Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет24/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   205
Акмеология

44
45
бағдарланатын болса, онда адамның тұтастық ретінде қалыптасуы 
тиімді болады, аталған біртұтас адам қоғамның əлеуметтік-мəдени 
парадигмасынан шықпайды жəне бір мезгілде əлеуметтік-мəдени 
парадигманы алмастыру үдерісіне əсер етуге қабілетті болады. 
Адамның тұтастығын құру немесе қалпына келтіру идея-
сы акмеологиялық тұғырдың негізіне алынады. А.А. Деркач атап 
көрсеткендей, акмеологиялық тұғырдың мəні, адамның тұтастығын 
кешенді зерттеу мен құруды жүзеге асырудан құралады, мұнда 
адамның алуан түрлі деңгейдегі сипаттамалар бірлікте, акмеге жету 
үшін барлық өзара байланыстарда зерттеледі. 
Нəтижелі тұрғыда, өзін-өзі жүзеге асыру, адамның іс-əрекетінің 
алуан түрлі аясында өзіндік жүзеге асырудың қорытындысын
шығармашылық даралығын қалыптастыру ретінде болады. Соны-
мен бірге, өмірлік жолдың субъектісі ретінде адам акмеге ұмтылады 
– ол субъектінің өмірлік жолын жүзеге асыру тəсілінің шарықтау 
шегіне ұмтылады.
Осылайша, акме саты немесе дəреже ретінде болады, ал 
адамның тұтастығы – өзін-өзі жүзеге асырудың көрінісі ретінде бо-
лады. Мұнда адам акме күйіне жетуге, нəтижесінде өзін-өзі жүзеге 
асыруға, өзін-өзі дамыту барысында қол жеткізе алады.
Кең мағынасында өзін-өзі дамыту – бұл бар нышандар, қабілет-
тер, біліктер мен сапаларды «кеңейтудің» мақсатты бағытталған 
үдерісі, бұрынғы қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үдерісі. 
Өзін-өзі дамытуға мақсатты бағытталған ішкі белсенділік пен тұлға 
үшін маңызды қасиеттер, қырлар, сапаларды кеңейту мен жетілдіруге 
деген саналы бағыттылық тəн болады.
Акмеология тұрғысында өзін-өзі дамытуды келесі үлгіде 
көрсетуге болады: 
– адамның шығармашылық əлеуетін өзіндік таныту жəне өзіндік 
кеңейту үрдісі; 
– ішкі маңызды талпыныстар мен сыртқы əсерлер негізінде, 
тиімді өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында өзін-өзі жетілдірудің сана-
лы үдерісі; 
– рухани-адамгершілік жəне əрекеттік-практикалық тұрғыда ба-
рынша өзіндік байыту, өзіндік кеңейту жəне өзін-өзі жүзеге асыру 
мақсатына қызмет ететін мақсатты бағытталған, көпаспектілі өзін-
өзі өзгерту. 
Мұнда акмеологиялық талдау маңызды категория болып 
саналады, яғни кəсібилікті зерттеудегі акмеологиялық жағдайлар 
мен факторларды анықтау үдерісін талдау маңызды категория 
болып саналады. Акмеологиялық талдау мен зерттеулер ғылыми 
негізделген қағидаларға сүйенетін болса нəтижелі болады. 
Рефлексивті аспект кəсіби іс-əрекеттің технологиясын меңгеру-
дің жүйе құраушы факторы болып табылады, сонымен бірге ол, ең 
алдымен əлемді танудың тəсілдерін меңгеру мен өзін-өзі дамытудың 
дара стратегияларын, өмірлік жолдың өзіндік траекториясын қа-
лыптастырудың факторы.
Соған байланысты дараландыру жəне болашақ мамандарды 
тұлғалық-кəсіби дамыту үдерісінің қажеттілігі туындайды.
Болашақ мамандарды даярлау мəселесі жəне жоғары оқу 
орындарында білім беру үдерісін ұйымдастырудың тəжірибесі 
мəселесі бойынша жинақталған теориялық білімді саналы мағы-
налау, дараландырудың кəсіби даярлықты жаңа əлеуметтік рөлдер-
ге, халықаралық стандарттарға сəйкестендіруге мүмкіндік береді, 
студентті өзінің тұлғалық-кəсіби дамуының шынайы субъектісі 
етуге мүмкіндік береді.
Т. В. Бурлакова шетелдік жəне отандық зерттеулердің мате-
риалдарын жалпылай отырып, «индивидуализация» ұғымы-ның 
эволюциялық күрделілігін көрсетті.
Т. В. Бурлакова жүргізген тарихи талдау көрсеткендей, «ин-
дивидуализация» терминін енгізуді антикалық философтар 
Левкипп пен Демокриттің есімдерімен байланыстырады, олар 
индивидуализацияны болмысты философиялық түсіндіру негізінде 
болатын қағида ретінде түсіндірді. Индивидуализация қағидасы
Жаңа Дəуір философиясында тұтастың жеке элементтерін талдау 
арқылы, тұтасқа жетелейтін танымның жалпы əдіс мəртебесіне 
ие болды. Немістің классикалық философиясының өкілдері 
индивидуализацияның диалектикалық тұжырымдамасын құрды. 
Индивидуализацияны адамның табиғи, бірыңғай, сезімталдықты
жеңу ретінде түсіндірген Г. Гегельдің зерттеулерінен кейін, 
мəселені шешуде екі қарама-қайшы үрдіс пайда болды. К. Маркс, 
Ф. Энгельс оның шешімін адам мен қоғамның, тұлға мен ұжымның 
өзара қатынастарын ашумен байланыстырды. С. Кьеркегор инди-
видуализацияны адамның өзін тұрақты таңдауы ретінде түсіндіре 
отырып, бұл мəселені индивидуализм тұрғысында шешуге ұмтылды.
ХХ ғасырда индивидуализация мəселесі кез келген іргелі ғылы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет