13
Шынын
айту керек, ЭЕМ үшiн программалауды жəне кибер-
нетика элементтерін оқытуға арналған арнайы факультативтік
курстар кең көлемде тарала алмады. Бұл басты екі нəрсеге –
мұғалімдердің курсты өткізуге дайын еместігі мен материалдық
базаның жеткіліксіздігіне байланысты болды.
Сонымен бірге, сол
кездегі КСРО-ның ЭЕМ-ді шығару саласында артта қала баста-
уынан туындаған программалау бойынша əдебиеттерді идеялық
тұрғыдан қайта жарақтандырудың ұзаққа созылуы да əсерін
тигізді. Осының салдарынан, 70-жылдардың
ортасында мектеп-
терге программалаудың ескірген тəсілдері негізінде құрылған оқу
құралдары ұсынылды. Не дегенмен, табанды насихатталынып, көп
жағдайда, оның ішінде, машинасыз оқыту жағдайында да практик
мұғалімдердің тек ынта-ықыласының арқасында сақталынып қалған
программалау бойынша
арнайы факультативтік курстар, қалай
болғанымен, мұғалімдер арасында жаңа қызықты жəне практикалық
мəнi бар сала – ЭЕМ үшiн программалау туралы түсініктің таралуы-
на мүмкіндік туғызды.
Осындай жолмен жиналған тəжірибелер, əсіресе, есептеу тех-
никасымен жабдықталған ғылыми-өндірістік кəсіпорындар мен
мектептер арасындағы байланыстардың дамуы оқу-өндірістік ком-
бинаттары базасындағы мектептік білім беру саласына программа-
лау мен есептеу техниканы ендірудің жаңа арнасының дамуына жол
ашты.
Достарыңызбен бөлісу: