11
3. Модель 6
cағат
4. Кибернетикалық жүйеде ақпараттың
өрнектелуі (берiлуi) 6
сағат
Түрлендiру жəне информатика түрлендiрушiлері
Алгоритм жəне ақпаратты түрлендiру 12
сағат
Ақпаратты логикалық түрлендiрушiлер 24
сағат
Шектеулі автоматтар 14
сағат
Цифрлық есептеу машиналары (ЦЕМ) 18
сағат
ЦЕМ үшін программалау 14
сағат
Сигнал жəне ақпарат
Ықтималдықтар теориясының элементтері 8
сағат
Энтропия жəне ақпарат 8
сағат
Кодтау жəне хабарлардың берілуі 8
сағат
Басқару жүйесін құру принциптері 12
сағат
Қорытынды 2
сағат
Осы зерттеуде
қарастырылған басқару, автоматтандыру, со-
нымен
қатар ақпаратты сақтау, тарату, түрлендiру мен пайдалану
сияқты кибернетикалық категориялар
мен ұғымдар кейіннен алго-
ритмдеу мен программалау негіздерiмен қатар мектеп информати-
касы курсының негiзгi компоненттерінің қатарына енгізілді. Сол
себептен осы
теориялық тұрғыда негізделген, тəжірибелік жұмыс
үдерісінде əдістемелік тұрғыда сынақтан
өткен кибернетиканың
жалпы білім беру курсының негіздері (қазіргі атымен атағанда –
информатиканың) қазіргі мектеп информатика курсының іргелі
компоненттерін қалыптастырудың
алғы шарттары жасалды деп
есептеуге болады.
Математикалық
логиканы
оқитын
оқушылардың
оқу
бағдарламасына кибернетика элементтерін енгізу бойынша тəжірибе
жұмыстары 1960 жылдардың басында біршама басқа тұрғыда, «фа-
культативке» дейінгі кезеңде Ялта қаласының мектебінде жəне
оқушылардың «Ізденуші» Кіші Ғылым Академиясының базасында
В. Н. Касаткиннің басшылығымен жүзеге асырылды [24]. Мұғалімдер
мен оқушыларға арналған жаңа оқу əдебиетінің шығуына жəне
кең таралуына мүмкіндік туғызған бұл бастамалар [25, 26] сəйкес
факультативтік
курстардың енуіне ғана емес, сонымен бірге, жал-
12
пы орта білім берудің мазмұнына кибернетика элементтерін енгізу
идеясын белсенді түрде қолдауға да негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: