4.3. Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Педагогикалық технология
|
Классификациясы
|
1.1. Пайдалану деңгейі бойынша
|
Жалпы педагогикалық жеке пәндік және әдістемелік, жергілікті, модульді және тар әдістемелік.
|
1.2. Философиялық негізі бойынша
|
Материализм және идеализм; ғылым, дін және табиғи жинақылық, гуманизм және антигуманизм, антрософия және теософия, прагматизм және экзастенциализм, еркін тәрбие және еркіндік.
|
1.3. Психологиялық дамудың жетекші факторлары бойынша
|
Биогендік, социогендік,
психогендік, идеалистік.
|
1.4. Тәжірибені меңгерудегі ғылыми тұжырымдама бойынша
|
Құрамды-рефлекторлы. Гештальд технологиялары интериогаторлық, сугистивтік, нейтролингвистік
бағдарламалары.
|
1.5. Жеке бас құрылымының бағыты бойынша
|
Ақпараттық ББД. Ықпалды ақыл- ой-әрекет әдістері, өзіндік дамыту - жеке бастың басқару механизмі, сезімді-өнегелілік. Эстетикалық және өнегелілік қарым-қатынас аумағы, қолданбалық практикалық әрекет аумағы, эвристикалық, шығармашылық қабілеттілік.
|
1.6. Мазмұндық және құрылымдық сипаттамасы бойынша
|
Тәрбиелілік және оқытушылық, зиялы және діни, жалпы білім беретін және кәсіби бағыттағы, гуманитарлық және технократиялық, салалы, пәндік, монотехнология, политехнология.
|
1.7. Танымдық қызметі басқару түрлері бойынша
|
Классикалық лекциялық, оқытудың техникалық құрылымымен оқыту, консультант, репетитор, кітап бойынша оқыту, компьютерлік оқыту, бағдарламалық жаттығулар, топтық және саралап оқыту әдістерінің жүйесі.
|
1.8. Ұйымдастыру формалары бойынша
|
Сыныптық оқыту, баламалық, жекелей, топтық, ұжымдық оқыту әдісі, саралап оқыту, академиялық және отаулық.
|
1.9. Балаға ықпал жасау түрлері бойынша
|
Беделдік, дидактикалық орталықты, жекеше бағыттағы, ізгілікті- дербестік, ынтымақтастық, еркін тәрбие.
|
1.10. Тәсіл, әдіс, құралдары бойынша
|
Догматикалық және репродук- тивтік, түсіндірмелік-көркемдік, проблемалық және ізденушілік, шығармашылық, диалогтық ойын, ақпараттық, дамытушылық-
бағдарламалық оқыту, өзіндік дамытушылық.
|
1.11. Оқыту категориясы бойынша
|
Жаппай, ілгерілету, теңелту, қиын- дық, дарындық, технологиялары, виктимологиялық.
|
1.12. Жүйелердің бағыттылығы бойынша
|
Демократизация және гуманизация. Қарқындылық, әдістемелік
жетілдіру, табиғи жинақтылық, баламалық, авторлық, басқару тиімділігі.
|
52
53
Педагогикалық технологиялардың негізгі
алгоритмдері
Қазіргі заманғы педагогикалық технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: оқу үдерісін интен- сивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми- әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі - мектепте және жоғары оқу орындарында оқыту. Екінші - өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту - егіз ұғым.
Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты адаптивті, құрама блоктық, модельді болып бөлінуі. Осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.
Сызықтық - оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен кезектестіріліп отырылады.
Тармақтық - оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат сөздермен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.
Адаптивті - өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа материал- дың күрделілік дәрежесін өзі таңдау, сөздіктер мен анықтамаларды қолдана алу.
Аралас бағдарламада сызықтық тармақтық, алгоритм бойынша есептеуді қолданады.
Блок түрінде беру бағдарламасы оқушылардың әртүрлі интеллектуалды операцияларды орындауында, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалануына мүмкіндік береді.
Модульді оқыту - блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқушылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді.
Педагогикалық технологияларды іске асыру
принциптері
Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды:
Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі;
Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пәннен бастауыш сынып оқушысының кепілді дайындығы болу принципі;
Оқу үдерісінің модульдік жобалау принципі;
Бастауыш мектептегі кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс арақатынаста үйлесімді пайдалану принципі;
Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкесттік принципі;
Бастауыш мектептің мұғалімдері мен оқушыларының оқу үдерісіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;
Бастауыш сынып оқушыларының жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдістерін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принциптері;
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;
Әр бастауыш сынып оқушысының жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі.
Педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу
шарттары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғышарттар қажет:
оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту- әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын
54
55
игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
• оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы педагогикалық технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру міндетіміз.
Педагогикалық технологиялардың нәтижесінің
жетістіктері
Педагогикалық технологиялар бірнеше топтарға бөлінетіні баршамызға мәлім. Осыны толық меңгерген мұғалімдер қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды өз тәжірибелеріне тиімді ендіре алады.
Оқытудың жаңа инновациялық технология әдістерін дәріс беретін білімгерлермен практикалық сабақтар жүргізу барысында жиі қолданып отырамыз. Инновациялық технологияны пайдалану барысында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап білімгерлерге тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады. Бұл бағдарламада мұғалімдерге де, білімгерлерге де міндеттер қояды. Осы міндеттерді орындауға мұғалім өзінің тақырыбы мен сабақ арасындағы біріккен іс-әрекет ұйымдастырады. Мысалы, бұл бағдарламаны сабақтарда қолдану барысында оқушыларға:
еркін ойлауға мүмкіндік береді;
ақыл-ойын дамытады;
шығармашылық белсенділігі артады;
тіл байлығы жетілдіріледі;
жан-жақты ізденеді;
өз ойын жеткізеді;
ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
Анық айтқанда, сабақта қолданатын стратегиялар көмегімен жеке тұлға ретінде, жан-жақты дамыған шығармашылық ойлау ретінде білімді меңгереді. Педагогикалық технологияларды талдау барысында алынып отырған технологияның сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы және тиімді, жүйелі болуы ескеріледі.
Қорыта келе, технологияның білім беру үдерісіне енуі білім беру тұжырымында мақсатты қалыптастыруға; адамгершілік ақыл-ой, психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды талдауға, соны- мен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін бағалауға; оқытудың перспективалық құралдарын олардың негізінде педагогикалық технологияларды құруға; бұл үдерістерді технологизация үдерістерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқаруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |