Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


“Информатика жəне есептеуіш техника негіздері”



Pdf көрінісі
бет25/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

3.2 “Информатика жəне есептеуіш техника негіздері” 
курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. 
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы
Мектепке «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» 
пəнін енгізудің стратегиялық мақсаты жаңа оқу курсының алғашқы 
бағдарламаларында жарияланғанындай «... жастардың есептеуіш 
техниканы жан-жақты жəне терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми-
техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде 
қарастырылған [12]. Бұл адам іс-əрекетінің əр түрлі саласында ком-
пьютермен тікелей, үздіксіз жұмыс істейтіндердің санының күрт 
өсуіне алып келетін дербес компьютерлердің кеңінен таралуымен 
түсіндіріледі.
«Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнінің негізгі 
мақсаты:
– есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері 
мен əдістерін жəне есеп шығару үшін компьютерді қолданудың 
қарапайым шеберлігін қалыптастыру;


64
– оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі рөлімен 
жəне есептеуіш техниканың даму болашағымен таныстыру. 
«Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнін енгізу 
жаратылыстану пəндерін сапалы деңгейде оқып үйрену үшін 
алғышарттар туғызады. Сондықтан, оқушылардың сабақта ЭЕМ-ді 
қолдану мүмкіндігі оқудың көрнекілігін неғұрлым оңай меңгеруге 
əкеледі, оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін едəуір кеңейтеді, 
олардың өз бетімен оқу əрекеттерін елеулі белсенді түрге енгізеді.
Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты 
мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика жəне 
есептеуіш техника негіздері» пəнінің бірінші бағдарламасында 
оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. 
Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика жəне 
есептеуіш техника негіздері» пəнін енгізумен бірге қалыптасып, 
бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдарының қатарына 
қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын 
қалыптастыру əрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-
ақ жасалынған [12], алайда жүйеленген мазмұндамаларда 
компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информа-
тика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнін оқытудың алғашқы 
əдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында 
жазылған [13]. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының 
мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген 
[13]:
– ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде 
программа, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу 
əдістері мен тəсілдері, программалау тілдерінің бірінде программалау 
негіздері;
– ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
– ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі элементтерінің жұмыс істеу 
принциптері;
– өндірісте жəне адамзат іс-əрекетінің басқа салаларындағы 
компьютердің рөлі жəне қолданылуы.
Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық 
ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мəдениеті 
ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы 
мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі 
қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі сияқты «машиналық» компоненттерді 


65
қосу арқылы кеңею нəтижесінде пайда болатындығын көрсетеді. 
Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мəдениет 
ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген 
түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі – 
«сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын 
аяқтау жəне жүйелеу» [12, 5-б.] жəне ИЕТН курсының алғашқы 
əдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған 
əдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мəдениетінің 
компоненттерін 
қалыптастыру 
компьютерлік 
сауаттылықты 
қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды» [14, 3-б.] 
Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік түрде былайша белгілеуге 
болады (3.1-сурет):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет