Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны



Pdf көрінісі
бет79/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

8.3.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны адам өмірінің түрлі қырлары 
баланың жеке тəжирибесінде нақты орын алған бейімделген
əлеуметтік тəжірибені қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстардың 
мазмұнын топтау төменгі факторлармен сипатталады:
– эмоционалдық аспектіні ақпараттық аспектімен басып озу, 
тиімді тəрбиелік əрекетке бала сезіміне, оның уайымына, яғни 
эмоция арқылы ақылына қарауды талап етеді;
– сыныптан тыс жұмыс мазмұнында анықтауыш мəндер білімнің 
тəжірибелік қырына ие, яғни, сыныптан тыс жұмыс мазмұны түрлі 
білік пен дағдыны бекітуге бағытталған. Сыныптан тыс жұмыс 
кезінде оқу біліктілігі қалыптасады, ақпараттарды іздеуде, түрлі 
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда, қарым-қатынасқа 
түсуде, серіктес бола білуде, этикалық нормаларды сақтау кезінде 
өз бетімен жұмыс істей алу қабілеті қалыптасады. Сыныптан тыс 
жұмыстың мазмұнында теориялық аспектіні тəжірибелік аспекті 


228
басып озатын болғандықтан, мазмұнды əлеуметтік тəжірибені 
сол немесе басқа аумақтан меңгеретін оқушы əрекеті тұрғысынан 
қарастырған дұрыс.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі танымдық іс-əрекет танымдық 
қызығушылықты, оқудың тиімді əсерін, оқу біліктіліктерін 
қалыптастыруға арналған. Танымдық іс-əрекет оқу əрекетін басқа 
формада қолдану арқылы жалғасады. Бұл «Қызығушылар турнирі», 
«Не? Қайда? Қашан?», КТК, есептеуіш орталығына саяхат жəне т.б. 
үйірмелер болуы мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарлама бойынша 
білімін тереңдетуге, олардың логикалық ойлау қабілетін, зерттеушілік 
біліктіліктерін арттыруға, информатика тілін меңгеруге, информа-
тика тарихы бойынша оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына 
арналған.
Сыныптан тыс сабақтар оқушыларды оқытуда құрылымдық 
біліктілікке, модельдеу дағдысына, көрнекілік пен программалық 
құралдар дайындауға бағытталған тəжірибелік мазмұнда бола алады 
жəне болу керек.
Мектеп оқушыларын тəрбиелеу кезінде қосымша əдебиеттермен 
жұмыс істеуге үйретуге бағытталып ұйымдастырылған, бағытталған 
жұмыстардың рөлі зор. Бұл жұмыстың мақсаты оқушыларда білім 
қорын көруге, оқу мəдениетін меңгеруге арналған.
Жоғары сынып оқушыларының оқу шеңбері көркем əдебиет, 
ғылыми-атақты əдебиеттер, ақпараттық əдебиеттер, сонымен 
қатар кəсіптік бағыттағы олардың қызығушылығымен байла-
нысты əдебиеттер болуы керек. Мұндай кезде конференциялар, 
пікірталастар, кітапхана ісі жайындағы тапсырмалар тиімді. Бұл 
əрекет баяндама, реферат жазу кезінде көрініс береді.
Қызықтырушы əрекет оқушылардың толыққанды демалысын 
ұйымдастыру кезінде қажет, ол жағымды эмоцияларды, ұжымдағы 
достық атмосфераны қалыптастыруға көмектеседі. Бұл кезде КТК, 
«Компьютерлік əзіл» тағы басқа сыныптан тыс жұмыс формаларын 
қолданған тиімді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде екі – танымдық 
жəне қызықтырушы аспектілер бірігеді. Мысалы, «Ғажайыптар 
алаңы», «Маңызды информатика», қиялшылдар конкурсы, вик-
ториналар жəне т.б. Қай аспектінің басым екендігін анықтау үшін 
мұғалімнің нақты формадағы сыныптан тыс жұмыстың мақсатын, 
міндетін, қызметін талдау жасау керек.


229
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі еңбектік іс-əрекет еңбектің əр 
түрінің мазмұнын береді. Мұғалімге сыныптан тыс жұмыстың еңбек 
əрекетін ұйымдастыру кезінде кейбір қиыншылықтар туындайды, 
бірақ оқушылардың түрлі жүйелік еңбек əрекеті беретін тəрбиелік 
нəтижесі мұғалімнің еңбегін ақтайды.
Берілген нəтиже еңбекке қажеттілік кезінде, өзін еңбекпен қамту 
кезінде көрініс береді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде көрнекіліктер, 
кабинетті өңдеу жұмыстарын, педагогикалық программалық 
құралдарды жасауға болады.
Шығармашылық іс-əрекет оқушылардың қызығушылығын, 
олардың 
шығармашылық 
əлеуетін 
ашуға 
бағытталған. 
Шығармашылық іс-əрекеттер программалаушылар конкурсы, 
компьютерлік графика көрмесі, шығармашылық жобалар сияқты 
сыныптан тыс жұмыс формаларында көрінеді.
Жоғарыдағы аталған əрекеттердің ең басты міндеті оқушы бойын-
да дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерін 
қалыптастыру болып табылады.
Сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыста құлықтық 
тəрбиенің орны бөлек, ең маңызды міндеттің бірі оқушы бойында 
қоғамдық міндетке танымды қарым-қатынас білдіру, сөз бен істің 
бірлігін күнделікті өмірдің қалыпты ісі екендігін қалыптастыру. Ин-
форматикадан сыныптан тыс жұмыс та оқушыларды ақпарат пен 
программалық құралдарды қолданудың құқықтық нормаларымен 
таныстыру керек.
Эстетикалық тəрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстар тұлғаның 
жан-жақты дамуы міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады. Егер 
мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдағы пəндердің аз ғана 
орын алатынын ескеретін болсақ, бұл əрекеттік маңыздылығы ашық 
көрінеді.
Мектеп эстетикалық тəрбиенің жалпы міндеттерін шешеді: 
эстетикалық сезімдерін қалыптастыру, əдемілікті қабылдай білу, 
қоршаған ортаға əдемілікті көрсету; сұлулық пен табиғат, қоғам, 
адамның іс-əрекеті, шығармашылық қабілеттері, біліктілік пен 
дағдылары жайлы дұрыс көзқарастарын дамыту; көркемдік 
көзқарастарын кеңейту; оқушыларды өнердің түрлі саласымен та-
ныстыру. Бұл міндеттерді көркемдік шығармашылықта тəрбиелеу 
мен оқушыларды көркемдік іс-əрекеттердің барлық түріне баулу 
қажеттілігімен шешуге болады.


230
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектепте бірдей 
емес. Оған келесі факторлар əсер етеді:
– мектептің өзіндік дəстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы, 
мектеп сыныптан тыс жұмыс кезінде танымдық аспектілер 
қалыптастыратын пəндік кəсіпке ие. Көркемдік, экономикалық, 
физикалық-математикалық жəне т.б. мектептегі жəне сыныптағы 
тəрбие кəсіпке сай;
– жас ерекшеліктері, сыныптың, оқушылардың жеке дара 
ерекшеліктері;
– компьютерлік техниканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, 
информатика кабинетінің жабдықталуы жəне т.б.;
– мұғалімнің өзіндік ерекшеліктері, қызығушылықтары, 
баптаулары. Егер мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нəтижеге 
қол жеткізгісі келсе, онда ол сыныптан тыс жұмыс мазмұнын сол 
мақсатқа жетуге бағыттап жасайды. Басқа мұғалімге оқу үдерісі 
кезінде оқушы тұлғасын қалыптастыру маңызды, сондықтан 
сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық, шығармашылық іс-
əрекетке бағытталған приоритеттер береді.
Информатика мен компьютерлік техниканың жылдам дамуына 
информатикадан сыныптан тыс жұмыс мазмұны əсер етеді. Сонымен 
қатар сыныптан тыс əрекеттің көлемі, оның қиындық деңгейлері, 
оқушылардың даму деңгейлері маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет