344
345
Педагогикалық практикада жобалар əдісін қолдану, жеке-
бағдарланған білім берудің міндеттерін мақсатты бағытталған
тұрғыда шеше алады. Бұл əдістің əрекеттігі, оның білімгерлерге
өздерінің қызығушылықтары бойынша іс-əрекетін таңдауына,
олардың қабілеттеріне сəйкес келетін, білімгерлердің білімдерін,
біліктерін жəне дағдыларын қалыптастыруға бағытталуына
мүмкіндік беруіне негізделеді. Жобаларды орындай отырып, сту-
денттер инновациялық шығармашылық іс-əрекеттің алгоритмін
меңгереді, өз бетімен ақпаратты табуға жəне талдауға, əртүрлі сала-
лар бойынша білімді алуға жəне қолдануға үйренеді, кемшіліктердің
орнын толтыруға, шығармашылық тапсырмаларды шешу тəжі-
рибесін игеруді үйренеді.
Аталған əдісті қолдануда кəсіби үдерістің қатысушыларының
рөлдері біршама өзгереді: оқытушы сараптамашы болып табыл-
майды, ол – демократиялық басшы, кеңес беруші, көмекші, сұрақ
беруші адам, координатор, сараптамашы; оқытушының ұстанымы
білімгерлерге өзбетінділіктің кеңдігін беретін жасырын түрде болуы
қажет, соған сəйкес студент жобалау үдерісінің белсенді қатысушысы
рөлін орындайды. Студенттің субъектілігін дамыту, оқу-танымдық
іс-əрекетті жоспарлауда жəне мақсатты тұжырымдарда, оны ұйым-
дастыру мен қамтамасыз етуде көрініс табады. Жобамен жұмыс
міндетті рефлексивті іс-əрекетті қамтиды: оқу тапсырмасын орындау
барысында əрбір қатысушының меңгергенін бағалау, сəтсіздіктердің
себептері қандай, неге қол жеткізілді, сəтсіздіктердің болашақта
қалай алдын алуға болады жəне т.б.
Жобалық оқыту өзінің пəні ретінде, білімнің арнайы салаларын
қамтып қоймайды, ол іс-əрекеттің басқа сфераларына табысты ал-
мастырылатын танымдық дағдыларды жəне метабілімді қамтиды
(білімді қалай алу туралы білім). Бұл əдістің əрекеттігі сонда, ол
білімгерлерге қызығушылықтары бойынша іс-əрекетті таңдауға,
олардың дамитын қабілеттеріне сəйкес келетін, білім мен біліктер
беретін, жаңа істерге ұмтылысқа ықпал ететін іс-əрекетті таңдауға
мүмкіндік береді.
Жобаларды құрастыра жəне жүзеге асыра отырып, білімгерлер
ойлау дағдыларын, ақпаратты іздеу, талдау, эксперимент жасау,
шешім қабылдау, өзіндік жұмыс пен топтық жұмыс істеу дағдыларын
дамытады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, оқу жобалаушы іс-
əрекеттің практикалық нəтижесі ретінде жоба алынатынын атауға
болады.
Жобалаушы іс-əрекет білімгерлер үшін тартымды болып сана-
лады, алайда оның тəрбиелік жəне білім беруші тиімділігі жобалық
оқытудың мəнін дұрыс түсінуге, оның мүмкіндіктерін педагогика-
лық практикада сауатты қолдануға байланысты болады.
Жобалаушы іс-əрекетті оқу үдерісіне енгізу оқытушылардың
психологиялық-педагогикалық
даярлығын,
сонымен
бірге
студенттерді қолданбалы міндеттерді щешуге алдын ала оқытуды
талап етеді.
Жобалық технология зерттеуші дағдыларының – құзырлы-
лықтардың негізі болып саналады. Олар қарым-қатынасқа, диалогқа,
бірлескен талдауға, конструктивті сынға, əрекет тəсілдерін түзетуге
деген даярлықта, міндеттерді шешудегі жаңа тұғырларды іздеуде
байқалады. Жауапкершілік, өзбетінділік сияқты тұлғалық сапалар,
білімгерлердің мінез-құлқында жəне оқу іс-əрекетінде басым орын
алады.
Осылайша, жобаның студенттерге білім беруші əсері ешбір
пікірталас тудырмайды, жобалаушы іс-əрекет барысында өмір үшін,
болашақ кəсіптің жетістігі үшін қажетті тұлғаның маңызды сапала-
ры қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |