Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет23/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   205
Акмеология

42
43
арқылы қарама-қайшылықты шешу. Даралықтың қалыптасуы 
тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыру түрінде көрініс береді. 
С.Г. Спасибенконың ұстанымы қызықты, ол тұтастықты 
«адамның текті сапаларының жəне даралығының, бірегейлігінің 
жалпыламалығына қарсы тұруды жеңудің толықтырушы-бейімдеуші 
механизмі, оқшаулануды жеңудің механизмі» деп қарастырады. 
Сонымен бірге, адам өмірді жүзеге асырудың əрбір сəтінде, 
өзінің тұтастығының келесі модальдықтарының бірінде болады: 
«қалаймын» – «қолымнан келеді» – «жасай аламын» – «міндеттімін» 
– «қол жеткіземін» – «істеймін».
«Қалаймын» модальдығы тұлғаның материалды жəне моральды 
қажеттіліктерін, адамның ішкі мотивациясын білдіреді, адамзат іс-
əрекетінің барлық салаларының қозғаушы күші болып табылады. 
«Қалаймын» модальдығында тұлғаның мотивациялық-мағыналық 
интенциясы көрініс береді. 
«Қолымнан келеді» модальдығы адамның тұлғалық əлеуетін 
білдіреді, ол бірнеше ауыспалылардың қызметі ретінде анықталады: 
жеке тəжірибе жəне оны тəжірибелік тұрғыда жүзеге асыруға 
дайындық деңгейі, оқытылу деңгейі, шынайы жасы жəне тұлғалық-
кəсіби өсу əлеуеті. 
«Жасай аламын» модальдығы, адамның құзыреттілік деңге-
йін, ұтымды тəжірибесін нақты іс-əрекеттік жүзеге асырудың 
тəсілдерінің, дағдыларының, əдістемелерінің, жолдары мен 
технологияларының жиынтығын білдіреді. 
«Міндеттімін» модальдығы, адамның тұлғалық мағына ретінде 
əлеуметтік талаптар мен құндылықтарды қабылдауын, оның 
əлеуметтік өзара əрекетке енуін, өзінің жəне басқалардың алдында 
өмірін жүзеге асырудағы жауапкершілікті атқаруын білдіреді. 
«Қол жеткіземін» модальдығы, мақсаттарды қалыптастыру 
ретіндегі мақсат құру үдерісін жəне оларды таңдау ретіндегі 
мақсатты болжау үдерісін білдіреді. 
«Істеймін» модальдығы барлық модальдықтарды шынайы іс-
əрекеттер арқылы жүзеге асыру үдерісін білдіреді. 
Бұл модальдықтардан басқа, «білемін» модальдығы бар, ол 
адамның интеллектуалды əлеуетін жинақталған болжам, үлгілер, 
сызбалар, теориялар, əдістер, сезінулер, ұғымдар түрінде сипаттай-
ды. Алайда бұл модальдықты əрбір модальдыққа қатысты қосымша 
модальдық ретінде қарастыру қажет. 
Анықталған модальдықтар бір жағынан, адамның тұтастығының 
жеке шекарасы ретінде болады, ал екінші жағынан – адамның өзінің 
өмірлік жолында қозғалыс жасайтын «басқару етістіктері» ретінде 
болады. 
Осы модальдықтардың сəйкестік деңгейі жəне жекеленген 
модальдықтар арасында үнемі туындайтын қарама-қайшылықтарды 
шешудің ерекшеліктері, адамның субъективті (өзіндік сезінуде) жəне 
объективті (тиімді іс-əрекетте) тұтастығының дəрежесін негіздейді. 
Біртұтас адамға тəн: 
– жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде сыртқы жəне ішкі 
қарама-қайшылықтарды жеңетін, өзіндік трансцендецияға қабілетті 
дамыған өзіндік сана; 
– адамның жəне социумның жоғары идеалдары мен құнды-
лықтарын саналы ұғынуға, бастан өткеруге жəне меңгеруге 
мүмкіндік беретін, іс-əрекетті мінез-құлыққа, əрекетті қылыққа 
айналдыруға мүмкіндік беретін сапа ретіндегі руханилық; 
– əлеуметтік жетілу немесе кемелдену, яғни өз бетімен, дербес 
шешім қабылдау қабілеті, олар үшін жеке жауапкершілікке ие болу, 
өмірдің қарама-қайшылықтарын қабылдау, саналы ұғыну, бағалау 
қабілеті; оларды жалпы мақсаттарға, адамгершілік идеалдарға 
сəйкес өз бетімен, тиімді шешу; 
– азаматтық күрделі идеялық-адамгершілік сапа ретінде, оның 
негізгі элементтері ретінде үйлесімді бірліктегі патриоттық жəне ин-
тернационалды сезімдер, ішкі еркіндік, өзіндік жетістік сезімі, басқа 
азаматтарға құрмет жəне сенім, мемлекет пен қоғамның (халық) 
мүдделеріне адалдық; 
– ар-ұят өзіндік ішкі дауысты тыңдауды жəне мүмкіндіктер пар-
титурасын терең тануды қамтамасыз ететін «ішкі диалогты инстан-
ция» ретінде; 
– интеллектуалды жəне шығармашылық əлеует арасындағы тепе-
теңдік, оның біріншісі тез өзгеретін əлемде тұлғаны тұрақтандыруға
ықпал етеді, ал екіншісі – тұлғаға өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. 
Атап өтетін бір жайт, адамның тұтастығы мен қоғамның да-
муы арасында диалектикалық өзара байланыс болады. Қоғамдық 
мəселелерді шешу тəуелсіз, тұтас адамның белсенді, қайта құрушы 
іс-əрекеті жағдайында ғана мүмкін болады, себебі тұлғаның өзін-
өзі жүзеге асыруы нəтижесінде қоғамның даму үдерісі жүзеге аса-
ды. Егер қоғам біртұтас адамды дамытудың басымдылығына қайта 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет