Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



бет11/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты – эко- номиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық климат жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өнді- рістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыруға, соңдай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру бо- лып табылады.
Сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестиция- лық преференциялар беру болып табылады. Инвестициялық преференциялар дегеніміз – ҚР-сында инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңды тұлғаларға ҚР-ның заңдарына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтары. Келісім-шарт жасасу арқылы келесідей инвестициялық пре-
ференциялардың түрлері қалыптасқан:

  • инвестициялық салықтық преференциялар;

  • кеден баждарын салудан босату;

  • мемлекеттік мүліктік гранттар.

Инвестициялық преференциялар қызметтің басым түрлеріне беріледі, олардың тізбесін экономикалық қызмет түрлерін жал- пы жіктелінуі деңгейінде ҚР-ның Үкіметі бекітеді. Үкімет кыз- меттің әрбір басым түрі бойынша инвестициялардың ең жоғары көлемін және инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін бекітеді, бұл ретте инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган береді.
Инвестициялардың белгіленген ең жоғарғы көлемінен олар асырылып жіберілген жағдайда, қолданылатын инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдері ҚР-сы Үкіметінің тиісті шешімін кабылдау жолымен белгіленеді. Ин- вестициялық преференциялар инвестициялық жобаның атқа-
рылуын жүзеге асыратын ҚР-ның заңды тұлғасымен келісім- шарт жасасу арқылы беріледі.
Инвестициялық салықтық преференциялар әрбір жекелеген жағдайда қызмет түрлеріне және тіркелген активтерге салына- тын инвестициялардың көлеміне байланысты белгіленген мер- зімге беріледі. Оның қолданылу уақыты ҚР-ның Салық Кодек- сіне сәйкес келісім-шартта белгіленеді. Заңды тұлға жүзеге асыратын, арнаулы салық режимі қолданылатын қызметке, ҚР- ның заңды тұлғасына мемлекеттік мүліктік грант түрінде берілген тіркелген активтерге, сондай-ақ жер қойнауын пайда- лануға арналған келісім-шарттар бойынша қызметке қатысты инвестициялық салықтық преференциялар берілмейді.
Кеден баждарын салудан босату инвестициялық жобаны іс- ке асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен олардың жиынтық- таушы мүліктерінің импорты кезінде ұсынылады. Ол келісім- шарттың қолданыс мерзіміне, келісім-шарт тіркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзімге ұсынылады. Қабылданған шешім туралы хабарламаны уәкілетті орган 5 жұмыс күні ішінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
Мемлекеттік мүліктік гранттарды заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті және жер ресур- старын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша инвестициялық міндеттемелер келісім-шартқа сәйкес орындал- ған жағдайда, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен береді. Ұсынылған мемлекеттік мүліктік грантты меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін уәкілетті органның шешімі негіз болады. Мемлекеттік мүліктік гранттар ретінде: жер учаскелері, ғимараттар, құры- лыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшей- тін және реттейтін құралдар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары берілуі мүмкін.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанға маңызды қаржылық
ресустардың көлемі тартылды және экономика салаларында инвестициялық табыс үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
1994-2019 жылдар аралығында мемлекеттің экономикасына
265 млрд доллар сомасында тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Шетелдік инвестициялардың тартылуының алғы- шарты ретінде құрылымдық инвестициялық саясатты жетілдіру мақсатында 1997 жылы 2 маңызды заң қабылданған болатын:

  • «Тікелей инвесторларды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы;

  • «Сыртқы қарыз алу мен басқару туралы» ҚР Заңы.

Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту үлесі бойынша шамамен 70%-ды құрайды. Ал, ТМД елдері арасында көш басында келеді. Осыған байланысты Қазақ- стандағы инвестициялық климатты жақсы деп есептеуге болады. Еліміздің инвестициялық климатын жақсарту, оны насихат- тау мақсатында іскер топ өкілдерінің сапарларын, екі жақты кез- десулер, бизнес-форумдар және ынтимақтастықтың өзара тиімді
басқа да шараларын ұйымдастырып отыруға мән беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет