Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ  МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ БУЫНЫНДА



Pdf көрінісі
бет214/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

20-ТАРАУ
 МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ БУЫНЫНДА 
ИНФОРМАТИКАНЫ САРАЛАП ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Саралап оқыту қазіргі кезде мектептің басты мəселелерінің бірі 
болып отыр. Ол жеке тұлғаға бағыттап оқытуды, оқушылардың 
танымдық 
белсенділіктерін 
дамытуды, 
оқушының 
кəсіби 
мамандығын таңдауды, сонымен қатар оқушының білімін ары 
қарай жалғастыру үшін жоғары оқу орынын таңдауын іске асыруға 
мүмкіндік береді.
Информатика саралап оқыту табиғи түрде іске асырылатын 
пəн болып табылады. Оған информатиканың ғылым ретіндегі 
сипаты жəне ақпараттық технологиялар жиынтығы, сыртқы 
жағдайларға байланысты оның мектепте енгізілуі мысал бола алады. 
Информатиканың базалық курсының өзі сараланған болып табыла-
ды, себебі оның мазмұны əр түрлі оқулықтарда əр түрлі беріледі.
Информатика курсын нақты саралау бір тақырып баяндаудың 
əр түрлі əдістемесі емес, сараланған курстардың мазмұны мен 
өзгешелігіне байланысты болады. Тек қана информатиканың 
базалық курсы оқытылып біткеннен кейін ғана мектептің жоғары 
басқышында саралап оқыту мүмкін болады.
Кəсіби-сараланған информатика курсының жалпы мақсаты мен 
міндеті:
– əр оқушының қызығушылығын есепке алу;
– кəсіби дайындыққа дейінгі бағытты ескеру;
– ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
– оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жетелеу;
– оқушыларды тəжірибелік еңбекке жəне білімін жалғастыруға 
дайындау;
– компьютермен кəсіби жұмыс істеу шеберлігін дамыту.
Кəсіптік курстың мазмұнын анықтау барысында іргелі жəне 
қолданбалы курстарды бөліп алуға болады. Іргелі курстардың 
мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру бол-
са, ал қолданбалы курстың мақсаты – оқушыларды тəжірибелік іс-
əрекетке дайындау болып табылады.


495
Іргелі курстың мазмұнын саралау бағыты – мектептегі 
(сыныптағы) маманданудың нақты бағыты болып табылатын пəндік 
аумаққа байланысты анықталады.
Мектептің негізгі мамандандырылған бағытын мынадай білім 
беру (пəндік) аумақтарымен алынса:
– филология;
– қоғамтану;
– математика;
– жаратылыстану;
– технология, онда осылардың əрқайсысына сəйкес информати-
каның кəсіптік курстар жиынтығы болуы шарт.
Осы курстардың əрқайсысында информатиканың осы пəндермен 
сəйкес келетін тараулары оқытылады. 
Мұндай курстардың негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми 
көзқарасын дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, басқа 
іргелі ғылымдарды ғылыми таным əдістерімен байыту (модельдеу, 
формальдау жəне т.б.).
Қолданбалы кəсіби курстары пəндік аумақ бойынша сараланбай-
ды, ақпараттық іс-əрекет түрінің критерийі бойынша сараланады.
Мұндай курстардың мақсаты – əртүрлі аумақтарда ғылыми-
ақпараттық технология құралдары мен əдістерін қолдану дағдыларын 
қалыптастыру болып табылады.
Адамның ақпараттық іс-əрекетінің түрлері (ақпаратты жинау, 
өңдеу, сақтау) нақты пəндік аумаққа сəйкес, сондықтан саралап 
оқытудың негізгі критерийі ақпараттық іс-əрекеттің құрылымы мен 
компоненті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет