Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет85/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Ауызша журнал – сыныптан тыс жұмыс формасы, ол 
оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге көмектеседі, олар – же-
келенген тақырыптарға ауызша хабарламалар болуы мүмкін, олар 
парақшалар ретінде ұйымдастырылады, бұл өткізілу ерекшелігімен 
айқындалады. 
Ауызша журнал тақырыптық немесе бейнелік сипатта болуы 
мүмкін, яғни бір сұрақты, бір тақырыпты немесе түрлі мəселелер 
кешенін бейнелейді. 
Ауызша журналды өткізудің түрлі формалары да бар: оқушыларға 
хабарлама; қонақтардың сөз сөйлеуі; сыныптық өмірдің көңілді сах-


245
налануы; карикатуралар, достық шаржалар, жəне т.б. Мұнда тіпті 
мектептік медиатекада қолданыла алады. 
Ауызша журналды өткізу мұғалім тарапынан ұйымдастырушы-
лық қабілетті талап етеді. Ол оқушылардың қызығушылығын артты-
рып, журнал дайындау мен өткізу арманын тудыру керек. Мұғалімнің 
көмегі бастапқыда қажет болады. Көмек сипаты оқушылардың 
ауызша журналды өткізуіне байланысты өзгереді: мұғалім жур-
нал мазмұнын анықтауға қатысады, ал оқушылар оны жүргізеді; 
оқушылар əрекеті өз бетіншілік сипатқа ие болады.
Тіпті ауызша журналдың тұрақты кеңесшісін таңдауға болады. 
Ол басқа пəн мұғалімдері немесе ата-аналар болуы мүмкін. 
Факультативтік сабақтар. Информатикадан факультативтік 
сабақтардың басты мақсаты – оқушылардың білімін кеңейту 
жəне тереңдету, оқушылардың пəнге деген қызығушылығы мен 
қабілеттерін арттыру, информатикадан өзіндік жұмыстарға баулу
шығармашылық пен талап, ниеттерін дамыту мен тəрбиелеу.
Информатикадан негізгі курс бағдарламасы факультатив 
сабақтар бағдарламасымен сол пəннен берілген сыныпқа жоғары 
деңгейлі бағдарлама құрады. 
Информатикадан факультатив сабақтардың бағдарламасы 
мектептегі информатиканың негізгі курсының тақырыптарын же-
келеп өтуге негізделеді. Информатикадан факультативті сабақтар 
тиімді болуы үшін оларды жоғары дəрежелі мұғалімдер бар жерде 
ұйымдастырған жөн, себебі олар 15 адамнан тұратын оқушылар то-
бында сабақты жоғарғы ғылыми-əдістемелік деңгейде өткізеді.
Егер мектепте сыныптар толық болмаса (əсіресе ауыл 
мектептеріне тəн), онда оқушылар тобында факультатив сабақтарды 
олардың 
информатикаға 
қызығушылықтарына 
байланысты 
біріктіріп жіберуге болады. 
Факультатив курстарға жазылуы оқушылардың еріктері мен 
қызығушылықтарына байланысты болады. Факультатив курс 
аяқталғаннан соң, оқушылар сынақ (бағасымен) тапсырып, 
аттестатқа бағасы қойылады. Мұғалім факультатив сабақ сапасы-
на толық жауапты болады. Факультатив сабақтар сабақ кестесіне 
кіргізіліп, мұғалімдерге ақы төленеді.
Информатикадан факультатив сабақтар өткізу сыныптан тыс 
жұмыстың басқа түрлерін (кештер, үйірмелер, олимпиадалар жəне 
т.б.) қолдануды шектемейді. 


246
Информатика пəніне қызығушылық танытатын жəне қабілетті
оқушылармен аптасына 1-2 сағат жұмыс істеу – саралап оқыту деп 
аталатын информатиканы оқытудың жаңа түрін тудырады. Факуль-
татив сабақтар оқытуды саралаудың бір түрі болып табылады. 
Информатикадан факультатив сабақтар оқушыларға қызық, тар-
тымды, мағыналы болып құрылуы керек.
Информатикадан факультатив сабақтар өткізудің негізгі форма-
сы əр сабақтың екі бөлікке бөлінуінде. Бірінші бөлім – жаңа мате-
риалды меңгеріп, теориялық жəне практикалық сипаттағы тапсыр-
малармен өз бетінше жұмыс жасауға арналған. Бұл бөлім аяқталған 
соң, оқушыларға теорияны оқып, үйренуге үй тапсырмасы беріледі. 
Екінші бөлім – қиындатылған есептер шығаруға арналған, олар 
қиын, əрі қызық есептерді талқылайды.
Факультатив сабақтар негізінде информатиканы үйрену (оқыту 
емес) əдістері мен оқытудың мəселелік əдісін қолданады.
Нақты уақытта информатикадан факультатив сабақтар үш 
негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: а) программалауды үйрену; ə) 
компьютерлік технологияны меңгеру; б) компьютерлік технология 
негізінде əрекеттің қолданбалы саласын меңгеру. «Информатика 
курсының қосымша сұрақтары» бағдарламасының мазмұны оқу 
материалын тереңдетіп оқуға мүкіндік береді, оқушыларды қазіргі 
заманауи ойлармен таныстырып, информатика қосымшасын практи-
када ашады, мұғалімді жаңа бағдарламаға үйретеді.
Мектеп баспасы. Сыныптан тыс жұмыстың бұл түрі «қабырға 
газеті» түрінде таныс. Қабырға газетін шығару үшін информатика-
дан үйірме болу міндетті емес. Кейде газеттер үйірме басқаруымен 
шығарылады. Қабырға газетінің арнайы нөмірі информатикадан 
мектеп кешіне арнап шығарылады. Мұндай газеттің негізгі мақсаты 
– үйірмеге қатыспайтын оқушылардың білімін жетілдіріп, олардың 
информатикаға деген қызығушылықтарын арттыру, үйірмеге тарту, 
үйірме жұмысының тəжірибесін дамыту. Қабырға газетіндегі мате-
риалдар үйірме мүшелеріне де қызықты болу керек. Газеттің жар-
ты бөлігін үйірмеде қарастырылмайтын материалдар қамтиды. Га-
зеттер үйірме жұмысын толықтырады. Газет шығарушы оқушылар 
материал іздейді, көптеген əдебиеттермен танысады, таңдалған 
материалдарды талдайды, бұл оқушыларға үлкен пайда əкеледі. 
Бұл оқушының дүниетанымын арттырып, сауатын ашады. Газеттің 
безендірілуі өте əдемі жəне талғамды болуы керек. Бұл кезде ком-
пьютер, атап айтқанда қолданбалы программалар көмектеді. 


247
Үйірме сабағында оқушылар қарастырылатын материал-
ды толығымен меңгереді. Кейбір оқушылар жазбаларында қате 
жібереді, кейбіреуі бəрін ұмытып қалады. Оқушыларға сұраққа 
қайта оралуға мүкіндік беру үшін үйірме журналын арнауға бола-
ды немесе ақпараттартты үйірменің WEB-сайтына жариялап қоюға 
болады. Мұнда барлық маңызды ақпараттар: баяндама тезистері 
мен хабарламалары, оқушылардың фамилиясы, тарихи сипаттағы 
мақалалар, кітаптар мен журналдың қызық жазбалары енгізіледі. Ол 
көркем əсемделіп, суреттермен, бейнелермен құрылуы керек.
Мектеп баспасының басқа түрлері.
1. Жалпы мектептік, не сыныптық «Информатика бұрышы» 
атты қабырға газеті. Мұнда есептер, информатикадан ескертпелер, 
олардың тарихтары енгізіледі.
2. Фотогазетте ғалымдардың суреттері, кітаптардың суреттері, 
жарыс жеңімпаздары жəне т.б. бейнеленеді. Əрбір сурет қысқаша 
түсініктемемен толықтырылады. Кейде мұндай газетке сурет те са-
лады.
3. Сурет монтаждары мен бейнелер: фотомонтаждар белгілі 
бір тақырыпқа беріледі. Үлкен бетте суреттер орналастырылып
əрқайсысының астына қысқаша библиография енгізіледі. 
4. Альбомдар – мазмұны монтажға ұқсас. «Информатика адамзат 
қызметінде» атты альбом жасауға болады.
5. Соңғы кездері шығармашылық баспаның желілік түрлері 
кеңінен тараған. Жоғарыда аталған баспалар интернетте жарияла-
нуы мүмкін. Жаңа ақпараттық технологиялар шығармашылықтың 
бейнегазеті деп аталатын түрін ұсынады, мұнда ақпараттар гипер-
медиа мен мультимедиа түрінде беріледі.
Жаппай жұмыстың дəстүрлік түрі – мектеп мерекелері деп 
аталады. Олар мектеп өмірінің маңызды бөлігіне арналады – оқу 
жылының басы немесе соңы, тоқсанның басы немесе соңы т.б.
Жыл бойына мұндай кештердің бірнешеуін өткізуге бола-
ды. Олар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, оқушылардың 
шығармашылық деңгейлері мен қабілеттерін дамытады. 
Экскурсиялар – оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыру əдісі, 
мұражайға бару, көрме қарау, есептеуіш орталықтарын аралау 
сияқты, түрлі пəндерді үйрену мен бақылауға арналған. Информати-
кадан экскурсиялар оқу жүйесінде маңызда орынға ие, оқу үдерісін 
өмірмен байланыстырып, оқушыларды өндірістің маңызды салала-
рымен таныстырады. Мұражайға бару мен есептеуіш орталықтарын 
аралау өскелең ұрпақты тəрбиелеу құралы болып саналады. 


248
Экскурсияға дайындық бару нысанын таңдаудан басталады, осы 
сұрақ бойынша əдебиеттерден қарап, экскурсовод таңдалынады, 
ол экскурсияға қанша адам қатысады, олардың білімі қандай, 
мақсаттары қандай, оқушылар қандай білім алу керектігі жайында 
айтып береді.
Оқушыларға экскурсияның мақсаты түсіндіріледі, баратын күні, 
орны, маршруты, объектіні аралау кезіндегі ережелер таныстырыла-
ды. Экскурсия белгілі жоспармен жүзеге асырылады.
Экскурсия кезінде құрылған жоспар бойынша бəрі қадағаланады. 
Оқушылар экскурсия барысын суретке түсіруге, магнитофонға жа-
зып алуға, бейнефильмге түсіруге болады. Экскурсияның өткізілуіне 
дайындық пен іске асуы кезінде ата-аналарда қатыстырылады.
Мектеп тəжірибесінде компьютер мен интернет желісінің 
көмегімен түрлі виртуалдық экскурсиялар мен саяхаттар кең тараған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет