Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет18/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбек 
саласындағы 
маңызды 
заңдарға 
Қазақстан 
Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері ретінде жалпы 
сипаттама. Қазақстан Республикасында еңбек мəселелері бойынша 
маңызды заңдарға мыналар жатады: 
Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық 
деген пайда болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан 
жағдайда қабылданған бұл акт – біздің республикамыздағы 
халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алғашқы заң. Аталған заң 
еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, «еңбекпен қамту», «жұмыссыз», 
«жұмыссыздың мəртебесі» сияқты түсініктерді анықтады, сонымен 
қатар, мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен жəне 
жұмыссыздармен қарым-қатынастарын реттеді. 
Осы заңға сəйкес еңбекпен қамту жəне жұмысқа орналастыру 
органдары да жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын 
бекітпестен бұрын аталған органдармен қатынасқа түседі. 
Ұжымдық шарттар туралы заң кəсіпорын, ұйым деңгейінен жоғары 
əлеуметтік-əріптестік қатынастарды реттейді. Сонымен қатар, бұл заң ұжымдық 
шарт жəне оның бекіту тəртібін реттейді жəне де алғаш рет ұжымдық 
шарттарды жəне əлеуметтік-əріптестік қатынастарды бекіту бойынша 
ұжымдық келіссөздерді жүргізудің тəртібін бекітті. 
Еңбекті қорғау туралы заң еңбекті қорғау саласындағы 
мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс 
барысында қызметкерлердің өмір жəне денсаулық қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету ережелерін реттейді. 


Кəсіптік одақтар туралы заң Қазақстан Республикасында 
кəсіптік одақтарды құрудың құқықтық негіздерін орнықтырды
олардың негізгі құқықтары мен қызмет кепілдіктерін бекітті, 
кəсіптік 
одақтардың 
қызметкерлер 
құқықтарын 
қорғауға 
байланысты жұмыс берушілермен жəне олардың бірлестіктерімен, 
мемлекеттік билік органдарымен жəне жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарымен, заңды тұлғалармен жəне азаматтармен қарым-
қатынастарын реттеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет