Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Әлеуметтік тәжірибе құрылымы



бет43/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Әлеуметтік тәжірибе құрылымы


Әлеуметтік тәжірибенің 1-ші элементі – әлемнің қоғамдық бейнесін (ӘҚБ) құрайтын табиғат, қоғам, техника, адам туралы білім, сол сияқты теориялық білімді практикалық істерде қолдануды қамтамасыз ететін іс-әрекет тәсілдері туралы білім.
Әлеуметтік тәжірибенің 2-ші элементі - іс-әрекеттің қоғамға бұрыннан белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі. Бұл компонент өзінше айқындалған, өйткені іс-әрекет туралы білімнің болуы оларды іс жүзіне асырудың абсолютті кепілі бола алмайды.
Өмірде жай ситуация мен проблемалар ғана емес, мүлде жаңа, шешімі әлеуметтік тәжірибе аясында пісіп жетіле қоймаған жағдаяттар мен проблемалар да туындауы мүмкін, сондықтан адамға үшінші ком- понент қажет.
Әлеуметтік тәжірибенің 3-ші элементі - шығармашылдық іс- әрекет тәжірибесі, яғни белгілі білімнің және іс-әрекет тәсілдерін жаңа жағдайда қолдану, оларды түрлендіру

  1. ші элемент мәдениетті жаңғырту функциясын орындайды, ал 3-ші компонент - мәдениетті дамыту функциясын орындайды.

Әлеуметтік тәжірибенің 4-ші элементі - дүниеге және басқа адамдарға эмоционалдық қарым-қатынас. Бұл тәжірибе эмоционалдық тәрбиеленгендік тәжірибені, нормативтік қарым-қатынас туралы білімді, этикалық нормаларды сақтау дағдыларын қамтиды.
Бұл элементтердің арасында өзара байланыс бар ма? Бар. Әлеуметтік қарым-қатынас элементтеріне тән қасиет сол, алдыңғыларының әрқайсысы (іс-әрекет туралы, оның тәсілдері туралы білімсіз практика- да іс-әрекет тәсілдері жүзеге асырылуы мүмкін емес; шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі жоқ жаңа жағдайдағы іс-әрекет бола алмайды, әлеуметтік тәжірибені ары қарай жинақтау мүмкін емес; себебі жеке адам тек қана өзін және басқаларды, басқалардың арасындағы өзінің ор- нын түсінгенде ғана тұлға бола алады). Әрбір келесі элемент алдыңғыны өзгертеді, біліктің құрамында білімді қолдану оны неғұрлым терең, көнбіс, жүйелі етеді.
Әлеуметтік тәжірибе мен білім беру мазмұнының арақатынасы қандай?
Білім беру мақсаты және оның функциялары - әлеуметтік тәжірибелерді беру. Сонда әлеуметтік тәжірибе мен білім беру
мазмұнының құрылымдары бірдей болуы керек пе? Олардың арасын- да айырмашылық - элементтердің мазмұнының көлемінде. Білім беру мазмұнына тек әлеуметтік тәжірибе элементтерінің әрқайсысының негізгі, қолжетімді және меңгеруге қажетті аспектілері кіреді.
Білім беру мазмұнына анықтама берейік.
Білім беру мазмұны – бұл дүниеге білімнің, біліктің, дағдының, шығармашыл іс-әрекет тәжірибесінің және дүниеге эмоционалдық- құндылық көзқарастың педагогикалық тұрғыда бейімделген жүйесі, бұл жүйені меңгеру мәдениетті жаңғыртуға және дамытуға дайын, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді (И. Я. Лернер).
Әртүрлі жас сатысы үшін білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі критерийлері қандай? Білім беру мазмұнын педагогикалық бейімдеу ненің негізінде жүргізіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет