I. Теориялық білімді алдын ала ірілендірілген мөлшерде беру, алга жылдам жылжу принципі.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау және есеп шығару жүргізіледі.
Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық материал өтіледі. Блоктар дегеніміз - құбылыстар, үдерістер және заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері.
Мұндай байланыстыру - мұғалімге программалық материалды блок құру үшін қайтадан құрастыруға және тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік туғызады.
Теорияның өзекті мәселелерінен басқа ұсақ сұрақтар
184
185
қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.
Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мәселеге көңілді көбірек аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді және олардың әрқайсысына үлгірім экранында қорытынды баға қойылады. «2» қойылмайды.
Бос тор қалдырылады және оқушыға өтілген теориялық материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан әрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықталмаған кейбір ұсақ сұрақтар талқыланады.
Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау және бірнеше рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек терең және тиянақты білім негізінде ғана ашыла- ды. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».
Жаңа сабақты түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі әңгіме, дәріс, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвристикалық әңгімелесу түрінде өтеді.
Оның мақсаты - барлығын талдау - түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын және т.б.), яғни қабылдауды және ойлауды қамтамасыз ету. Екінші түсіндіру қысқалау және жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша жүргізледі. Плакатсыз да кодоскоп немесе диапроектор арқылы проекциялап жүргізуге болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде әр түспен кескінделген тірек сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.
Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды. Қайталау, мұғалімнің айқын мазмұндауы - бұл жүйеде пысықтау кезеңінің орнына жүреді және дәстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгермеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші және екінші қайталауда қаншама
ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игереді және мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, тәжірибеде кең қолдану мүмкін емес.
Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылар ешнәрсе жазбайды, тек тыңдайды (психологтардың зерттеу қорытындылары бойынша қос қабаттасқан психологиялық іс-әрекет тиімсіз). Осы әдістемемемен орта және жоғары кластарда жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан - қанша болса да рүқсат.
Өткен тараулар материалынан - қалағандарынша, ал жаңа тақырып бойынша ешнәрсе, жаңа сабақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде әр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мәтінін мұғалімнің мағыналық өңдеу тәсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тәсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамыту деп қарастыруға болады.
Шаталовтың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тәсілдерді жаңа мәтінмен жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.
Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау әдісі де жаңа формалы белсенді іс-әрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша ақырын баяндау және ақырын жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мәдениетін және оның жүйелілігін белсенді еске түсіру тәжірибесін арттырады.
Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (магнитофон арқылы ақырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап берсе) пайдаланады.
Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау жоспарын есте сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы байланысын орнататын материалдарды өндеу. Бұл жаңа термин- дермен жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін арттыра- ды. Жазылғандарды оқушылардың өзара тыңдауы және бағалауы - бұның бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін туғызады, ал тірек сигналдарды қолдану дайындық уақытын қысқартады (сабақта 20 минутқа дейін).
186
187
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын және жүйесін анықтап бөлу, жазбаша және ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белсенділігін арттырады.
Шаталовтың әдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендіре, қайталау жолымен есте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл үйде тірек сигналды оқулықтың сәйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын және басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап және т.б. қайталау түрлері және көптеген есеп шығару.
Осы әдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше манызды формасы - өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 беттен, 5- сыныпта 2 беттен, 6-сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар өзара жүргізеді.
Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30 - 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды.
Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының партасынан жалаушасы алынып, әрі қарай сұрау тоқталады. Мұның бәрі терең, тиянақты білігін қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.
Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар типтерінде де, олардың қиындық дәрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап етеді.
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету тәсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мәні мынада: күнделікті қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да) шығару.
Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет етпейтін (стандартты емес) есептерді (көп еңбектенуді де қажет етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың шығара алмайтыны алдын ала белгілі болса да, беруге болады (барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белсенді іс- әрекетті туғызады.
Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі. «Үйге тапсырма» сөзі «мынадай есептер шығаруды ұсынамыз» сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес, оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |