Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет112/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Ақпаратты ұсыну».
Оқушылардың компьютер жадында ақпараттарды ұсыну əдістері 
туралы білімдерін қалыптастыру үдерісінде тақырыптық тізбекті 
жүзеге асырады: тіл, ақпараттарды ұсыну əдісі ретінде – санау 
жүйелері – логика тілі.
1-сабақ
Тақырып: «Сандық ақпараттарды ұсыну тілдері». 
Дидактикалық мақсаты: сандық ақпараттарды кодтауға 
үйретудің əдістемелік аспектілерін көрсететін жалпы кəсіби 
дайындаудың білімдік компоненттерін меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: жұптық жұмыс.
Оқыту технологиялары мен əдістері: ситуациялық есептерді 
шешу əдісі.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиет [1-6].
Студенттердiң алдын-ала дайындығы: компьютерде ақпарат-
тарды көрсету əдiстерiн үйрену үшін əдiстемелік тəсілдерді оқу.
Теориялық мəліметтер
Оқушылардың бiлiмін тест əдісімен бақылау үшiн материалды 
қалай дұрыс дайындауға болады?
1. Тестілеу кезінде оқушыларға негізделе алмайтын дұрыс емес 
жауаптарды қосуға болмайды.
2. Дұрыс емес жауаптар белгілі типке жататын қателерге 
негізделіп, шындыққа жақын құрылуы керек.
3. Дұрыс жауаптар кездейсоқ тəртіппен орналасу керек.
4. Сұрақтар кітаптағы анықтамаларды қайталамау керек.
5. Бір сұрақтардың жауаптары басқа сұрақтардың жауабын 
табуға көмектеспеуі керек.
Бес сұрақтардан құралған тесттерді ағымдық бақылауға, 10-15 
сұрақтардан құралғанды – аралық бақылауға, 20-30 сұрақтардан 
құралғанды – қорытынды бақылауға қолдануға болады. 30 сұрақтан 


320
құралған тестті бағалауда келесі пікірді негізге алуға болады: 25-30 
дұрыс жауаптар - «5», 19-24 – «4», 13-18 – «3», 12-ден төмен болса 
– «2». 
Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау.
1-тапсырма. «Ақпаратты кодтау» тақырыбына сөзжұмбақ 
құрыныздар жəне сөзжұмбақты құрушыларға жəне оны шешетін-
дерге де таңдаулы белгiлер бойынша олардың деңгейiн анықтайтын 
бағалау əдістемесін ұсыныңыз. 
2-тапсырма. Бүтін сандарды бір санау жүйесінен басқа санау 
жүйесіне ауыстыру алгоритмінің бос кестелерін толтырыңыз: 10→2; 
10→8; 10→16; 2→8; 2→10; 2→16; 8→2; 8→10; 8→16; 16→2; 16→8; 
16→10 (бұл жерде санау жүйесінің негіздері цифрлармен берілген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет