Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
Дәстүрлі оқыту мен оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқытудың мақсаты мен міндетінің өзгеру кестесін толтықтырыңыз.
|
Дәстүрлі оқыту
|
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
|
Оқушы
|
білім мен дағдыны игереді;
т.б.
|
өзін-өзі дамыту және өзін- өзі жетілдіру
т.б.
|
Оқу үдерісі
|
тәжірибе мен білімді игеру;
т.б.
|
оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін-өзі жетілдіру;
т.б.
|
Нәтиже
|
тыныштықты, бір
қалыпты, жоспарлы
өмірге дайындау,
|
қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау;
т.б.
|
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы бойынша мақсаттары мен тәсілдерінің мәліметтер кесте сін толтырыңыз:
Кезеңдері
|
Шақыру
|
Іске асыру
|
Рефлексия
|
Мақсаты
|
-оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;
- т.б.
|
оқып үйренуші- мен жаңа білімді алу;
т.б.
|
- жаңа білімді беру;
-
|
304
305
Тәсілдері
| |
инсерт әдісі бойынша белгілеумен мәтін оқу
т.б.
|
Инсерт таңбалау кестесі;
т.б.
|
Нәтижелер
| | | |
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясында жиі қолданылатын стратегияларды сипаттаңыз:
Стратегия атауы
|
Мазмұны
|
Инсерт
|
|
Миға шабуыл
|
|
Топтық пікірталас
|
|
Үзілістермен оқу және Блум сұрақтары
|
|
Кластерлер
|
|
Синквейн
|
|
«Жетілдірілген дәріс»
|
|
Эссе
|
|
Басты терминдер
|
|
Шатастырылған логикалық
баулар
|
|
«Білемін - Білгім келеді - Білдім» кестесі
|
|
Өзара сұрақ
|
|
Ұсынылатын әдебиеттер:
Мирсеитова С. С. Словарь В\¥СТ - Алматы: Верена, 2005.
Стилл Д. Ж., Мередит К., Темпл Ч., Вальтер С. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы үшін дайындалған әдістемелік құрал. - Алматы, 1998.
Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни
306
ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген V құрал. - Алматы, 1998.
Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сабақтарды жоспарлау және бағалау. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген ^І-қүрал. - Алматы, 1998.
Темпл Ч. Стратегии для использования в любых предметных областях. - Алматы, Фонд ХХІ век, 2002.
Темпл Ч. Критическое мышление и критическая грамотность. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2005, том 6, №2.
Фостер К. Вводные вопросы для активизации критического мышления. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2004, том 5, №4.
Хербек Дж., Бейер К. Обучение критической грамотности: Как помочь будущим учителям осознать роль чтения и письма в раскрепощении личности. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2003, том 4, №4.
Дьяченко В. К. Новая дидактика. - М.: Народное образование, 2001.
Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технологиялары. Алматы, 2005.
Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.
Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007.
Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. - Ярославль:изд-во ЯГПУ им. К.Д.Ушинского, 2002.
Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998.
Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990 г.
307
ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖЕТІЛДІРУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру -
математикалық білім беру технологиясы
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математи- калық білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик П. М. Эрдинестің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалық, жұмыстың нәтижесінде өмірге келді.
П. М. Эрдниев «дидактикалық бірліктер» деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген.
Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.
Академиктер В. Журавлев, А. Маркушевич, т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, «ғасыр идеясы» деп таныған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.
Оқушының білімінің сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің рөлі зор.
Бүгін де дидактикалық бірліктерді ірілендіру жаңашылдық технология ретінде әр түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.
Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братек, т.б. қалаларының тәжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т Қ. Оспановтың жетекшілігімен жазылған «Математика» оқу- лықтары осы теорияға негізделген.
Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операция- ларды қатар оқыту.
Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.
Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.
Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы «қосу мен азайту», «көбейту мен бөлу» бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Біріншіден, бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден, ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.
Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы: Бірліктер түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу ойлау әрекетінің ішкі потенциалды резервтерін ашуға көмектеседі. П. К. Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі «кері байланыс» заңының іске қосылуымен тиімді.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару «кері есеп» ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П. К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты.
Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.
Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. «Математикадағы басты нәрсе-ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу». Кез келген тура е септі кері есепке айналдыруда бір сан екі рөлде болады.
Бірінші жағдайда екі санның қосындысы, көбейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді қызметін атқарады.
Жаңа буын оқулықтарында бес түрлі: қосындыны табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кем санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын
308
309
есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.
«Кері есеп» ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады.
Столда 5 кітап бар, ал портфельдегі кітаптардың 3-еуі артық. Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па, кем бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы кітаптың одан 3-еуі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдынғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады.
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана «кері есеп» ұғымы енгізіледі.
Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. - Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.
Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998.
Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990 г.
Достарыңызбен бөлісу: |