54
–
кəсіби-бағытталған – жоғары мектепте
өндірістік практика
барысында пайда болатын əдістемелік құзырлылықты дамыту;
–
оқу-зерттеушілік – информатиканың педагогикалық қосым-
шалары саласында оқушылардың оқу-зерттеушілік іс-əрекеттерін
жандандыруға бағытталған.
ǑǶǽǷǹǵǩǻDZdzǩǵçßǩǴȎǵȎǶȎãÝǭȎǺǻǮǵǮǴȎdz
áçǰȄǹǴȄǴȄßȄ
ǘÝǶǭȎdz ǑǶǽǷǹǵǩǻDZdzǩǸÝǶȎǶ
ǩǴßǩȁáȄǸÝǶǭȎdzǪȎǴǼȎ
ǕǮǻǩǸÝǶǭȎdz
ǯǩǴǸȄdzÝǺȎǪDZ
ǪǩǰǩǴȄá
dzÝǺȎǪDZǪǩßȄǻǻǩǴßǩǶ
ǷáǼǰǮǹǻǻǮǼȁȎǴȎdz
2.1-сурет. Информатика мұғалімінің əдістемелік құзырлылығы
Қазіргі жағдайда информатика мұғалімінің жалпымəдени
құзырлылығы мен тұлғалық əлеуетін (əлеуметтік мəдениетті
əдіс) дамыту өзекті мəселе болып отыр,
бұл жағдайда оның іс-
əрекеті тұлғаға-бағытталған білім беру парадигмасын (тұлғаға-
бағытталған əдіс) түсінуге негізделуі қажет. Кəсіптік қызметте АКТ-
ны практикалық қолдану информатика мұғалімінің əдістемелік
құзырлылығының интегративті құраушысы ретінде ақпараттық-
коммуникациялық құзырлылыққа бағытталған [27].
Əдістемелік құзырлылықтың қалыптасуы мен даму нəтижесі ин-
форматика мұғалімінің кəсіптік қызметке дайындығынан көрінеді,
оның
мазмұнын жобалау, ұйымдастыру жəне коммуникативтік
біліктіліктерінің үш тобы арқылы анықтауға болады [2].
Информатика мұғалімінің жобалау біліктілігі білім беру
үдерісін жобалауда көрінеді (білім
беру алаңдарын бөлу, олардың
кезеңмен іске асыру тəсілдерін негіздеу, білім беру үдерісінің
қатысушыларының іс-əрекеттері мазмұны мен түрлерін жоспарлау).
Информатика мұғалімінің ұйымдастыру біліктілігі тобына:
– мотивациялық біліктілік – оқушылардың информатикаға деген
55
тұрақты қызығушылықтарын дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру
жəне проблемалық жағдайларды туызып жəне оларды шешу арқылы
жеке ақпараттық ортаны ұйымдастыру тəсілдеріне оқыту;
– ақпараттық-дидактикалық – білім
ақпараттық ресурстар-
мен жұмыс істей білу, ақпарат алу жəне оны білім беру үдерісінің
мақсаты мен міндеттеріне сəйкес қайта өңдеу; қазіргі заманғы оқыту
əдістерін, түрлерін жəне құралдарын қолдану;
– дамытушы – əр түрлі оқу пəндерін оқытуда информатиканың
əдістерін жəне АКТ құралдарын меңгеру мен қолдану арқылы
танымдық тəуелсіздікке, интеллектуальдық жəне шығармашылық
қабілеттілікке ынталандыру; алгоритмдік жəне жүйелі ойлауды да-
мыту;
– кəсіпке бейімдеушілік – еңбек
нарығында талап етілетін
əртүрлі салада ақпараттық іс-əрекет тəжірибелерін жинақтау;
– рефлексивтік – мұғалімнің өзіне бағытталған, бақылау-бағалау
іс-əрекетіне байланысты.
Информатика мұғалімінің коммуникативтік біліктілігі ақпа-
раттың əр түрлі көздерін пайдалану арқылы танымдық жəне
коммуникативтік есептерді шешу үдерісінде, информатика мен АКТ
құралдарымен бірге іс-əрекет ету біліктіліктерінде көрінеді.
Əдістемелік құзырлылықтың жоғарыда аталған құраушыларына
ие болу информатика мұғалімдерінің информатиканы оқытудың
қазіргі заманғы түрлері мен əдістерін меңгерулеріне қажетті алдын
ала жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: