Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет121/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Теориялық мəліметтер
Информатика пəні бойынша жаңа білім, біліктіліктер 
мен дағдыларды меңгеру сабағы келесідей құрылымға ие: 
1) ұйымдастыру кезеңі; 2) жаңа білімді беру-меңгеру; 3) бекіту – 
білім, біліктілік жəне дағдыларды болжау; 4) тақырып бойынша 
əрі қарай жұмысқа нұсқау жəне үйде, кітапханада өзіндік жұмысқа 
арналған нақты тапсырмалар.
«Информатика» курсының жеке тақырыбын оқып-үйренуді 
аяқтау білімді бекіту, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру 
сабағын өткізуді талап етеді. Ол келесі құрылымды қамтиды: 
1) ұйымдастыру кезеңі; 2) өткен материал бойынша күрделілігі əртүрлі 
жаттығулар; 3) оқушылардың жасалынған жұмыстарының нəтижесін
демонстрациялау; 4) мұғаліммен жұмыс қорытындысын шығару. 
Бұл мағынада жаттығуларды жоспарланған ұйымдастырылған 
қайталанған əрекетті орындау арқылы білімді меңгеру мен оның са-
пасын арттыру мақсатындағы оқыту əдісі ретінде қарастыру керек.
Жаттығулар келесідей талаптарға жауап беруі тиіс: оқушылардың 
іс-əрекет сапасын арттыру мақсатындағы саналы бағытталғандығы; 
саналы есеп жəне орындалуы қажет шарттарының бақылануы
алынған нəтижелерге есеп; қайталауға уақыт бөлінуі. Оқушыларға 
берілетін жаттығулардың дидактикалық тізбектілігі: 1) білімді 
меңгеруге арналған, оқу материалын есте сақтауға бағытталған 
жаттығу; 2) білім сапасын тексеруге арналған жаттығу – меңгерілген 


332
материалды көрсетуді ұсынады; 3) практикалық іс-əрекетінде білімді 
қолдану арқылы біліктілікті қалыптастыруға арналған жаттығу; 4) 
іздеу іс-əрекетінде бұрыннан бар білімді өз бетімен қолдануды талап 
ететін шығармашылық типтегі жаттығу.
Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау.
1-тапсырма. Мектеп оқулықтарында «ақпарат» ұғымының 
анықтамасын беруде қандай тəсілдер қарастырылған жəне ол 
мысалдар арқылы қалай көрнекіліктер көрсетілген? Нəтижелерді 
кестеде жалпылаңыз.
2-тапсырма. Оқу əдебиеттерін талдау негізінде табиғаттағы, 
қоғамдағы жəне техникадағы ақпараттық үдерістердің жүру 
ерекшеліктерін келтіріңіз. Мысалдар келтіріңіз, бұл үдерістердің 
өзара байланысын көрнекі көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет