Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет60/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

тест. Бұл бесінші артық деп алып тастайтын сөздік вариант- тар түрінде құрылған тапсырмалардан тұрады. Осы әдіс арқылы зерттеулерден алынған нәтижелер тексерілушінің жалпылау немесе жекешелеу операцияларын іріктеу мүмкіндіктерін көрсетеді.

  • тест. Мұндай тапсырмада аналог бойынша ой қорыту. Бұларды орындау үшін тексерілушіге логикалық байланысты және түсініктер арасындаға қатынастықты таба білу керек.

  • тест. Бұл жалпылай білу мүмкіндігіне бағытталған. Оқушы тест тапсырмасына кірген қос ортақ біріктіретін түсінікті айта білуі тиіс.

    Бұл алынған тестер нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеттерінің даму деңгейі белгілі ұпайлар арқылы анықталып, жоғары, орта, төменгі деңгей болып үш топқа бөлінеді. Мұның нәтижесінде оқушылардың ойларының ұшқырлығы, таным қабілеттерінің жоғарылылығы байқалады. Ал келесі тапсырма оқу бағдарламасы бойынша құралды, яғни білім сапасының көрсеткіші анықталды.
    Күнделікті сабақ жоспарын жазуда сынып оқушыларының ерекшелігін ескере отырып, берілген оқу материалдарының ауыр, жеңілдігіне қарай топтап түрлендіру керек. Өйткені оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті. Бірыңғай тапсырмалар оқушыны жалықтырып жіберуі де мүмкін. Сондықтан оқушыны жалықтырмай, оған қажеттілік туғызатындай тапсырманы деңгейіне қарай саралап күрделендіріп отыруға болады.
    Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескере отырып, танымдық белсенділігін арттыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптастыруға жол ашу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұмыс істеуі керек. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру мақсатында әр түрлі шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру, мысалға: көріністі сурет бойынша, тірек сөздер арқылы, жоспар бойынша мазмұндама, шығарма жазу, мәтінді өңдеу, ертегі құрау, мәтіндегі берілген әңгіме басы, ортасы немесе соңы бойынша әңгіме құрау, мәтінді жалғастыру, т.б. тапсырмалар беруге болады. Мұндай жұмыстарды да топтардың ерекшелігіне сәйкес ыңғайлау қажет. Жұптық әдіс арқылы мықты мен әлсіз оқушы бірге отырып, жұмысты орындауы керек. Мұнда әлсіз оқушы өзіне деген сенімсіздіктен арылып,


    мықтысы өзінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекітеді. Мысалы, өлең мазмұнын әңгімелеп беруде немесе жазуда оқушы ерекшелігі ескеріледі. Бірінші топ өлең мазмұнын әңгімелеп жазып берсе, екінші топ ондағы тірек сөздер бойынша сөйлем құрайды.
    Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
    Бастауыш сынып мұғалімі әрдайым оқушы білімі мен оның жетістіктерін, кемшіліктерін, олардың себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар деңгейлеп-саралап оқыту барысында бастауыш сынып оқушылары да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, бастауыш сынып оқушылары оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады.
    Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.
    Мәселен, 3-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Зат есім» тақырыбын алайық. Бұрынғы дәстүрлі сабағымызда зат есім дегеніміз не, оның сұрақтары қандай, оның дара, күрделі түрі бар екеніне, жасалуына, деректі, дерексіз түріне мысал келтіріп, анықтамасын өзіміз айтып түсіндіретін едік. Оқушылар бейжай отырып тыңдайды. Содан соң кітаптағы жаттығуларды орындатумен шектелеміз. Қабілеті мол, шапшаң, дарынды балалар оны тез орындайды да әрі қарай бос отырады, ал үлгерімі төмен балалар кейбір жаттығуды жасап, кейбіріне шамасы жетпей отырады. Мұғалім қабылдауы тез, дарынды оқушыға әрі қарай іздендіретін, ойландыратын жұмыс беріп талпындыру жағдайын қарастырмайды. Ал профессор Ж.Қараев технологиясында Л.Выготскийдің «Оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы», «өзекті даму аймағынан», «жақын арадағы даму аймағына ауысуы» туралы теориясы басты негізге алынған. Мұнда, ең алдымен, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты тапсырмалар беріледі. Олар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріліп, оқушылардың дербестік қалпы мен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталған. Бұл оқушыларды жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді өздігінен қорытуға және анықтамаларды қарастыруға жетелейді.


    212


    213




    Оқушының жаңа тақырып бойынша игерген білім сапасы оның жеке басы қабілетінің даму мониторингі бойынша анықталады.
    Оқытудың бұл технологиясы оқушылардың өздігімен жүретін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылғанда; оқыту үдерісі - мәселелік және даму ұстанымдары бойынша жүргізілгенде; барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған жағдайларда оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтан да осы технология бойынша жұмыс жасауда оқушылардың, тіпті үзіліс кезінде де сабақтан бас алмайтындығын байқаймыз. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысады.
    Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы- мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
    Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
    Қазіргі заманғы педагогикалық технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
    Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің «оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуалды даму» аймағынан «жақын даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл


    деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - «міндетті, оқушылық», екінші - «алгоритмдік», үшінші - «эвристикалық», төртінші - «шығармашылық».
    Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
    Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болуы үшін
    а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
    б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
    в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
    Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдану керек. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлу қажет:

    1. сабақтың мазмұны,

    2. сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

    3. сабақтың нәтижелілігі.

    Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
    Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
    Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады.
    Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
    Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, бастауыш мектептің математика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады:
    І деңгейлі тапсырмаларға:

    • тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;

    • алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;

    • жаттап алуға лайықталған болуы керек.

    Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады.


    214


    215




    Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

    1. деңгейлі тапсырмаларға:

    • Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.

    • Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.

    Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар

    1. деңгейдегі тапсырмаларға:

    • Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптас- тырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемдігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген, өздігінен құрастыру және өздігімен шығаруға бағытталған, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

    • Әр түрлі әдіс, тәсілдермен орындалатын тапсырмалар

    • Танымдық - іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.

    Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
    Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
    1) Оқушылардың алған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар:
    Бірінші деңгей үшін - игерілгенді пысықтау мен қайталауға, жаттауға арналған.


    Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге оларды, тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
    Оқытудың осы деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жағдайында:

    • оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылып;

    • оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;

    • барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады.

    Сондықтан деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан ба- рынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады.
    Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған. Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
    Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі.
    Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде? Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау.
    Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді. Бұл нақты пән бойынша ең нашар үлгеретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні бойынша жоғарғы


    216


    217




    шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп болады.
    Нақтырақ айтсақ:
    Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша, ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді.
    Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.
    Қорыта келе, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері - оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет