342
іздеуде файлдың аты көрсетілуі тиіс; ақпаратты сақтау файлға нақты
атау беру арқылы жүзеге асырылады.
Файл ұғымын оқушылар компьютердегі практикалық жұмыс
тəжірибесі жинақталғаннан кейін бірте-бірте қабылдайды.
Бірінші
қолданбалы тақырыпта – мəтінмен жұмыста – оларға файлдарды
сақтау, файлдарды ашу жүктеледі. Сонда ғана файл туралы түсінік
абстракты түрден нақтыға айналады.
Кітаптық аналогия оқушыларға дискінің түбірлік каталогы
қызметін, оның мазмұнын түсінуге көмектеседі. Бұл дискідегі файл-
дар туралы мəлімет қамтылатын тізім; кейде оны дискі директория-
сы деп те атайды. Каталогта файл туралы мəлімет қамтылады (аты,
байт түріндегі өлшемі, дайындалу күні
мен уақыты немесе соңғы
өзгеріс).
Бұл ақпарат арнайы жолдарда сақталады. Егер файлдар тізімін
экранға шығарса, онда кітаптың мазмұнын қарауға ұқсас, одан
дискіде қамтылған түсініктерді алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: