Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет15/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

«Жаңа педагогикалық технология» - әрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсілі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үдерісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
«Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8 бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

  1. Педагогикалық технологиялардың негізгі
    элементтері


Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін міндетті түрде төмендегі 5 элемент болуы қажет.

  1. Мақсат қою. Мұғалім курстық тараудың көлемінде оқу үдерісінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нәтижесі оқу мақсаттарын құру. 2-5 минут аралығында болады.

  2. Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз - деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған үздік жұмыс. Әрбір шағын мақсатқа сәйкес болжау жұмысы болады және ол шағын мақсаттың орындалуын анықтайды.

  3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. Деңгейлік мөлшерде саралап алынған тапсырмалар жиынтығы.

  4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттық мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын орындаумен аяқталады.

  5. Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек:


50


51





  • қарастырып отырған сұрақтарда мүмкін болатын қиындықтар;

  • оқушылардың көп жіберетін қателіктері;

  • оқушының оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шараларының жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет