіндік
көзқарасты білдіру;
• студенттердің өзара əсері жəне өзара əрекеті, салдарында,
тəжірибемен міндетті алмасу;
• оқу үдерісіне жоғары енгізілу жағдайында оқытудың эле-
менттеріне қызығушылықтың көрінуі;
• жұмыстың импульстік режимінде жеке, интеллектуалды жəне
мінез-құлықтық дағдылар мен біліктерді ашу.
Ойын əдістемесінің сипаты бойынша педагогикалық ойындар-
дың типологиясы ауқымды:
|