340
3. Программа автоматты түрде орындалады.
ЭЕМ жады түрлері. Жадыны ішкі жəне сыртқы деп бөлу бұрын
да айтылған болатын. Жадының бұл түрлерінің қандай қасиеттерін
оқушылар меңгеруі тиіс? Екі қасиет типі: физикалық қасиеттері
жəне ақпаратты ұйымдастыру принциптері туралы айта кету керек.
Ішкі жады. Ішкі жадының негізгі бөлігі оперативті есте сақтау
құрылғысы (ОЕСҚ) болып табылады. ОЕСҚ физикалық қасиетіне:
– электрмен қамтамасыз ету болғанда ғана ақпаратты сақтайтын
электрондық элементтерден (микросхема) құрастырылған жады;
осы себептен ішкі жадыны энергиядан тəуелді деп айтуға болады;
– бұл
жылдам жады, оған ақпаратты енгізу (жазбалар) жəне
жүргізу (оқу) уақыты өте кішкентай – микросекундтарды құрайды;
– бұл жады көлемі бойынша үлкен емес (сыртқа жадымен
салыстырғанда).
Оқушыларға ішкі жадының екі түрі туралы қосымша хабарлау
керек: тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) жəне кэш-жады.
Ішкі жады. Жоғарыда белгіленген
ішкі жадының физикалық
қасиеттеріне ұқсас, сыртқы жадының қасиеті:
– сыртқы жады энергияға тəуелсіз, яғни ондағы ақпарат, ком-
пьютер қосылып жəне ажыратылып тұрса да, компьютерге тасымал-
даушы қойылса да немесе үстел үстінде жатса да сақталады;
– ішкі жады – оперативті жадыға қарағанда жəй; ақпаратты оқу-
жазба жылдамдығын арттыру ретіндегі,
сыртқы жады құрылғысы
былай орналасады: магнитті ленталар – магнитті дискілер –
оптикалық дискілер – флэш-карталар;
– ішкі жадыға қарағанда сыртқы жадыда орналасқан ақпарат
көлемі көп, ал тасымалдаушылардың мүмкіндіктерін есепке алу –
шектелмеген.
Мұғалім сыртқы жады құрылғылары мен тасымалдаушыларын:
магниттік, оптикалық, флэш-карталар көрсетуі жəне айтуы, олардың
мүмкіндіктерін атауы қажет.
Енді ақпаратты ұйымдастыру принциптеріне тоқталсақ. Базалық
курсты оқып-үйрене отырып, оқушылар келесілерді білуі тиіс:
1. компьютер мəліметтердің (өңделетін ақпаратты): символдық,
сандық, графикалық, дыбыстық түрлерімен жұмыс істейді;
2. кез келген ақпарат компьютер жадында (соның ішінде про-
граммалар) екілік код түрінде беріледі.
Келтірілген тұжырымды оқушыларға тақырыпты өту барысында
хабарлау керек жəне келесі тақырыптарда оған тоқталмауы қажет.