Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет77/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Бұл кезең - оқу міндеттерін (ОМ) қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй тапсырамасын тексеру барысының орнына алынған бұл кезең іштей екі құрылымға бөлінеді.
Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы өзектендіріледі.
Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдын ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын,


бірдей мәреге жеткізетін тетік сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.
Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау.
Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет бұруына жағдай жасайды-дағы, жаңа тақырыпты танып- білу мотивациясын қалайды.
Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сұрақ қойылады немесе тәжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады?
Өйткені оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес, Шындығында, бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткен мен әлі өтілген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады.
Проблемалық жағдаяттар туғызу - сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сәттің айқын өтілуіне үлкен мән бере қарау керек. Өйткені басты тетік осы проблемалық жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырыптың сәтті меңгертілуі осы түйінделген проблемалық, жағдаяттың қалай және қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты.
Мұғалімге біз бұл сәтті былайша түсіндірер едік. Оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу сәтін мұғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек.
Оқушылардың осы сәтті сезінуі мұғалімге олардың таңғалысымен, кез болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен танылады. Мұндай ерекше сәтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі сол пәннің ішкі заңдылықтарын тауып ала білуі керек және мұғалім сол сәтті өзінің эмоционалдығын қоса жұмсауы керек.
Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. Ізденімпаздық қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады.
ХХІ ғасыр Педагогикалық технологияның бір түрі - сын тұрғысынан дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға қойылады.
Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен


322


323




тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей жағдайда болуы керек. Содан барып оның білім алуға ынта-ықыласы артып, әрекеттенеді.
Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эдьконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.
Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек үйымдастырушы-бағыттаушы. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын. Пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Жауаптары тыңдалады. Әрине, жауап үнемі дұрыс бола бермес.
Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі - сынып оқушыларын жақсы-жаман деп бөлмей, олардың жетілуі, дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
Әр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Мұғалім мен оқушының арасында жақсы қарым-қатынас туады. Ол үшін баланың жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесін ептеп түзету керек. Сын тұрғысынан дамыта оқыту сынақ емес, ой-өрісті шыңдау.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек.
Еліміздің қоғамның экономикалык, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтертетін, қарасатын, денсаулығы мықты азаматты тәрбиелеп шығару - мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі тандағы басты міндеті.
Сондықтан мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу. Оны өсіру. Әр оқушыдан қабілетін танып-біліп, дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз - қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі адамдардың, ал педагогиакалық технология - педагогика-


лық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем. Байланыстардың әдістердің, құралдардың жиынтығы.
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оның практикада пайдалану шарттарын білуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет