Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ КОМПЬЮТЕР МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет125/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

12-ТАРАУ
КОМПЬЮТЕР МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ 
ƏДІСТЕМЕСІ
12.1 Компьютердің құрылғыларын оқытудың 
əдістемелік əдістері
Информатиканың базалық курсының мазмұндық желісі – ком-
пьютер желісі екі тармаққа бөлінеді: компьютер құрылысы жəне 
компьютердің программалық жабдықтамасы (3-қосымша). Ком-
пьютер мазмұндық желісі барлық курс бойынша өтіледі. Базалық 
курстың бірқатар тақырыптары ЭЕМ құрылысы туралы түсініктерді 
тереңдететін, компьютердегі жұмыс дағдысын дамытатын компью-
термен байланысты.
Компьютердің мазмұндық желісін меңгеру екі мақсатқа 
бағытталған бағыттар негізінде жүргізіледі:
1. құрылғыны, ЭЕМ қызметінің принциптері мен программалық 
жабдықтамасын ұйымдастыруды теориялық оқып-үйрену;
2. мəліметтерді өңдеудің түрлерін орындау үшін компьютерді 
пайдалану дағдысын меңгеру, компьютерді тəжірибелік игеру.
Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері
Информатикадан мектеп оқулықтарында ЭЕМ құрылғысын 
оқыту мазмұнын беруде түрлі тəсілдер қолданылады. Бұл 
айырмашылықтың болуы информатика жəне есептеуіш техни-
ка негіздері пəні мектепке енгізілген 1985 жылдан қазіргі уақыт 
кезеңіндегі маңызды өзгерістердің болуымен байланысты.
Компьютерлердің техникалық сипаттамасы жетілді жəне 
мүмкіндіктері дамыды, дербес компьютерлердің архитектура-
сы бір ізге келтірілді, мектептегі компьютерлердің саны артты
тұрғындардың дербес компьютерге қолжетімділігі өсті. Қазіргі 
кезеңде дербес компьютер əрбір үйде бар.
Оқушылар информатика сабағында меңгеретін компьютер 
құрылғысы туралы мəліметті іргелі білімдер жəне прагматикалық 
(технологиялық) деп бөлуге болады. Біріншісі құрылғының 
негізгі принциптері мен ЭЕМ жұмысына қатысты. Екіншісі ком-


337
пьютер құрылғысының нақты типтері, техникалық сипаттама-
сы, эксплуатациясының тəсілдері (қосылу, жұмыс істеу ережесі
құрылғылардың номенклатурасы жəне т.б.) туралы білімді қамтиды.
Алғашқы мектеп оқулықтарында [1] ЭЕМ жұмысының 
принциптері жəне құрылғысының сипаттамасы техникалық 
ерекшеліктері (электрондық схемалар, құрылымдық деталдар жəне 
т.б.) қарастырылмай, ЭЕМ архитектурасының схемасы келтірілген. 
Алдымен ЭЕМ қызметі, компьютердің құрамына енетін негізгі 
құрылғылары (жады, процессор, енгізу-шығару құрылғылары) жəне 
олардың орындайтын қызметтері туралы əңгімеленеді. Сонымен 
қатар дербес компьютерді ұйымдастырудың ерекшеліктері, дербес 
компьютердің құрамына енетін құрылғылар типтері мен қасиеттері 
туралы айтылады. ЭЕМ қарапайым моделі мысалында компьютер 
жұмысының программалық басқарылу механизмі ашылып беріледі. 
Мұнда процессордың құрылымы, процессордың командаларының 
құрамы, программалар құрылымы жəне оның процессормен орын-
далу алгоритмі – процессор жұмысының циклі сипатталады. Мұндай 
тəсілді іргелі тəсіл деп атауға болады.
Кейінгі оқулықтарда [2, 3] компьютердің техникалық мүмкін-
діктерінің сипаттамасына: түрлі құрылғылар типтеріне, олардың 
пайдаланылу сапасы, жүйеге қосылу тəсілдері, сыртқы түріне 
көп назар аударылады. Бұл дербес компьютердің қолжетімділігі 
жағдайында пайдалы ақпарат. Мұндай білімдерді меңгере отырып, 
жеке компьютері бар оқушы онымен сауатты қарым-қатынас жасай-
ды: дербес компьютерді пайдалануды анықтап, жаңа құрылғыларды 
алу туралы шешім қабылдап жəне құрылғыларды іске қоса алады. 
1980 жылдардың соңында 1990 жылдарда оқытуда қолданылатын 
(УКНЦ, Корвет, КУВТ-86 жəне т.б.) ЭЕМ паркінің біркелкі еместігіне 
байланысты оны оқулыққа енгізуде қиындықтар кездесетін. Соңғы 
уақытта оқулықтарда оларды өзгертпей сипаттауға мүмкіндік беретін 
аппараттық құрылғылар бір ізге салынып, жүйеленді.
Компьютер желісін оқып-үйренудің жалпы білімдік негізі ЭЕМ 
архитектурасының негізгі принциптерімен танысуда болып табыла-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет