Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Қазақстан Республикасындағы



бет10/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

2.4

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат және оған әсер етуші факторлар

Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты дайындау шетел инвес- тицияларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеттері болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвестицияларына әсер ететін факторларды анықтауға; екіншіден, мемлекеттегі жағдайларды тереңірек бағалауға; үшіншіден, шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық климат мемлекеттік, аймақтық, салалық инвестициялық қызмет жағдайларын анықтайтын нормативтік- кұқықтық актілер, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және тағы басқа да бір-бірімен байланысты факторлар әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірқатар көрсеткіштер арқылы бағалауға болады, олар:

  • экономикалық жағдай;

  • банк жүйесінің тұрақтылығы;

  • саяси тұрақтылық;

  • табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;

  • инвестициялық қызметтің құқықтық реттеу дәрежесі және нормативтік-құқықтық актілердің болуы;

  • инфляция қарқыны;

  • сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі;

  • білікті жұмыс күшінің болуы;

  • мемлекеттік нарық әлеуетінің сипаты;

  • нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы.

Шетелдік инвесторлар осы көрсеткіштерді бағалап мемлекет- тегі инвестициялық климатты жағымды немесе жағымсыз екендігін анықтайды. Егер инвестициялық климат жағымды болса, инвестиция бойынша шешім қабылдайды.
Инвестициялық климат инвестициялық саясаттың әсер ету объектісі болып табылады. Бұл бір жағынан инвестициялық саясатты жасау үшін алғашқы жағдайларды анықтаса, ал екінші жағынан инвестициялық саясаттың нәтижесі болып табылады.
Шетелдік капиталды импорттайтын елдер инвестицияны белгілі бір себепке байланысты қажет етеді:

  • елдің экономикалық дамуын қаржыландыруда қаражат жетпеушілігі мен халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеру үшін қажет етеді;

  • аймақтық шаруашылық құрылымдарды жетілдіру және жаңа техника мен технологияларды алу, бәсекеге қабі- леттілікті көтеру үшін тартады.

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климатты келесідей факторлармен сипаттауға болады:
Саяси фактор – мемлекеттік саясат, халыкаралық келісімдер, заңнамалық және атқару құрылымдарының тұрақтылығы мен мемлекеттің экономикаға қатысу деңгейі.
Қаржы-экономикалық фактор – экономиканың жалпы жағ- дайы, валюта-қаржылық және несие жүйелерінің жағдайы, кедендік төлемдер мен жұмыс күшін пайдалану деңгейі.
Әлеуметтік фактор – әлеуметтік даулардың болуы, елдегі қылмыстық жағдай және халықтың өмір сүру деңгейі.
Инвестициялық климаттың факторлары жағымды және жағымсыз болып бөлінеді
Жағымды факторлар:

  • табиғи ресурстарға оңай қол жеткізу:

  • елдің тиімді геостратегиялық орналасуы;

  • қаржы-экономикалық трансформациялау бойынша ТМД елдері үшін де жетекші рөл атқаруы:

  • нарықтың жоғары мүмкіндіктері:

  • елдің сыртқы саясаты.

Жағымсыз факторлар:

  • инвестиция тарту тетігі;

  • инвестициялау тәуекелділігі.

Қазіргі кездегі мемлекеттің табыстылығы мен бәсеке қабі- леттілігін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі инвестиция- лық климат болып табылады. Мемлекеттердің шетелдік инвес- тицияларды тарту құқығына бәсекелестік күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері мен ерекшеліктері және тағы сол сияқты елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндіктерке ие болады. Сонымен бірге, инвестициялық климатты айқындайтын басты факторлардың бірі салық және кеден режимдері болып табылады.
ҚР-ның салық және кеден режимдері Қазақстанның эконо- микасына инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл ретте Қазақстан Үкіметі республика экономикасының шикізаттық емес секторына сыртқы да, ішкі де инвестицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті алғышарт- тарды жасады.
Қазақстан Үкіметі басымдықтарының бірі Дүниежүзілік сау- да ұйымына кіру болып табылды. 2015 жылғы 27 шілдеде ДСҰ- ның Бас кеңесінің отырысында ҚР-дың ДСҰ-ға кіруі жөніндегі құжаттар пакетін ұйымның барлық мүшелері қабылдады және Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамаға қол қою рәсімі болды.
Қазақстан 2015 жылғы 30 қарашада ҚР Парламенті міндетте- мелер пакетін ратификациялағаннан соң, ДСҰ-ның 162-ші мү- шесі болды.
Бұл ұйымға қатысу Қазақстанның инвестициялық жағдайын анағұрлым тартымды етуге мүмкіндік туғызды. Осыған байла- нысты, Қазақстан Республикасының Кеден кодексі ДСҰ-ның кедендік рәсімдерін оңайлату жөніндегі конвенцияның негізінде жасалғандықтан, ол ДСҰ-ның негізгі талаптарына жауап береді. Сонымен қатар, кеден заңнамасын ДСҰ Келісімінің кедендік бағалау жөніндегі нормаларына одан әрі сәйкес, сондай-ақ шыққан елі белгіленбеген тауарлар бойынша импорттық кеден баждары мөлшерлемелерін екі есе мөлшерде төлету тәжірибесін алып тастауға қатысты ДСҰ ұсынатын талаптарға сәйкес жасау қажет. Осы мақсат үшін Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеп, ҚР-ның кеден заңнамасына өзгертулер жасады. Бұл заң кеден органдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізуге, ҚР-ның кеден заңнамасын Қазақстан- ның негізгі серіктес мемлекеттерінің заңнамасымен үйлестіруге бағытталды.
Бұдан басқа, сенімділік және кедендік рәсімдеу үдерісін тездету, бақылау сапасын арттыру, жүктерге рұқсат етілмеген кідіртулерді төмендету, бөгде салымдарды анықтау, кедендік бақылау тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында түрлі контейнерлерді жабық күйінде тексеру үшін Қаржы министрлігі инспекциялық тексеру кешендерін орнатты.
Осы жүйелер, негізінен, кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуде бақылау тиімділігін арттыру, сондай-ақ кедендік бақылау жүргізу кезінде «адам факторын» мүмкіндігінше қос- пауға арналған.
Сондай-ақ, автомобильдермен жүк тасымалдау, тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату саласында қазіргі заманғы техникалық, кедендік бақылау құрал- дарын енгізу жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді.
Жүктерді тексеруден өткізу рәсімдерін оңайлатуға, тексеру- ден өткізу уақытын азайтуға, сыртқы сауда айналымының
деңгейін және еліміздің бюджетіне түсетін түсімдер сомасын арттыруға мүмкіндік берді.
Қаржы министрлігі инвестициялық климатты жақсартуға барлық қажет күшін салуда, бұл Елбасымыздың алға қойған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мәселесін орындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет