Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет78/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Сыныптан тыс жұмыстың қызметтері
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері оның – 
білімділік, тəрбиелік, дамытушылық қызметін анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстың білімділік қызметі оқу əрекетіндегі 
қасиетке ие емес. Сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық 
жəне тəрбиелік қызметтердің тиімді əсер етуіне ықпал етеді
бұл қызмет ғылыми, оқу білім, біліктілік пен дағды жүйесін 
қалыптастыру емес, белгілі бір құлық дағдысын, ұжымдық өмірді, 
қатынас дағдысын үйренумен аяқталады.
Алайда сыныптан тыс жəне оқу жұмысының дұрыс үйлесуі оқу 
тəрбие əрекеті жүйесін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс 
бірегей жəне міндетті оқу жоспарын сақтауда тəрбие мен оқудың 
тиімді құралы ретінде қызмет етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі мəнін дамытушылық қызмет 
атқарады, себебі мұнда жеке қабілеттер анықталып, дамытылады. 
Мысалы, əртістік қабілеті бар оқушы мектептік мерекелерге, КТК-
ға (көңілді тапқырлар клубына) қатыстыруға болады.
Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
Сыныптан тыс жұмыс оның бағытын, мазмұнын, формасы мен 
əдістерін анықтау жалпы принциптер негізінде құрылады.
Мақсатты баптау принципі оқу тəрбие міндеттерін нақты жос-
парлауды талап етеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу кезінде 
мақсаттың болмауы мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасты 
бұзады, нəтижесінде сыныптан тыс жұмыс тиімділігі нөлге теңелуі 
немесе кері нəтиже беруі мүмкін.
Алдымен күтілетін нəтижені анықтап алу керек. Бұл міндеттерді 
құндылықтар жүйесінің позитивті құрылуы мен əлеуметтік 
тəжірибені меңгеру арқылы шешуге көмектеседі. 
Сыныптан тыс жұмыстардың өмірмен, еңбекпен, тəжірибемен 
байланыстылық принципінің маңыздылығы қоғамдық өмірге 
белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Сондықтан сыныптан тыс 
жұмыс қоғамдық пайдалы бағыт алуы тиіс.


226
Оқу тəрбие принципінің бірлік пен бүтіндік принципі ең алды-
мен оқу мен сыныптан тыс жұмыстың барлық ұйымдастырушылық 
байланысын білдіреді. Оқушылардың жеке дара қабілеттерін есепке 
алғанда педагогикалық үдерістің бұл қырларының үздіксіздігі оның 
тиімділігін арттырудағы маңызды шарт болып табылады.
Ұжымда жəне ұжым арқылы тəрбиелеу принципі білім беру 
мен тəрбиелеу мақсатынан шығып отыр, себебі ұжымда ғана тұлға 
жан-жақты қалыптаса алады. Сыныптан тыс жұмыс түрлі ұжымдық 
əрекеттерге тұрақты қатысуға кең мүмкіндіктер ашады.
Сыныптан тыс жұмыс табиғаты бойынша оқушылардың 
белсенділігін талап етіп, өз əрекеттерінің ашық көрінуіне ықпал жа-
сайды. Олар мұнда өздерінің қалауы бойынша тапсырмалрды таңдап 
ала алады, оны жоспарлау кезінде қатынаса алады, міндетті шешу 
жолдары мен құралдарын анықтай алады. Сондықтан бұл əрекет 
белсенділікті дамыту мен тəрбиелеу үдерісіндегі өзіндік қызмет 
қағидасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыста жас ерекшелік пен жеке қабілеттерін 
ескеру принципі күш пен мүмкіндікті ескере отырып, əрбір оқушының 
əрі қарай дамуына ықпал етуі керек. 
Бастауыш сыныптағы информатикадан сыныптан тыс жұмыстың 
мазмұны оқушылардың дүниетанымына сай болуы керек. Бұл 
жастағы оқушылар зейінінің тұрақсыздығы олармен жұмыстың 
жарқын, эмоционалдық түрлерін іздестіруді талап етеді. Ойын 
əрекеттері бар жұмыстар тиімді болып саналады. Төменгі сынып 
оқушыларында əлі ұжымдық байланыс төмен, өз бетінше жұмыс 
істеуі, өз күшіне сенімділік те басым емес. Сондықтан барлық сы-
ныптан тыс жұмыс кезеңі мұғалімнің бақылауында болады. 
Орта жастағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс 
мектепте меңгерілген білімді есепке алуды талап етеді. Бұл жастағы 
оқушылар еңбекте өздерінің есейген іс-əрекеттерін көрсете ала-
ды, қиын жағдайларда өз күштерін тексеріп көруге тырысады. Бұл 
топтағы оқушылар үйірмелерге қатысып, өздері таңдау жасай ала-
тын кезге жетеді. Мұнда тəрбиешінің міндеті – қызығушылығын 
қанағаттандырып, мүмкіндігін ашатын сыныптан тыс жұмыстарға 
тарту. 
Жоғарғы сынып оқушылары жоғары немесе орта кəсіптік оқу 
орындарының болашақ студенттері немесе өндірістің түрлі бағыты 
мен қызмет көрсету орталықтарының жұмысшылары. Тəрбие 


227
жұмысында оқушылардың жеке дара қабілеттерін темпераментін, 
мінезін, қабілетін, қызығушылығын, əдеті пен талғамын ескерген 
жөн. 
Талапшылдық пен тұлғаны сыйлау бірлігінің принципі сынып-
тан тыс жұмыс үдерісінде мұғалімдер мен оқушылардың қарым-
қатынасын анықтайды. 
Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде қызығушылығы жағынан 
топтағанда, мұғалімнің ұстанымы басқаша: мұғалім тəжірибелі, 
білімді жолдас ретінде көрініп, оқушылардың ойымен жəне 
қызығушылықтарымен санасады. 
Сыныптан тыс жұмыс оқу тəрбие міндеттерін шешуге 
көмектеседі, оқушыларда тұрақтылық, ерік жəне жігерді тəрбиелейді. 
Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімге де көп пайда əкеледі. Сынып-
тан тыс жұмыс кезінде оқушы мен мұғалімнің байланысы маңызды, 
мұғалім өзіне қажетті сапаларды анықтайды. 
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру кезінде мұғалім тұрақты 
шығармашылық ізденісте болуы керек. Мұғалімнің шығармашылығы 
сыныптан тыс жұмыстың тиімділігін арттыруда қажетті шарт болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет