Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет47/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   205
Акмеология

90
91
талған зерттеулер жетекші орын алады. Рефлексивті мəдениет 
кез келген маманның жоғары білікті, кəсіби еңбегінің базалық 
компоненті болып саналады. Рефлексивті мəдениеттің даму деңгейі 
кəсібиліктің деңгейін тікелей сипаттайды, сондықтан олардың 
арасында тығыз функционалды байланыстар болады. 
Бұл рефлексивті мазмұны бар кəсібиліктің акмеологиялық 
детерминаттарын анықтаудың негізі болды: 
♦ тұлғаның кəсібилігіне жəне іс-əрекетіне қойылатын талаптар 
жүйесінің объективті мазмұнын түсіну; 
♦ өзін-өзі дамытудың индивидтік сипатынан субъектілі сипатына 
өту; 
♦ іс-əрекет пен қатынастардың дара-мағыналық түсінуден қо-
ғамдық-мəдени түсінуге алмастыру;
♦ тұлғалық-кəсіби даму үдерісінде рефлексивті алмасудың маз-
мұнын ашу. 
Рефлексивті мəдениетті дамыту келесі нəтижелерге əкеледі: 
♦ дамушы тұлғаның рефлексивті-инновациялық əлеуетін бел-
сендіру; 
♦ тұлғаның кəсіби тəжірибесін қайта мағыналау; 
♦ кəсіби шығармашылыққа даярлықты арттыру; 
♦ кəсіби іс-əрекеттегі рефлексияның өзекті жəне əлеуетті өріс-
терін кеңейту. 
Мұның бəрі тұлғаның креативтілігіне, шығармашылық шешім-
дердің санына жəне сапасына позитивті əсер етеді, салдарында соның 
нəтижесі ретінде іс-əрекеттің тиімділігін арттырады. Инновациялық 
іс-əрекет кəсібиліктің қажетті шарты ретінде қарастырылады. 
Басқа акмеологиялық қасиеттер сияқты, рефлексивті мəдениетті 
дамытудың негізгі əдістері ретінде алынады: 
♦ рефлексивті топтық практикумдар; 
♦ ойынды модельдеу; 
♦ кəсіби өсудің акмеологиялық тренингтері. 
Тұлғааралық таным мен өзара əрекеттестік үдерісінде тиімді 
қарым-қатынасқа ықпал ететін құралдардың бірі ретінде рефлексия 
алынады. Рефлексияның негізгі қызметі – сыни талдау, логикалық 
негіздеу, дара жəне қоғамдық білімдерді жалпылама жүйелеу. 
Рефлексия белгісіздіктің жоғары дəрежесі жағдайында əрекет 
етуге даярлықты; шешім қабылдаудағы икемділікті; өзінің тұлғалық, 
кəсіби жəне коммуникативті тəжірибесінің стереотиптерін қайта 
мағыналау қабілетін жəне т.б. қамтиды. Рефлексия субъектінің 
ішкі психикалық актілері мен күйлерін өзіндік тану үдерісі ретінде 
қарастырады. Субъект топтық өзара əрекеттестікті ұйымдастыру 
туралы; басқа адамның ішкі əлемі мен оның əрекетінің себептері 
туралы; өзіндік «Мені» жəне өзінің мінез-құлқы туралы; тұлғамен 
əрекет етудің объектілері мен тəсілдері туралы рефлексиялай ала-
ды. Коммуникативті аспектіде рефлексия тұлғааралық қабылдаудың 
маңызды құрамдасы ретінде қарастырылады. 
Коммуникация үдерісі адамға өзіне сырт көзбен қарауға, 
сөйлеудің, ым-ишараның жəне мінез-құлықтың ерекшеліктерін 
саналы ұғынуға мүмкіндік береді. Коммуникацияда өзін-өзі тану 
үдерісі – қабілеттер, қызығушылықтар, мотивтер жəне т.б. дамиды. 
Рефлексия адамның өзін барлық жетістіктері мен кемшіліктері-
мен қабылдауына, өзін жəне басқа адамдарды коммуникативті өзара 
əрекетте тануға, бірлескен іс-əрекетті ұйымдастыруды, эмоционалды 
қатынастарды құруға ықпал етеді. 
Сондықтан, адекватты коммуникативті бейнені құра отырып, оқу 
жəне қайта оқу қажет. Коммуникативті мінез-құлықты түрлендіру 
жəне тұлғааралық қатынастағы тиімділікті жақсарту үшін, оқу 
үдерісінде ойын, рөлдік модельдеу, психогимнастика, жобалаушы 
сурет салу, пікірталас жəне т.б. сияқты оқытудың топтық əдістері 
қолданылады. 
Аталған əдістердің маңызды ерекшелігі ретінде, танымдық 
үдерісті эмоционалды тұрғыда ынталандырудың үлкен мүмкіндігі 
алынады. Жаттығуларға, ойындарға, пікірталастарға белсенді қатысу, 
коммуникативті үдеріс туралы білімді дамытады, логикалық тұрғыда 
ойлау, салыстыру, жалпылау білігін қалыптастырады. Меңгерілген 
білімдер өзіндік тəжірибе ретінде қабылданады, сондықтан олар аса 
тұрақты, сенімдер категориясына өтеді. 
Акмеологияның негізін қалаушылардың бірі А.А. Бодалев 
былай жазады: «Тəрбие адамды үздіксіз өзін-өзі дамытуға бағыттап, 
ынталандырған жағдайда ғана шынайы нəтижелі болады». 
Акмеологиялық тұғырдың аясында кəсіби өзіндік білім алу қабілеті 
акмеологиялық фактор ретінде болады.
Акмеологиялық факторлар – қозғаушы күштердің сипатына ие 
болатын негізгі себептер, тұлғаның ілгері дамуы мен кəсібилігінің 
басты детерминанттары. Қазіргі заманғы ғылымның анықтаған 
акмеологиялық факторлардың бірі ретінде, адамның өзін-өзі жүзеге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет