Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет25/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   205
Акмеология

46
47
ми мəселе ретінде, əдіснамалық, теориялық жəне эксперименттік 
деңгейде шешімін табады.
Индивидуализацияны ғылыми түсіндірудің əдіснамалық негізі 
философтардың еңбектерінде қаланған (М.С. Каган, И.И. Рез-
вицкий, А.М. Эткинд жəне т.б.). Мəселенің теориялық аспектілері 
психологтардың еңбектерінде талданады (К.А. Абульханова,
Б.Г. Ананьев, А.Г. Асмолов, А. Бине, Э. Вебер, Л.С. Выготский,
Г. Гаудиг, Дж. Дьюи, А. Лай, В.Ф. Ломов, М. МакМиллан, М. Мон-
тессори, А. Норт, К. Роджерс, В.И. Слободчиков, Э.Л. Торндайк,
М.А. Холодная, В.Д. Шадриков, Г. Шаррельман, В. Штерн жəне 
т.б.) жəне педагогтардың еңбектерінде (С.И. Архангельский,
Ю.К. Бабанский, А.А. Бударный, М.А. Данилов, Л.В. Занков, А.А. 
Кирсанов, В.М. Монахов, Е.С. Рубанский, В.В. Сериков, И.Э. Унт, 
Т.И. Шамова жəне т.б.) қарастырылады. 
ХХІ ғасырда жедел өзгеретін əлеуметтік шындық пен елдегі 
əлеуметтік-экономикалық 
қайта 
құрулар, 
индивидуализация 
идеяларын, əрбір студенттің өмірлік, кəсіби, тұлғалық өзіндік 
анықталуын қамтамасыз етудегі, оның еңбек нарығындағы бəсекеге 
қабілеттілігінің мəнін, мүмкіндіктерін қайта мағыналаудың 
қажеттілігіне əкелді. Бұдан басқа, көрнекті отандық ғалымдар
(Е.В. Бондаревская, В.И. Загвязинский, В.А. Сластенин) жоғары 
білім берудегі күрделі кемшіліктерді атап көрсетеді, олар 
құндылық-мағыналық ұстанымдардың жоғалуымен, қалыптасқан 
таптаурындардан бас тартуға тілектің болмауымен, іс-əрекеттің 
бейресми нəтижелеріне бағдарлардың болмауымен байланысты.
Т.В. Бурлакова жүргізген қазіргі заманғы энциклопедиялық 
басылымдарды салыстырмалы талдау, индивидуализацияны түсін-
діру, individuum – ерекше, жеке адам, тұлға деген латын сөздерінің 
мəнінен бастау алатынын көрсетеді. Аталған мəндердің қайсысының 
текті мəн ретінде алынуына қарай, индивидуализацияның мазмұны 
келесі үлгіде түсіндірілуі мүмкін: тұлғаның немесе ерекшенің 
дара қасиеттері бойынша анықталуы; тұлғаның оқшаулануы, оның 
даралығының, бірегейлігінің жəне қайталанбастығының зерттелуі, 
əрбір индивидуумның ерекшеліктерін назарға алу; даралықтың 
қалыптасуы.
Педагогикалық акмеология – бұл педагогтің еңбегіндегі кə-
сібилікке жəне құзыреттілікке жету жолдары туралы ғылым. 
Педагогикалық акмеологияның орталық ұғымдарының бірі – бұл 
педагогтің кəсібилік ұғымы. Аталған ұғым педагогтің кəсіби іс-
əрекеттің түрлерін меңгеруін, оқыту мен тəрбиелеу бойынша кəсіби 
педагогикалық міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін, 
кəсіби маңызды, психологиялық сапалардың үйлесімінің болуын 
қамтитын, педагогтің біріктіруші сипаттамасы ретінде түсіндіріледі. 
Педагогикалық акмеологияда жалпы-педагогикалық ұғымдар пе-
дагогтің кəсібилік призмасы арқылы қарастырылады. 
Акмеологияда ересек адамға акме деңгейіне жетуге мүмкіндік 
беретін, бір-бірімен өзара əрекет ететін объективті жəне субъективті 
факторларға ерекше зейін аударылады. «Акме» ұғымы жаңа ғылыми 
пəндегі негізгі ұғымдардың бірі болып саналады. «Акме» термині-
нің басылымдарда белсенді қолданылуына қарамастан, олардың 
мазмұны ересек адамның дамуы туралы ғылымның бейініне сəйкес 
келеді, ол əртүрлі басылымдарда біржақты түсіндірілмейді. Бір 
жағдайда авторлар «акме» туралы айтып, оның астарында адамның 
денсаулығын немесе адамның субъект ретіндегі белгілі іс-əрекетпен 
айналысу нəтижесінде, өзі үшін белгілі бір жоғары нəтижелерге 
жетудегі шыңын атайды. Мұнда адамның қол жеткізетін акме 
деңгейі шектелген, біршама уақытша аралық ретінде болады. Яғни, 
акме – акмеологияның орталық ұғымы.
Кəсіби іс-əрекеттің азаматтығы, еңбектің азаматтығы оны 
қоғамда қабылдаудың немесе қабылдамаудың анықтаушы факторы 
болып табылады. Аталған анықтама акмеологияда кəсібилікпен 
қатар ғылымның əрі қарай дамуының маңызды категориясы ретінде 
азаматтық, кəсіби тұлғаның мемлекеттік категориясы алынуы қажет 
деген болжам жасауға мүмкіндік береді. 
Акмеологиялық зерттеулерде азаматтық құндылықтар ұғымына 
қатысты төрт негізгі анықтама айқындалады: «азаматтық», 
«азаматтық тəрбие», «азаматтық қалыптасу», «азаматтық акме». 
– Азаматтық – белгілі бір мемлекеттің тұрғындарының қа-
тыстылығы; осы мемлекеттің заңдарымен қамтамасыз етілген 
азаматтың барлық құқықтарын қолданудың саналы мүмкіндігі; 
өзекті азаматтық сапалар мен тұлғаның азаматтық қатынастарының 
қалыптасуының белгілі деңгейі, сонымен бірге белгілі азаматтық 
міндеттемелерді орындауға, мемлекетке, өз елінің азаматтарына 
қызмет етуге, мемлекеттің əл-ауқаты мен қоғамдық жағдайына 
қамқор болуға дайындықтың саналы ұғынылған дəрежесі; 
– Азаматтық тəрбие – мемлекеттік жəне азаматтық қоғамның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет