Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Еңбек ұжымының құқықтық мəртебесі



Pdf көрінісі
бет30/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбек ұжымының құқықтық мəртебесі. Соңғы кезде 
«еңбек ұжымы» түсінігінің орнына «қызметкерлер» 
түсінігін қолдану жиі белең алып жатады. Жəне де еңбек 
ұжымдары мемлекеттің саяси ғана емес, экономикалық 
өмірінде де қандай да бір рөлді иеленуден айырылғандай. 
Соған қарамастан, біздің ойымызша, еңбек ұжымдары 
еңбек құқығының субъектілері болған жəне одан əрі 
болады да. 
Еңбек ұжымы ретінде жеке еңбек шарттарының негізінде 
белгілі бір ұйымның шегінде бірлескен еңбек қызметін жүзеге 
асыру барысындағы адамдардың бір жұмыс берушімен ерікті 
түрде бірігуін атауға болады. Еңбек ұжымы адамдардың 


кездейсоқ тобырынан ұйымдастырушылық біртұтастығымен, ортақ 
органдарының, басшылығының болуымен, еңбек тəртібінің 
бірыңғай 
ережелерімен 
жəне 
еңбек 
заңнамасына 
бағыныстылығымен ерекшеленеді. Басқаша айтар болсақ, 
ұжымның белгілері болып келесі айрықша сипаттар табылады: 
1. адамдардың бұл тобын белгілі бір ұйым шегіндегі ақылы 
сипаттағы бірлескен қызмет біріктіреді; 
2. адамдардың бұл тобының еңбекке қатысты ортақ мақсаттары 
мен мүдделері бар; 
3. адамдардың бұл тобы жеке еңбек шарттарының негізінде бір 
жұмыс берушімен құрылған, салыстырмалы түрде тұрақты 
құрамға, басқару органдарына ие, тəртіпке бағынады; 
4. адамдардың бұл тобы экономикалық тұрғыда дербес; 
5. олар бағыңыстылар жəне басшы болып бөлінеді жəне еңбек 
құқық бұзушылықтары үшін өзара міндеттемелерді орындайды. 
«Еңбек ұжымы» түсінігін əржақты түсінуге болады. Басшылық 
нақты бір қызметкерге қатысты ұйымның өкілдік органы рөлін 
иеленеді жəне еңбек құқығының субъектісі болып табылмайды. 
Алайда, ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастарында шарт 
бекітіп, жалақы төлеу мəселесін, жұмыс уақыты жəне демалыс 
уақыты жүйесін анықтаған жағдайда, олар еңбек құқығының 
дербес субъектілері болып табылады. 
Ұжым тар мағында тек қызметкерлерді білдіреді. Соңғы 
жылдары бірқатар нормативтік құқықтық актілерде «ұжым» 
түсінігінің орнына «қызметкерлер» сөзінің қолданылу себебі де 
осыдан шығар. 
Кең мағынадағы еңбек ұжымының құрамына қызметкерлермен 
қатар басты міндеті еңбек үрдісін басқару мен шаруашылық 
қызметті қамтамасыз ету болып табылатын лауазымды тұлғалар, 
яғни, басшылық қа кіреді. Басшылыққа ұйымның бірінші басшысы, 
оның орынбасарлары, көмекшілері, бас мамандар, құрылымдық 
бөлімшелердің (бөлімдердің, цехтардың жəне т.б.) басшылары 
жəне басқару функциясын атқаратын, қарамағында жалданбалы 
еңбекпен айналысатын қызметкерлері бар өзге де тұлғалар жатады. 
Ұйымның бірінші басшысы жəне басшылық еңбек ұжымының 
құрамына кіреді, себебі, олар да жеке еңбек шартын бекітеді. 
Сонымен, еңбек ұжымына құрамдас элементтер ретінде 
мыналар кіреді: 
1. осы өндірістің барлық қызметкерлері; 


2. басшылық (басшыны қоса алғанда); 
3. еңбек ұжымының органдары; 
4. осы ұжымның қоғамдық ұйымдары жəне олардың органдары 
(кəсіптік одақ, əйелдер, жастар одақтары жəне т.б.) 
Еңбекті қолдану саласы бойынша еңбек ұжымдары келесі 
түрлерге бөлінеді: 
1. өндірістік (кəсіпорындардағы, құрылыстардағы жəне т.б.) 
еңбек ұжымдары; 
2. халыққа қызмет көрсетуші (сауда, көлік, байланыс жəне т.б. 
салалар) еңбек ұжымдары; 
3. ағарту, денсаулық қорғау салаларындағы еңбек ұжымдары; 
4. жобалау, жобалау-құрастыру, ғылыми-зерттеу салаларындағы 
еңбек ұжымдары: 
5. басқару саласындағы еңбек ұжымдары; 
6. қоғамдық ұйымдардың (партиялардың, əр түрлі қорлардың 
жəне т.б.) аппараттары. 
Еңбек ұжымы өндірістің нысанына қарай келесі түрлерге 
бөлінеді: 
1. мемлекеттік өндірістердің еңбек ұжымдары; 
2. өндірістік кооперативтердің еңбек ұжымдары; 
3. жеке дербес меншік өндірістерінің еңбек ұжымы; 
4. қоғамдық ұйым меншігі өндірістерінің еңбек ұжымы; 
5. аралас меншік нысанындағы өндірістердің (шетелдік 
өндірістерді қоса алғанда) еңбек ұжымдары. 
Еңбек ұжымдары өз деңгейіне қарай келесі түрлерге бөлінеді: 
1. кəсіпорынның негізгі еңбек ұжымдары; 
2. бөлімшелердің (бөлімдер, цехтар) еңбек ұжымдары; 
3. бастапқы
еңбек ұжымдары (бригадалар, учаскелер, буындар). 
Ұжымның құқықтық мəртебесі – бұл оның заңнамалық тұрғыда 
бекітілген құқықтық жағдайы. Ұжымның құқықтық мəртебесін 
мына элементтер құрайды: а) еңбек ұжымы құрылған сəттен бастап 
(адамдардың 
санына 
қарамастан) 
туындайтын 
оның 
құқықсубъектілігі; ə) оның негізгі өкілеттіктері (құқықтары мен 
міндеттері, қызмет ету саласы); б) кепілдіктер мен жауапкершілік. 
Еңбек ұжымының құқықтық мəртебесі өндіріс толығымен 
таратылған 
жағдайда 
тоқтатылады. 
Өндірістің 
қайта 
ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну), оның меншік иесінің ауысуы 
қызметкерлердің еңбек қатынастарын тоқтатпайды. Олардың 


келісімімен бұл қатынастар жалғасады, яғни, еңбек ұжымы да 
сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет