Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет216/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

20.1 «Компьютерлік графика» курсы
Түсінік хат
Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының 
барлық түрін ақпараттандыру – бүгінгі күннің негізгі талабына 
айналып отыр. Ал бұл талапты қанағаттандыру үшін мамандарды 
осы бағытта дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан аталған 
қажеттілікті шешу барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар 
қажет екенініне талдау жасап, қажетті мамандарды дайындаудың 
оқу бағдарламысын, оқу-əдістемелік кешендері мен қолданбалы 
программалық құралдарды жасақтау қажет.
Компьютерлік программалардың ішінде өте жылдам қарқынмен 
дамып келе жатқандары «объектілі-бағытталған программалау» жəне 
«компьютерлік графика». Олардың көмегімен əр түрлі электрондық 
қабықшалар құруға болады. 
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік 
бағдарламалаушы, администратор жəне т.б. мамандардың қажет 
екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат 
құралдарынан да көруге болады. Бұл компьютерлік графиканы, Flash 
– технологияны, интернет – технологияны оқу керектігін көрсетеді. 
Сондықтан осы курсты оқу барысында программалық жабдықтау 
ретінде Macromedia Flash программасы қолданылады.
Осы мақсаттағы жасалып отырған «Компьютерлік гра-
фика» бағдарламасы, оқушыларға Flash-технологиялар, Web-
технологиялар, компьютерлік анимация, оқыту кешендерін дай-
ындау бойынша теориялық мəліметтерді беруге жəне тəжірибелік 
жұмыстарды орындауға арналған.
Мультипликациялық бейнелер жасауға арналған Macromedia 
Flash программасы өңдеушілер арасында кеңінен қолдау тап-
ты. Қазіргі кезде Macromedia Flash программасы – интерактивті 
векторлық анимация жасайтын, web-сайттарды жасауға арналған 
жетілдірілген программа болып табылады. Қазірді таңда өңдеушілер 
Flash-тың көмегімен мультимедиалық жарнамалар, Web-беттер
ойын программаларын жəне электрондық оқулықтар құруда.


498
Осы бағдарламаны жоғары немесе орта буынның оқушыларымен 
факультатив сабақтарында жəне үйірме жұмыстарында жұмыс істеу 
кезінде қолдануға болады.
Бағдарлама аптасына 1 сағаттан, оқу жылына 34 сағатқа ар-
найы құрылды. Бағдарламаға бақылау жұмыстары, тəжірибелік, 
шығармашылық жұмыстар енгізілді (13-қосымша). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет