Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Іс-әрекет тәсілдері арқылы тәжірибені жүзеге асыру



бет45/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Іс-әрекет тәсілдері арқылы тәжірибені жүзеге асыру


Іс-әрекет тәсілдері туралы білім оны іс жүзіне асыру үшін жеткіліксіз. Іс-әрекет тәсілдерін іс жүзіне асыру үшін тұлғаның нақты тәжірибесі қажет. Бұл тәжірибенің негізін практикалық сипатта да, ин- теллектуалды сипатта да бола алатын білік пен дағды құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың осындай білігі мен дағдыларына мысал келтіріңіздер.
Білік пен білімді жалпы және арнайы деп бөледі. Жалпыға өмірдегі іс-әрекеттің кез келген ситуацияларына қажетті білік жатады: сөз сөйлеу дағдылары, дағдылар және адамгершілік істерінің дағдылары, оқи білу, айтып беру, сұрақтар беру және оларға жауап беру, жүру, жүгіру және т.с.с. арнайы білік пен дағдыға іс-әрекеттің нақты түрлеріндегі білік жа- тады: музыкалық, сурет салу, конструктивтік және т.б.
Біліктің дамығандығын бағалау мынадай критерийлердің негізінде жүзеге асады: шапшаңдық, автоматизм, назар қою жылдамдығы, амал- ды орындауға берілген уақыт, артық қимылдардың болуы немесе бол- мауы, білім мен дағдыларды практикалык істе қолдану білігі.
Шығармашылдық іс-әрекет тәжірибесі. Ол тұлға бұрын ешқашан шешілмеген жаңа проблеиаларға кездесіп қалғанда жинақталады. Мұндай жағдайларда іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін іс-әрекеттің белгісіз жағдайларына көшіріп, оны қажетті түрде түрлендірген маңызды. Бұл тәжірибе бірте-бірте жинақталады.
Үлгі бойынша меңгерілген білім мен білік баланың шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ете алмайды. Мектепке дейін білім
беру жүйесінде ынталылық пен өзіндік әрекет ету үшін іс-әрекеттің аяғына дейін жағдай жасау қажет.
Мектепке дейін білім беру теориясы мен практикасында:
«Шығармашылыққа үйретуге бола ма?» деген сұрақ талқыланып жүр. шығармашылықты мақсатты түрде қалыптастыруды елемеу балалардың шығармашылық қабілеттерін стихиялық, жаппай дамытуға алып келмейтіндігін практика дәлелдеді. Шығармашылыққа оның белгілерін біліп және арнайы жағдай жасай отырып (ұйымдастыру- педагогикалық, психологиялық және т.б.) үйрету керек. Мектеп жасына дейінгі баланы әрекет жасауға, өздігінен ойлауға, ынталылық көрсетуге үйрету керек. Шығармашылдық белгілерін білу арқылы оны мақсатты, бағытты түрде дамыту керек.
Қалыптастыруға жататын шығармашылық іс-әрекет белгілері (И. Я. Лернер):

  • білім мен білікті өздігінен жаңа ситуацияға көшіру;

  • таныс ситуациядағы жаңа проблеманы көру;

  • объектінің жаңа функцияларын көру, заттарды тікелей арналмаған мақсаттарда пайдалану;

  • объектінің құрылымын көру, объектіні бөліктерге бөлу қабілеті,

олардың қатынастары мен байланысын, маңыздысы мен маңызды емесін түсіну;

  • альтернативті ойлау – бір ситуацияны шешуді, әртүрлі

әрекеттерді, қарама-қайшы фактілерді білу;

  • бұрынғы белгіліден өзгеше мүлде жаңа шешім құру; бұл шығармашылықтың дамуының ең жоғары деңгейін көрсетеді (мектеп жасына дейінгі балада көрсетілмеген). Бұл - объективті жаңалықтар ашу, жаңа теориялардың, заңдардың және т.с.с. пайда болу деңгейі.

Бұл белгілер аралас түрде көрінуі мүмкін және шығармашыл тұлғаны сипаттайды. Олар шығармашылдықтың даму бағыттылығын көрсетеді. Оларды дамытуға болады және дамыту керек те, ол шығармашыл тұлғаның қалыптасуына алып келеді.
Мектепке дейін білім беру мазмұнының үшінші компонентінің ерекшелігі сонда, шығармашылық іс-әререт процедурасында не істеу қажет екендігіне нұсқау беруге болмайды, тұлғаны дамытуды анықтайтын белгілерін дамытуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет