Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет186/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   205
Акмеология

364
365
ұстанымдарды, адамгершілік, эстетикалық жəне дүниетанымдық 
бағдарларды қалыптастыру; ынтымақтастықты, ұжымшылдықты, 
қарым-қатынасқа түсу шеберлігін, коммуникативтілікті тəрбиелеу. 
• Дамытушылық: зейінді, есті, сөйлеуді, ойлауды, салыстыру 
білігін, аналогтарды табу, қиялды, фантазияны, шығармашылық 
қабілеттерді, эмпатияны, рефлексияны, оңтайлы шешімдерді табу 
шеберлігін дамыту; оқу іс-əрекетінің мотивациясын дамыту. 
• Əлеуметтендіруші: қоғамның нормалары мен құндылықтары-
на баулу; ортаның жағдайларына бейімделу; күйзелісті бақылау, 
өзіндік реттеу; қарым-қатынасқа оқыту; психотерапия. 
Осылайша, білімгерлерді оқытуда жəне дамытуда қолданылатын 
ойын технологиялары келесі əрекеттерге мүмкіндік береді: 
• сабақты дəстүрлі емес формада жүргізу; 
• білімгерлердің креативті қабілеттерін ашу;
• студенттердің оқу құзырлылықтарын бағалауға дифференциал-
ды тұрғыда қарау;
• білімгерлердің коммуникативті дағдыларын дамыту;
• еркін пікір алмасуды қамтамасыз ету;
• білімгерлердің жас жəне психологиялық ерекшеліктерін есепке 
алу;
• жарыс формасында оқыту үдерісін ұйымдастыру;
• оқу міндеттерін шешуді жеңілдету;
• барлық білімгерлерді оқу үдерісіне ендіру;
• əрбір білімгер үшін нəтиженің мəнділігін сезіну;
• алынған білімді практикалық тұрғыда бекіту;
• білімгерлердің мотивациялық сферасын қалыптастыру;
• студенттердің дүниетанымын кеңейту; бірлескен іс-əрекет дағ-
дыларын қалыптастыру. 
Іскерлік ойын жаңа материалды меңгеру мен бекітудің кешенді 
міндеттерін шешу, шығармашылық қабілеттерді дамыту, жалпы оқу 
біліктерін қалыптастыру үшін қолданылады, білімгерлерге оқу ма-
териалын əртүрлі тұрғыда түсінуге жəне зерттеуге мүмкіндік береді. 
Осылайша, ойын – индивидтің ырықты іс-əрекетінің түрін 
көрсететін, мəдениеттің тарихи негізделген, табиғи элементі. Ойын-
да алдыңғы ұрпақтың əлеуметтік тəжірибесін қайта жаңғырту жəне 
байыту, адамзат іс-əрекетінің нормалары мен ережелерін ойын рөлін 
ерікті қабылдау арқылы меңгеру, ойын кеңістігін виртуалды модель-
деу, əлемдегі өзіндік болмысының щарттарын модельдеу жүзеге 
асады. Яғни, ойын адамның əлемді жəне ондағы қатынастарды 
меңгерудің тəсілдерінің бірі, шартты түрде болмысты ырықты 
құрастырудан тұратын адамның өзін-өзі бекітуінің тəсілі болып та-
былады. Оқытудың құралдары, əдістері мен технологиясы ретінде 
алуан түрлі ойындар педагогикалық үдерісте қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет