Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПƏНІН ЕНГІЗУДІҢ



Pdf көрінісі
бет23/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

3-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПƏНІН ЕНГІЗУДІҢ 
МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 Мектеп информатика пəнінің жалпы жəне нақты 
мақсаттары жайлы
Білім берудің жалпы мақсаттарын, оның ішінде мектепте 
жалпы білім берудің мақсаттарын, өзінің заңды қоры негізінде 
педагогикалық саясатының жалпы принциптерін қалыптастыратын 
мемлекет анықтап белгілейді. Бұл бағытта алдымен білім берудің 
гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары 
тұруы, адам өмірі мен денсаулығы, жеке тұлғаның еркін дамуы, 
азаматтық тəрбие жəне отанға деген сүйіспеншілік бірінші орын-
да тұрады. Білім берудің мақсаты: жанұя, қоғам жəне мемлекет 
алдындағы жауапкершілікті ұғынатын, Конституцияны, заңды, 
басқа азаматтардың бостандығын жəне құқығын құрметтейтін
адамдар, халықтар, əртүрлі нəсілдік, ұлттық, этникалық, діни, 
əлеуметтік топтар арасында өзара түсіністікке бейімделген, дер-
бес, еркін, мəдениетті, өнегелі жеке тұлғаны қалыптастыру болып 
табылатындығын педагог мамандар басты назарда ұстайды.
Жалпы орта білім беретін оқу орындарының басты міндеттері 
мынандай негізде құрылады:
– оқушылардың қоғамдық жəне өндірістік қажеттіліктерін 
анықтайтын білім жүйесін меңгеруін қамтамасыз ету;
– ғылыми дүниетанымдық, саяси, экономикалық, құқықтық 
мəдениетті, гуманистік құндылықтарды жəне өз бетімен білімді са-
налы толықтыруды, шығармашылық ойлауды қамтамасыз ету;
– халықтың ұлттық-мəдени қажеттіліктерін қанағаттандыру
физиологиялық жəне моральдық дені сау ұрпақ тəрбиелеу;
– жастардың саналы азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, 
адамгершілікті сезіне білуге дағдыландыру, демократиялық өзін-өзі 
басқаруға қатысуға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға ұмтылдыру;
Қазіргі кезде орта мектеп жалпы білім берудің, дамудың жəне 
жан-жақты даму заңдылықтарының негізін қалайтын, əрбір 
жеткіншектің алғашқы кəсіби дайындығын, үзідіксіз білім алуға 


60
бейімделуін жəне таңдаған мамандығын меңгеруін қамтамасыз 
ететін мəдени орын болып табылады.
Жоғарыда келтірілген жобалық нəтижелер, мектептің оқу-
тəрбиелік іс-əрекетінің нəтижесін жалпы орта білім беру жүйесінің 
алдына қойылатын талаптарды, мектептегі білім беру жүйесінің 
алдында қойылатын белгілі негізгі үш топқа, яғни білім беру жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет