381
малар, шығындар сметасы жəне т.б. Сонымен қатар, математикалық
есептерді сандық əдістермен шешу кестелік түрде
орындау
ыңғайлы. Электрондық кестелер осындай есептеулерді автомат-
тандыруда ыңғайлы аспап бұрын тек бағдарламалау жолымен ғана
жүзеге асырылатын. Көптеген есептеуіш есептерін ЭЕМ-да шешуді
электрондық кестелерде жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды.
2. Математикалық модельдеу. ЭК-де математикалық формула-
ларды қолдану қандай да бір нақты жүйенің əртүрлі
параметрлері
арасындағы өзара байланысты көрсетуге мүмкіндік береді. ЭК-
дің негізгі қасиеті – операндалардың құрамындағы мəндерді
өзгерту барысында формуланың жылдам қайта есептелуі. Кесте
осы қасиетімен сандық тəжірибені ұйымдастыруда ыңғайлы аспап
екендігін көрсетеді:
параметрлерді таңдау, модельденетін жүйенің
тəртібін болжау, тəуелділіктерді талдау, жоспарлау. Модельдеу
үшін қосымша ыңғайлылық мəліметтердің графиктік көрсетіліміне
мүмкіндік береді.
3. Электрондық кестені мəліметтер қоры ретінде қолдану.
Əрине, МҚБЖ-сімен салыстырғанда ЭК-лердің бұл салада аздаған
мүмкіндіктері бар. Дегенмен реляциялық МҚБЖ-сіне сəйкес
мəліметтерді басқарудың кейбір операциялары электрондық кес-
телерде де жүзеге асырылған. Мысалы,
берілген шарт бойынша
ақпаратты іздеу жəне ақпаратты сұрыптау.
Сабақтарда оқушыларға нақты кестелік процессорды меңгеру
керек. Ақпараттық технологияларды қарастыратын алдыңғы
тақырыптардағыдай виртуалды орындаушының əдістемелік сызба-
сын ұстану керек, элементтері ортаны оқып-үйрену, жұмыстардың
режимдерін, командалар, мəліметтердің жүйелері болып табылады
[3].
Достарыңызбен бөлісу: