292
жасау
керектігін, қандай бірліктерді қолдану қажеттігін анықтау
қажет. Егер оқушының ақпарат туралы түсінігі көмескі интуитивті
болса, онда ақпарат санына логикалық анықтама беру жəне оны
өлшеу бірліктерін енгізу мүмкін емес. Сол себепті ең алдымен
«ақпарат» ұғымының мəнін, оның қайда
кездесетінін қарастырып
алу керек. Осыған байланысты ақпаратты қалай бағалайды, ол өзі
не, оны өлшеуге бола ма деген сұрақтардың
маңыздылығы арта
түседі [3].
Қолданылатын оқулықтар қатарында ақпаратты өлшеу туралы
сұрақты талқылау екілік код түріндегі ақпараттың компьютерлік
түсінігінің сипаттамасымен байланыстырылады. Содан соң мұндай
кодта ақпарат санының екілік цифрлар
санына теңдігі туралы
тұжырым жасалады.
Ақпараттың саны Н. Ермеков пен Н. Стифутинаның 7-сыныпқа
арналған оқулығында хабардың ақпараттық көлемі деп қарастырған.
Хабардың ақпараттық көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни ха-
барды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады [3].
Достарыңызбен бөлісу: